Әлеуметтік топтар, қатынастар




Презентация қосу
ҚОҒАМ
Орындаған:Есенжол Мирас
Топ:109А
Факультет: Жалпы медицина
Тексерген: Абдукалимова Назкен Тілеубековна
ЖОСПАР:
1. Қоғам
2. Жалпы мағлұмат
3. Әлеуметтік топтар, қатынастар
4. Қоғам және Саясат
5. Түрлері
1. Бос уақыт қоғамы
2. Молшылық қоғамы
3. Тәуекел қоғамы
6. Дерек көздері
ҚОҒАМ
Қоғам - жалпы
мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі
бір аумақта тұратын және өздерін
біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін
адамдар тобы; тар
мағынасында бұрыннан немесе жақсы
танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым
әлеуметтанудағы ең маңызды
ұғымдардын бірі болып
табылатындығына қарамстан, оны
қолдану әсіресе оның екінші өзіндік
отбасылық, экономикалық және саяси
институттары мен анық шеқаралары бар
әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла
алатын мағынасында пайдалану
біркатар қиындықтар мен кикілжіндер
туғызып отыр.
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын.
Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға
немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса,
қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық
қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз
қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі
бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері
еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл
адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл
- әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым.
Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және
бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген
дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай
түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек
ететін жеке адамдардың жиынтығын
және олардың арасындағы екі жақты
қатынасты айтамыз. Біріншіден,
қоғам - адамның өмір сүру тәсілі.
Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам
жоқ. Екіншіден, қоғам жеке
адамдардан ғана тұрмайды, ол сол
жеке адамдардың өзара қатынасын
көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым
арқылы енеді. Ол сонымен қатар
бірнеше ұжымдардың мүшесі
болады (еңбек, партия, кәсіподак,,
т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың
ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР, ҚАТЫНАСТАР
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады.
Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық,
әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-
әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін,
олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу
қажет.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАС МЫНАДАЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН
СИПАТТАЛАДЫ:
Қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
Субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;

Қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар
сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір
сүреді.
Қоғамның материалдық
өндіріс саласындағы
қатынасы мен рухани
саласындағы қатынасын
ажырата білу керек. Біріншісі
қоғамның өмір сүруі мен
дамуына материалдық
жағдай жасайды, ал екіншісі
(идеологиялық, саяси,
құқықтық, имандылық т.б.) -
адамдардың рухани-мәдени
құндылықты жасаудағы
өзара байланыста-рының
нәтижесі. Сонымен қатар
материалдық және рухани
қатынастар ...
ҚОҒАМ ЖӘНЕ САЯСАТ
Қоғам және Саясат - саяси ғылым мен басқа да
әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара
диалектикалық байланысын білдіретін үғымдар.
Қоғам - қатынастардың және адамдар
арасындағы өзара байланыстардың тұтас
жүйесі. Оның қүрамдас бөліктері болып күрделі
ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе
қоғамдық өмірдің мына салалары болып
табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси,
рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам
өмірінің әртүрлі салаларында адамдар¬дың
өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады.
ТҮРЛЕРІ
Бос уақыт Тәуекел қоғамы
қоғамы

Молшылық қоғамы
Бос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын
қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің
ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос
уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.
Молшылық қоғамы - 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық
дефицит және қамтамасыздандырылмағандық негізінен
женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен»
(мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ
жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға
көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің
ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз
етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.
Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы
тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің
өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен
жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы,
ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша).
ДЕРЕК КӨЗДЕРІ
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік:
Әлеуметтану және саясаттану бойынша /
Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д.,
профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ.
2006. - 569 б.
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік стратификация - әлеуметтанудың орталық тақырыбы
Әлеуметтік құрылым және стартификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
Саяси жүйе түсінігі
Әлеуметтік топтардың жіктелуі
Әлеуметтік топ түсінігіне анықтама
Социология ғылымы және оның құрылымы
Саясат
Құқықтық қатынастар ұғымы, олардың белгілері
Ұлтаралық қарым - қатынас
Әлеуметтік институттар
Пәндер