Қазақ халқы - рухани дуниеге, қазынаға бай халық



Маржан сөз

Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқы-рухани дуниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өсиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ерекшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі-қазақтың мақал-мәтелдерін одан әрі дамыту.

Тәжірбиелік кезең:
Мақалдар мен мәтелдердің дуниетанымдылық табиғатының күрделілігі оның көлемі мен қолдану аясының кеңдігінде ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне, тәжірбие кезінен сұрыпталып өткен сұлу мүсіні мен ой маржандарының тазалығында жатыр.

Өзектілігі:
Мақалдар мен мәтелдердің дүниетанымдылық табиғатының күрделілігі оның көлемі мен қолдану аясының кеңдігінде ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың ми қызнасына құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне, тәжірбие тезінен сұрыпталып өткен сұлу мүсіні мен ой маржандарының тазалығында жатыр.

Мақал-мәтелдер- айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы. Олар ұстаздық, тәрбиелік рөл атқарады. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа, әрі тұжырымды болады. Сөздері бейнелі, орынды қолданады. Мақал-мәтелдерден халықтың тіл байлығы көрінеді. Бай сөздік қорымыздың ұрпақтан-ұрпаққа шашауы төгілмей жетуі-халықтың ауызекі сөйлеу шешендігінің көрінісі.

Адамның жан-дүниесінің тілдегі көрінісі мақал-мәтелдерде жақын бейнеленген. Одан халықтың ой-санасы, дүниеге көз қарасы, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағымен, ықшамдаулығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойы тәжірбиесі негізінен де пікір айтылады.

Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызуы, шебер беруге тырысады. Сөйтіп, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, қорытып береді.

Мақал-мәтелдерде оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның жақсы-жаман қасиеттері, елін сүю, ата-ананы құрметтеутәрізді мінездері өнегелі сөз болады.

«Алтын ұя тапқан әйелді ханым десе болмас па, Аға деген жігітті жаным десе болмас па?»
Бірінші жолда, әйел затының алғашқы міндеті - дүниеге ұрпақ әкелу десек те, бірнеше баланы бағу, қатарға қосу оңай іс емес, сондықтан сәбиді дүниеге әкелген әйелге жылы сөздің қайсысы да лайық екендігін меңзейді. Ал үлкенді сыйлаған «аға» деп, кішіпейілдік танытқан ер азаматқа кім жетсін?


Мақал-мәтелдердің тақырыптары да әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірінің бар саласын қамтиды. Шаруашылық кәсіпке, тіршілік тұрмысқа байланысты мақал-мәтелдерде төрт-түлік малға, егіншілікке, аңшылыққа, қолөнерге байланысты тәжірбиелер жинақталып, қорытылып берілген. Мысалға: «Қойдың сүті қорғасын, қойды соққан оңбасын».

Отанды сүю, ерлік тақырыбында: «Ерлік тәрбиеден туады», «Елін сүйген ер болады» мақалдары ел қорғаны үлгі етеді.

Мақал-мәтелдер ойды кейіптеу, теңеу арқылы жақсы беріледі. Олар- халықтың өмірден түйген, жинақтаған тәжірбиесінің түйіні. Мұнда халықтың дүниетанымы мен даналдығын көруге болады. Сондықтан да мақал-мәтел - даналық көзі, тәрбие қазығы.

Бұл жағынан келгенде, яғни құрамындағы сөздердің тұрақты болуы, дайын тілдік құбылыс ретінде қолданылуы және ойға әсерлі де әсем, көрікті де көркем мән үстеуі жағынан, макал-мәтелдер тұрақты тіркестерге жақын болып келеді.

Мақалдарда ой түйінді пікір, өсиет, ереже тәрізді көбіне ауыс, астарлы мәнде тұжырымдалып айтылады.
Мысалы: Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
Еменнің иілгені - сынғаны.
Жақсыдан шарапат, жаманннан кесапат.

Мәтелдерде негізгі айтылатын ой-пікір жанамалап, сілтеме - ишара түрінде беріледі.
Мысалы: Күш атасын танымас.
Айласыз батыр алдырар.
Нар тәуекел - ер ісі.
Ер есімі - ел есінде.


Мақал - мәтелдердің өзара айырмашылығы. Мақал-мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мен ерекшеліктер мақал-мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады.

Мақал мен мәтелдер де әр түрлі дәуірдегі нақты өмір шындығына, халықтың ерте кездегі ұғымына, ой-санасына сай келіп отырады. Мақал-мәтелдер фразеологизмдер сияқты құрамын сақтап қолданылады, олардың сөздерінің орнын ауыстыруға болмайды. Олар қай тұрғыда болсын, я морфологиялық, я синтаксистік тұрғыда болсын, өзгеріссіз, даяр күйінде қолданылады. Мысалы, «Аздың қадірін білмеген, көптің қадірін қайтіп білер» деген мақалда құрамындағы жеке сөздердің берер мағынасы сөз болып отырған жоқ, түгел бір мақалдың тұтас мәні сөз болып тұр.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz