Девиантты мінез - құлық


Slide 1

Девиация

Slide 2

Девиация

(латынның “deviatio” тыңдамау, ауытқу деген сөзінен шыққан) баланың қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауы дегенді білдіреді.

Девиантты мінез-құлық, ауытқыған мінез-құлық, бейәлеуметтік мінез-құлық түсініктері синонимдер болып табылады.

Slide 3

Девиация бірнеше типтен тұрады:

Slide 4

Девиантты мінез-құлық

Slide 5

Делинквентті мінез-құлық

Slide 6

Криминалды мінез-құлық -

заң бұзушылық

Slide 7

Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторлары:

- өзін-өзі басқарудың төменділігі;

әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;

ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;

физикалық жазалау;

отбасының құлдырауы, жанұяда берекенің болмауы;

ерте ішімдікке салыну, таксикомания, нашақорлық;

әлеуметтік қанағатсыздану;

асоциальды топтарға қосылу.

• ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;

• тәрбие берудегі кемшіліктер;

• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмауы;

• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары.

Slide 8

Девиантты мінез-құлықтың қалыптасу кезеңдері:

Бірінші кезең:

Slide 9

Екінші кезең:

Slide 10

Үшінші кезең:

Slide 11

Төртінші кезең:

Slide 12

Бесінші кезең:

Slide 13

Жасөспірім он үш жасқа келгеннен кейін оларда өзгерістер байқалады. Бұл жас өте тынымсыз, ең қиын (ұшқалақ шақ. Мінез-құлқында өзгерістер болады. Осындай сәтте ата-ана, мұғалім бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына күш салуы керек. Бұл жағдайда мұғалім және ата-ана бала мінез-құлқы мен темпераментін білуі қажет. Себебі жасөспірімдердің осы «өтпелі кезеңде өздеріне қол жұмсап (суицид, өмірден түңілулері көбейеді. Оның себептері өзіне назар аударту, мүсіркеушілік тудырту, жанұядағы кикілжіңнен қашу, мұғалім достарымен келіспеушілік, сыныптастарының оны қатардан бөліп тастауы, оны менсінбеу, достарының болмауы, тест жұмысын ҰБТ тапсыра алмауы, жауапсыз махаббат, өзін ренжіткендерді кінәлі етіп көрсету, психологиялық ауытқу. Ұлдар мен қыздардың мінез-құлқына талдау жасаған кезде психикасы мен іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді ескеру қажет. Ұлдардың жүрген жері әрқашан шу болатыны белгілі, бұл олардың тәртіпті жиі бұзатындығынан деп ойлауға болмайды. Қыздар бойында жағымсыз қасиеттер көбіне жасырын сипатта болады. «Қиын ұлдар мен «қиын қыздарды салыстырғанда ұлдар тынышсыз болғанмен, »қиын қыздар одан да «қиындау болады.

Slide 14

Девиантты мінез-құлықты көбіне жасөспірімдер арасында кездестіреміз. Себебі жасөспірімдік кезең - ең қиын, әр түрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады. Жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы - бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау

Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық - ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу - жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз. Жасөспірімдік шақта балалардың қызығушылығы арта түседі, әлде бірдеңеге бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, өзінің өмір жолына көз жіберіп, ой елегінен өткізуге тырысады, оқудың мәнін, мақсатын түсініп, ұжымдағы өз орнын білгісі келеді. Жасөспірімдер мен жастардың жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген ниеттің жоқ болуы.

Slide 15

Көмек қажет ететін балаларға психологиялық қолдау көрсету

Оқушылардың жеке тұлғасын және сынып ұжымын зерттеу

Оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттерін анықтау

Алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, диагностика әдістерін таңдау

Балалардың үлкендермен құрдастарымен қарым қатынасын зерттеу

Баланың ортада бейімделуіне талдау жасау

Психолог

Slide 16

Оқушылардың девиантты және делинквентті

мінез-құлықтардың алдын алу жұмысының бағыты

Диагностика

Slide 17

Социометрия

Адаптация

Қарым-қатынас деңгейіңіз?

Эмоциялық тесті

Мазасыздану деңгейі

Отбасындағы ахуал

Темперамент

Өзін-өзі бағалау

Диагностика

Slide 18

“Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген өнеге” Ж. Аймауытов

Slide 19

Оқушылардың девиантты және делинквентті мінез-құлықтардың алдын алуда бірлескен жұмыс:

Slide 20

Ата-аналардың балаларға қатал

қарым- қатынасының түрлері

“Шектен тыс назарға алынатын бала”

“Жеке жағдайларда ғана балаға назар аудару”

“Әкелік және аналық дағдылардың қалыптаспауы”

“Ата-ананың білім дәрежесі”

“Үйдегі шексіз қатал тәрбие”

“Сыртқы дүниеден бөліп ұстау”

“Отбасылық таптаурын көзқарастар”

Slide 21 Slide 22

Жүргізілетін жұмыс түрлері

Ата-анамен және жанұя мүшелерімен қарым-қатынас орнықтыру

Отбасы тәрбиесінің дамуы мен жүргізілу барысын бақылау

Отбасы мүшелерінің бала өміріне ықпалын анықтау

Бала тәрбиесіне аралық түзету енгізу, бақылау

Отбасындағы оң негізде байқалған қозғалысты анықтап, ата-аналарға қолдау көрсету

Ата-анамен бала арасына психологиялық көпір орнықтыру

Моральді, материалды және психологиялық көмек көрсету.

Жеке жұмыстар жүргізу (әңгіме, сауалнама, кеңес т. б)

Slide 23

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс.

Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтар түсініктерін тереңдетіп, тренингтер, кеңес өткізу;

ата-аналарға тақырыптық кеңестер, тернингтер жүргізіп, мәдениетін көтеру;

ата-аналармен байланысты нығайтып, бірлескен екі жақты ықпал ету;

• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

• салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

• балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыру;

Slide 24
Ұқсас жұмыстар
ҰЛЫҚБҮБІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ
Девиантты мінез
Девиантты мінез - құлық ұғымы
Девиантты мінез - құлықты балалармен педагогикалық жұмыс жайлы ақпарат
Девиантты мінез - құлықтың себептері
Девиацияның формалары
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕВИАЦИЯ
Девиантты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс
Девиантты мінез - құлық психологиясына қысқаша сипаттама
“Девиантты мінез-құлықты баллармен педагогикалық жұмыс”
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz