Бұлшықет тінінің түрлері


Slide 1

Бұлшық ет жиырылуының биомеханикасы. Жылжымалы жіптер моделі.

Slide 2

Жоспар:

1. Бұлшық ет биомеханикасы

2. Бұлшықет тінінің түрлері

3. Бұлшықеттің физиологиялық қасиетттері.

4. Қозуды өткізу жылдамдығы.

5. Бұлшықеттің жиырылуы мен босаңсуы туралы қазіргі ілім.

6. Еттің қажуы.

7. Хиллдің үш компонентті моделі

Slide 3

Бұлшық ет биомеханикасы

Бұлшық ет бір мезгілде серпімді және тұтқыр біртұтас орта болып табылады., мұрдай орталар үшін классикалық механика заңдары сақталады. Біртұтас орталар механикасының фундаменталды түсініктеріне деформация кернеу, серпімділік тұтқырлық энергия мен температура жатады. а) серпімділік денелердің формасымен, өлшемдерінің күштердің әсеріне қарай өзгеру және күш әсері токтағанда өздігінен орнына келу қасиеті ә) тұтқырлық-ортаның ішкі үйкелісі б) серпімді-тұтқырлық қатты дененің материалдарының серпімділік пен тұтқырлықты бірлестіру қасиеті.

Slide 4

в) деформация -ұзындықтың салыстырмалы өзгеруі. έ= Δl/l мұндағы l- бастапқы ұзындық Δl-ұзару мәні оң немесе теріс г) механикалық кернеу δ -материал деформацияға ұшырағанлағы ішкі күштердің шамасы δ=F/S мұндағы F - стерженьгн таңылған күш, S -қима ауданы Серпімді деформация үшін Гук заңы дұрыс болыс табылады. δ =. έЕ мұндағы Е Юнг модулы, ол заттың табиғатына байланысты болады.

Slide 5

Бұлшықет тінінің түрлері:

1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті;

2. Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті;

3. Бірыңғай салалы бұлшықет.

Қаңқа бұлшықетінің қызметтері:

- адам дене қалпын сақтауға қатысады;

- дененің кеңестікте қозғалысын қамтамасыз етеді;

- дене бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы түрде қозғалысын қамтамасыз етеді;

- жылу көзі болып табылады (жылу реттеуге қатысады) .

Slide 6

Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері

1. Қозғыштық - бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап беруі;

2. Өткізгіштік - бұлшықет бойымен қозудың өтуі;

3. Жиырылу - бұл қозу кезінде ұзындығы немесе кернеуінің өзгеруі;

4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) - жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне келуі;

5. Автоматия - бұл тіннің сырттан тітіркендірусіз өзінде пайда болатын серпіністер арқылы қозуын айтамыз.

6. Пластикалық - бұл ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.

Slide 7

Қозуды өткізу жылдамдығы:

-көлденең жолақты қаңқа еті - 3, 5-14 м/сек;

-көлденең жолақты жүрек еті - 0, 5-1м/сек;

-бірыңғай салалы еттері- 0, 5мм - 5-10см/сек.

Slide 8

Бұлшықеттің жиырылу түрлері

I. Еттің жиырылуы белгілі бір жағдайға (тәуелділігіне) байланысты:

- изометриялық режим;

- изотониялық режим.

- ауксотониялық режим.

II. Сандық жағынан, олар:

- бұлшықеттің дара жиырылуы;

- жинақы бұлшықет жиырылуы: а) шала жинақталу;

б) толық жинақталу.

- тетанус (немесе сіреспе) : а) тісті тетанус;

б) тегіс (жайпақ) тетанус.

Slide 9

Еттің дара жиырылуы (ЕДЖ)

ЕДЖ - жеке импульс әсері нәтижесінде пайда болады.

1. Латенттік (жасырын) кезеңі - 0, 01 сек;

2. Жиырылу кезеңі - 0, 05 сек;

3. Босаңсу кезеңі - 0, 05-0, 06 сек.

Slide 10

Тетанус - бұл жиі 2 тітіркендіргішке бұлшықеттің ұзақ және күштірек жиырылып жауап беруі.

I. Тісті тетанус төменгі жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады

(10 - 20 Гц) .

II. Тегіс тетанус жоғары жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады (↑ 20 Гц) .

Slide 11

Тітіркендіргіш жиілігінің оптимумы мен пессимумы (Н. В. Введенский)

Slide 12

Оптимум - бұл ең жоғары тетанусты тудыратын тітіркендіргіш жиілігін (оптималды) айтамыз.

Пессимум - бұл төмен тетанус тудыратын ең жиі тітіркендіргішті айтамыз.

Slide 13

Саркомер құрылымы

Slide 14

Миозин жіпшелерімен оның көлденең көпіршелері

Slide 15

Актин жіпшелері

Slide 16

Электромеханикалық ұласу кескіні

Slide 17 Slide 18 Slide 19

Бұлшықеттің жиырылу механизмі

Тітіркендіру→ Әрекет потенциалының пайда болуы→ Оның жасуша мембранасы мен талшықтардың көлденең түтікшелері бойымен өтуі→ Саркоплазма ретикулум цистерналарынан Са2+ иондарының босап шығуы және олардың миофибриллдерге енуі→ Са2+ ионының тропонинмен байланысы→ Тропомиозиннің деформациясы→ Көлденең көпіршелердің белсенді актин орталықтарымен байланысы→ Актин жіпшелерінің жылжыуы, яғни миофибриллдер қысқарады→ Кальций насосының белсенуі→ Саркоплазмадағы бос Са2+ иондарының концентрациясының төмендеуі→ Көлденең көпіршелердің босауы→ Миофибриллдердің босаңсуы.

Slide 20

Қажу - бұл жасушалар мен мүшелердің немесе тұтас организмнің уақытша қызметінің төмендеуі. Демалыстан кейін қызметі қалыпына келеді.

,, Белсенді демалыс,, туралы түсінікті И. М. Сеченов енгізген.

Slide 21

Хиллдің үш компонентті моделі

Эластин - омыртқалылардың серпімді белогы негізінен артериялардың қабырғаларында кездеседі. Коллаген талшықты белок. Бұлшық еттің белоктарының 20%-ті коллаген. Коллаген сонымен қатар сіңірде, шеміршекте, сүйекте кездеседі. Егер де орта тұтқыр болса механикалық кернеу бb деформация жылдамдығымен dE/dt анықталады. бb = ήdE/dt мұндағы ή- ортаның тұтқырлық коэффициенті Тұтқыр серпімді деформация үшін деформация уақыт өту барысында өздігінен О-ге ұмтылады. Бұлшық ет - таза серпімді емес, таза тұтқыр да емес элемент, серпімді тұтқыр элемент болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Балалық шақта бұлшықет тінінің құрылымы
Шеміршек тіні
Тірек-қимыл жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері
Бұлшықет тінінің биохимиясы
Жүрек бұлшықет тінінің регенерациясының мүмкіндіктері
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы
Жасушалық регенерация
Бұлшықет тіндері
Бұлшықет жиырылу түрлері
Бас сүйектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz