Ауаның ылғалдылығын анықтау
Презентация қосу
Ауаның
ылғалдылығын
анықтау
Ауаның ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы - ауадағы су буының мөлшері; ауа райы
мен климаттың ең маңызды сипаттамаларының бірі.
Ауаның ылғалдылығы бірнеше өлшеммен сипатталады:
Абсолют ылғалдылығы
Салыстырмалы ылғалдылығы,
Ылғалдылықтың жеткіліксіздігі,
Су буының серпінділігі (миллибар немесе сынап бағанасындағы
мм-мен өлшенетін су буының қысымы),
Шық нүктесі,
Меншікті ылғалдылық,
Қоспалар қатынасы (су буы массасының сондай көлемдегі құрғақ
бу массасына қатынасы) сияқты шамалармен сипатталады.
Жер атмосферасындағы су буының бар екендiгiн сипаттайтын
шама ылғалдылық деп аталады. Ауаның ылғалдылық дәрежесін
сипаттау үшін салыстырмалы ылғалдылығы және абсолюттiк
ылғалдылық деген ұғым енгізіледі.
Берiлген жағдайдағы 1м3 ауа құрамындағы су буларының массасы
ауаның абсолюттiк ылғалдылығы f деп аталады.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ деп ауадағы су буының
қысымы p-ның атмосфералық температурадағы судың қаныққан
буының қысымы pk – ға қатынасына тең шаманы айтады. φ = (p/pk)· 100
%. pk шамасының мәндерi белгiлi сәйкес кестелерден анықталады.
Ауаның температурасы төмендеген сайын оның салыстырмалы
ылғалдылығы артады, себебi неғұрлым ауаның температурасы төмен
болса, соғұрлым су буы қанығуға жақындай түседi. Салыстырмалы
ылғалдықты өлшеу үшiн арнайы психрометр деп аталатын прибор
қолданылады.
Салқындату барысында (процесiнде) бұрын қанықпаған бу қаныққан
буға айналатын температура шық нүктесi деп аталады. Шық
нүктесiне тең температурада атмосферадағы су
буыконденсациялана бастайды. Тұман пайда болып, шық түседi, қатты
дене беттерi терлей бастайды.
Ауаның ылғалдылығы атмосферадағы су буы,
топырақтағы, өсімдіктегі және жалпы судың булауынан
пайда болады. Ауаның жер бетіне таяу қабаттарында
ылғалдылық мөлшері әр түрлі. Жер бетінен
қашықтаған сайын ылғал кеми береді, стратосферада
мүлдем жоққа жақын. Жоғары ендіктердің суық ауасы
мен шөлді аудандардың құрғақ ауасында ол бүкіл
массасының 0,2%-ына тең, экватор бойында 2,6%,
ыстық және ылғалды тропиктік ормандар тұсында 4%.
Ауаның ылғалдылығының жер бетіндегі органикалық
тіршілік үшін маңызы өте зор, себебі ол ағзалардың
өздерін қоршаған ортамен жылу алмасуын реттеп
отырады
Ауаның біркелкі ылғалдылығы адамның бір
қалыпты өмір сүруі мен қызмет етуіне қажетті
жағдай туғызады. Адам үшін неғұрлым қолайлы
болатын салыстырым. ылғалдық 40 - 60 %.
Тоқыма, кондитер және басқа өндірістердегі
процестердің дұрыс жүруі үшін белгілі бір
ылғалдық қажет. Ауа ылғалдылығын тудырушы
факторлар: қар, бұршақ, жаңбыр, қырау т.бТөменгі
салыстырмалы ылғалдылық (10%-20%) тез
ылғалдылықта буланудың әсерінен мұрын, өңеш,
өкпенің шырышты қабықтары кеуіп, салқын тиюге
және басқа аурулардың пайда болуына әкеп
соғады.
Ауаның ылғалдылығын психрометр немесе
гигрометр деген құралмен өлшейді.
Гигрометр Психрометр
Психрометр
Психрометр (гр: суық өлшеу)— ауаның абсолюттік
және салыстырмалы ылғалдылығы мен ылғалдықтың
жетіспеуін анықтайтын аспап. Бұл екі термометрден
тұрады: оның бірін құрғақ қалпында сақтайды да,
екіншісінің шарын дымқыл жағдайда ұстайды (суға
малған мәрлімен орап қояды). Ауа неғұрлым құрғақ
болса, дымқыл термометр (судың булануы салдарынан)
солғұрлым жылылықты тез жоғалтады, сондыңтан
құрғақ термометрмен салыстырғанда төмен
температураны көрсетеді. Екі термометрдің
температурасын білгеннен кейін арнаулы кесте арқылы
ауаның ылғалдығы анықталады.
Дереккөздер
1.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:
География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. —
264 бет.
2.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев,
Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-
қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
3.Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы,
1972, 1 том
4.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су
шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
5.Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей
редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата
филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр.
204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор
физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К.
Базарбаев.
6.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын
— Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz