Медициналық жабдықтар



Медициналық аппараттар мен құралдардың классификациясы
Орындаған:Есенжол. М. Е
Топ:109А жалпы медицина
Тексерген:Нұрбекова. А. Ж

Жоспар:
Медициналық жабдықтар
Хирургиялық құралдар
Дереккөздер

Медициналық жабдықтар
Медициналық жабдықтар - ауруларды емдеу-диагностикалық іс-шаралар барысында, сонымен қатар оларды күтіп-баптауда емделушілер мен медицина қызметшілерін оңтайлы жағдаймен қамтамасыз етуге арналған медициналық техникалық бұйымдар.

Мазмұны
1. Емдеу және тексеру іс-шаралары кезінде қолданылатын жабдықтар
1. 1 Ауруларды тасымалдайтын жабдықтар
1. 2Медициналық төсек
1. 3Үстелдер мен креслолар
2. Емдеу және тексеру іс-шараларын жүргізетін жабдықтар
2. 1Шаруашылық жабдықтары
3. Медициналық жабдықтар күтімі

Емдеу және тексеру іс-шаралары кезінде қолданылатын жабдықтар

Ауруларды тасымалдайтын жабдықтар
Әр түрлі тұрпатты арбалар
алмалы-салмалы тақталы (зембіл ретінде пайдалануға болатын) ;
көтергіш тақталы;
әр түрлі функционалды (ауыр науқастар және реанимациялық) ;
балаларға арналған арба (жаңа туған нәрестеге арналған, ауру балаларды тасымалдайтын) .

Медициналық төсек
функционалды ( әр түрлі қалыпқа келтірілетін) ;
емханалық;
травматологиялық ауруларға;
сүйек туберкулезі ауруларына;
психикалық аурумен ауыратындарға;
акушерлік;
күйікпен түскен ауруларға;
жұқпалы ішек-қарын ауруларына;
жаңа туған балаларға;
5 жасқа дейінгі балаларға;
5-14 жасқа дейінгі жеткіншектерге;

Үстелдер мен креслолар
жан-жақты операциялық устелдер - рентген өткізгіш тақтадан, тумбадан және дубляждалған басқару жүйеден (гидравликалық, электромеханикалық және электрогидравликалық) тұрады; қол ұстағыш, аяқ қойғыш, иық және қабырға тірегіштер, аяққа арналған таяныш, жұмыр жастық, бас сүйегіш, тартқыштар, таған сияқты алмалы-салмалы түрлі тетіктерді қолдану операциялық үстелдерді әр түрлі қалыпқа келтіреді;
жаңа туған нәрестеге арналған санитарлық үстел (тұрақты температуа ұстайтын қондырғы, тумбасында керекті жабынды жиынтық қойылған, алдыңғы жағына нәрестенің бойын өлшейтін сызғыш орнатылған) ;

таңу (перевязочный) үстелі - фельдшер-акушерлік пункттерде шағын операция жасауға және таңу шараларын жүргізуге арналған, оны гинекологиялық кресло ретінде де пайдалануға болады;
жиналмалы таңу үстелі (дөңгелегі алмалы-салмалы) ;
палаталарда ауруларға медициналық көмек көрсету үшін, операциялық бөлімдерде, перзентханаларда дәрілерді, таңу материалдарын, дезинфекциялых ерітінділерді, құралдар мен аспаптарды қоятын және тасымалдайтын үстелдер қолдану мақсатына байланысты әр түрлі аталады: анестезиологиялық, құрал-жабдықты, акушерлік, манипуляциялық, төсек жанына арналған, операцияға және қолға оңтайлы, стоматологиялық, хирургиялық және т. б.

Емдеу және тексеру іс-шараларын жүргізетін жабдықтар
Стоматологиялық жабдықтар;
Рентгенологиялық жабдықтар;
Радиологиялық жабдықтар;
Дезинфекциялық жабдықтар;
Анализге биологиялық материалдар дайындайтын жабдықтар.

Шаруашылық жабдықтары
медицина құралдарын жуып-шаятын жабдықтар;
стерильдейтін жабдықтар;
термостаттар;
су мен ауаны тазартқыш жабдықтар;
ауруларды тамақпен қамтамасыз ететін жабдықтар;

Медициналық жабдықтар күтімі
Жабдықтардың тазалығы күнделікті сақталуы тиіс:
Дезинфекциялау - сутек тотығының 3%-к ерітіндісі және 0, 5%-к жуғыш затының қосындыларын пайдаланады.
Сүрту - тотықпау үшін өңделген жабдықтарды құрғақ әрі жұмсақ материалмен сүрту қажет.
Майлау - үйкелетін тұстарын майлау (вазелин және басқа майлармен) .

Хирургиялық құралдар

Мазмұны
1. Хирургиялық құралдардың бөлінуі
2. Құралдардың қызметтік әрекеті бойынша түрлері
3. Құралдардың жасалған материалдары және сипаты
4. Құралдарды залалсыздандыру(стерильдеу)
5. Құралдарды тазалу және өңдеу

Хирургиялық құралдардың бөлінуі
Хирургиялық құралдар екі түрге бөлінеді:
жалпы хирургиялық құралдар;
арнаулы мамандандырылған құралдар:
акушер-гинекологиялық
нейрохирургиялық
офтальмологиялық,
травматологиялық
ортопедиялық
урологиялық
Хирургиялық құралдарға жеке бір бөлшектен бастап, механикалық, электірлі және пневматикалық тәсілмен жүретін құралдар жатады(бірнеше мыңдаған атаулы хирургиялық құралдар) .

Құралдардың қызметтік әрекеті бойынша түрлері
Кесетін құралдар (тінді кесу, бітеу жараны жару, дене мүшесінің ауруға шалдыққан бөлігін кесіп алып тастау, ісікті тілу т. с) - медициналық: қашау, қалақшалар, пышақтар, қайшылар, распаторлар, сүйек қысқыш және тістеуік және т. б.
Қадайтын құралдар (дәрі ерітінділерін егу, тігетін жіптер, трубкалар, түтіктер және т. б. ) .
Қысқыш құралдыр (қан тоқтату, тіндерді, дене мүшелерін немесе хирургиялық инелерді ұстау және бекіту) - қан тоқтататын, тамырларды уақытша қысатын қысқыш, тіндерді бекіткіш, ішек-қарынға арналған, ине ұстағыш, іскектер (пинцеттер) және т. б.
Кеңейткіш және ығыстырқыш (операция кезінде басқа мүшелерді кездейсоқ зақымдамас үшін жараны, кесілген жерді, мүшелердің жолдарын кеңейту және ығыстыру) .
Шолғырлау(зондирование) және трубка жіберу(бужирование) - жіңішке, қысаң жерлердің саңылауларын ашу.

Құралдардың жасалған материалдары және сипаты
Хирургиялық құралдар көбінде металдан: никельді немесе хромды құрыш, тотықпайтын хромды құрыш, жез және басқа қоспалардан жасалады.
Тоттануға беріктігімен, әрі жеңілдігімен ерекшеленетін титан және оның қоспаларынан, сонымен қатарпластмассадан жасалған құралдарды да пайдалану кең тараған.
Пайдалану мақсатына қарай кейбір құралдарды термиялық өңдеуден өткізіп шыңдайды(құралдар қатаяды және баяу мұқалады) және күйдіреді (құралдар жұмсақ және иілгіш келеді) .

Берік және қатты болу үшін арматура салу арқылы материалды нығайтады.
Құралдар түсі негізі жалтыраған, жылтыр болып келеді. Операция кезінде мұндай құралдар шағылысып, іске кедергі жасамас үшін, кейбір құралдарды күңгірт етіп жасайды (титан қоспаларынан) .
Хирургиялық құралдардың көпшілік бөлігі белгілі бір шұғыл іс-әркет жасауға (өкпе хирургиясы, жасанды өңешжасау, жүрек-қантамырлар хирургиясы және т. б. үшін) немесе белгілі бір көлемде дәрігерлік көмек көрсетуге (үлкен операциялық жинақ, кіші операциялық жинақ және басқа) арналып жинақталады. Олар әсіресе далалық-әскери және жедел жасалатын хирургиялар үшін өте қолайлы.

Құралдарды залалсыздандыру(стерильдеу)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz