Өсімдіктерді клондық микрокөбейту: in vitro әдістері мен кезеңдері


Slide 1

Тақырыбы: Өсімдіктерді клондық микрокөбейту.

Қабылдаған: Искакова К. М

Орындаған: Жарылқасын Н. Т

Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Slide 2

Өсімдіктің жеке клеткасы жасанды ортада өздігінене дами алады. Мұндай тәжірибені алғашқы рет 1902 жылы Габерлант жүргізді, ал 1930 жылы Уайт оқшауланған тамырларды жасанды ортада өсіріп, олардың дамуын байқады. Осы әдіспен сәбіз тамырынан бөліп алған бөліктерді жасанды стирильді ортада жетілдіру арқылы каллус ұлпасы өсірілді. Каллус тек біріңғай паренхима клеткаларынан тұрады. Бұл факторлардың әсерімен каллус дифференциацияланып, одан әрі түрлі тканьдер пайда болады. Каллусты өсіру арқылы клеткалардың өсуіне, дамуына қажетті қоректік заттар, витаминдер мен гармондардың әсерлері зерттеледі.

Slide 3

Өсімдіктердің клондық микрокөбеюі деген өсімдіктердің in vitro жағдайында жыныссыз жолмен көбеюі. Соның нәтижесінде пайда болған өсімдіктер бастапқы өсімдікпен және өзара бір бірімен генетикалық тұрғыда айнымастай бірдей болады.

Slide 4

Клондық микрокөбейту 4 этаптан өтеді:

1-ЭТАП. Эксплантты in vitro жағдайында өсіру.

2-ЭТАП. Микрокобейту.

3-ЭТАП. Өсімдіктерді тамырландыру және оларды сақтау.

4-ЭТАП. Өсімдіктерді топыраққа отырғызу.

Slide 5

1-ЭТАП. Эксплантты in vitro жағдайында өсіру.

Бұл кезде толығымен залалсызданған эксплантты алып, лайықты қоректі ортаға отырғызып, оның жақсы өсуіне қолайлы жағдай туғызу керек. Бұл этаптың нәтижелілігі эксплантты дұрыс таңдап алуға байланысты. Ол үшін донор өсімдіктің әр даму кезеңінде ұлпаларынан немесе мүшелерінен экспланттар алынып, олардың in vitro жағдайында өсу және морфогенездік қабілеттерін зерттейді.

Slide 6

2-ЭТАП. Микрокобейту.

Өркендердің пайда болуы және олардың санын көбейту.

Slide 7

3-ЭТАП. Өсімдіктерді тамырландыру және оларды сақтау.

Жақсы тамыр жүйесі пайда болуына және дамуына жағдай туғызу. Ол үшін қоректік ортаға ризогендік фактор, яғни ауксин қосылады. Тамырлар өсіп, жетілген соң өсімдіктерді топыраққа көшіруге дайындайды немесе салқын жерге қояды.

Slide 8

4-ЭТАП. Өсімдіктерді топыраққа отырғызу.

Өсімдіктерді топыраққа отырғызу алдында оларды арнайы дайындайды. Сол үшін ауаның ылғалдылығы және жарықтың қарқындылығын арттырады. Бұл ұқыптылықты талап ететін ең маңызды этап. Осы этапта өте сақ болу керек, себебі өсімдіктердің көбі бейімделе алмай, шығын болуы мүмкін.

Slide 9 Slide 10

Қорытынды

Клондық микрокөбейту нәтижесі өсімдіктің генотипіне, жасына, экспланттың тегіне, қоректік ортаға, өсіру жағдайларына байланысты. Бұл әдіс қымбат және көп еңбекті қажет етеді, сондықтан ол әзірше селекциялық жұмыстарда қолданылады және басқа жолдармен көбеймейтін өсімдіктерді көбейту үшін пайдаланылады. Сонымен бірге бұл әдіс лабороториялық деңгейінде екі жарым мыңдай өсімдік түрлеріне дайындалған, ал өндірістік технология ретінде біртіндеп өріс алып келеді.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Валиханова Г. Ж Биотехнология растении. Алматы-1996ж

2. Бутенко Р. Г Биология клеток высшых растении in vitro и биотехнологии на их основе. М. ФБК-ПРЕСС, 1999

3. Шевелуха В. С и др. Сельскохозяиственнвя биотехнология. М., Вышая школа, 1998.


Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді клондық микрокөбейту және сауықтыру әдістері
Апикальдық меристеманы in vitro өсіру және өсімдіктерді вирустардан сауықтыру әдістері
Өсімдіктерді in vitro өсіру: каллусогенез, өсіру шарттары және биотехнологиялық қолданылуы
In vitro жасуша культурасы: тарихы, әдістері және практикалық қағидалар
Гаметалар мен эмбриондарды бағалау және селекция: in vitro культивация әдістері мен даму морфофизиологиясы
Қазақстандағы жабайы таңқурай (Rubus idaeus L.) және қара қарақат (Ribes nigrum L., R. meyeri, R. hispidulum) түрлерінің in vitro өсу және меристемалық микрокөбейту ерекшеліктері
Каллус клеткаларын алу және in vitro өсіру: өсімдік ұлпаларын культивациялау әдістері мен морфогенез негіздері
Гаплоидтық технология: микроспоралар мен аналық гаметофиттің in vitro дамуы және селекциядағы қолданылуы
Өсімдік клеткаларын in vitro өсіру: қоректік орталар, әдістер және өсу шарттары
Өсімдік жасушаларын in vitro өсіру және биологиялық белсенді қосылыстардың синтезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz