Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары




Презентация қосу
Экономикалық
әлеуметтану
Орындаған:Есенжол.М және Ерназар.А
Топ:109А ЖМ
Тексерген: Абдыкалимова.Н.Т
Жоспары:
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Экономикалық әлеуметтану .
2.Экономикалық әлеуметтанудың даму тарихы.
3.Экономикалық әлеуметтанудың негізгі
категориялары.
ІІІ.Қорытынды.
Кіріспе
Экономикалық өмірге
социологиялық тұрғыдан
қарау, оны адамдар
арасындағы қатынастардың
бір саласы ретінде қарастыру,
біздің түсінігімізді айтарлықтай
кеңейтіп тереңдете түседі. Ол
бүгінгі күнде заман талабына
сай болып отырған нарық,
өндіріс, тұтыну т.б
процестердің экономикалық
саралау саласында қандай да
бір қосымша немесе қосалқы
құрал болып саналмайды.
Экономикалық социология
экономиканы ондағы әреект етуші
әлеуметтік топтардың белсенділігімен,
олардың мүдделерімен, жүріс-тұрысы
мен өзара әрекеттесуімен қозғау
алатын әлеуметтік процесс ретінде
сипаттайды.

Экономикалық социологияның іргелі
ұғымдарына ең алдымен
экономикалық жүріс-тұрыс,
экономикалық әрекет, экономикалық
сана мен ой, экономикалық мәдениет,
шаруашылықты ұйымдастыру,
экономикалық институт және басқалар
жатқызылады.
Экономикалық әлеуметтану
Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының,қоғамның
экономикалық өмірін зерттейтін теория.Бұл теория жалпы әлеуметтанудың
қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестермен тығыз
байланысының негізінде пайда болған.
Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-
әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды.
Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі
болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері
де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет
атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде
болады.
Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде
экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде –
өндіріс - бөлу – айырбастау - тұтыну жүзеге асырылады.Ал, бұл процестің
нарықтық түрі «Сұраныс және ұсыныс».
Нарық дегеніміз – тар мағынада – азық – түлік және басқа өндіріс
бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны.
Экономикалық социологияның негізгі
міндеті
Экономикалық социологияның негізгі міндеті - экономикалық
құбылыстар мен процестерді осында әрекет ететін индивидтер
мен әлеуметтік топтардың мүдделері, мүмкіндіктері тұрғысынан
социологиялық түсіндіру, сонымен қоса нақтылы бір қоғамның
экономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың әсер
етуін зерттеу болып табылады.
Экономикалық социология бізге экономикалық дамудың
әлеуметтік механизмдерін біртұтас жүйе ретінде тереңірек
түсінуге жол ашады; нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен
қызмет етуі жағдайында адамдардың экономикалық іс-әрекеті;
шаруашылық және қаржы институттарының қалыптасуына саяси
және әлеуметтік әрекеттердің, қоғамдық пікірдің, діл (менталитет)
пен мәдени дәстүрлердің әсерін ашу.
Экономикалық әлеуметтанудың тарихи
дамуы
Экономикалық-әлеуметтік білімнің алғашқы элементтері қайта
өркендеу және жаңа заман дәуірінде пайда болған. Алайда
мұндай білімнің теориялық сипаты ХVІІІ ғасырда бастау ала
бастады. Бұл уақытта философтар Шарль Луи Монтескье, Клод
Гельвеций, экономистер Адам Смит, Томас Роберт Мальтус, Жан
Шарль Сисмондидің, философ және социалист-утопистер Уильям
Годвин, Анри Сен-Симон, Шарль Фурьенің ойлары құнды болды.
Осы кезеңнің өзінде тәжірибешілердің, өндірісті басқарушылардың
экономикалық-социологиялық білімге жүгінген алғашқы жәйттері
пайда бола бастады. Бұл тұрғыда ең жарқын мысал - Роберт Оуэн.
ХVІІІ ғасырда экономикалық социологияның дамуының
“философиялық-экономикалық” кезеңі аяқталып, өзіндік
“социологиялық” кезеңі басталды
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі
категориялары:
Басқа да арнайы социологиялық теориялар сияқты
экономикалық социология да әлеуметтік қатынастарды
зерттеуде түсіп отырған саласының мәнін ашатын жалпы
социологиялық категориялар мен өзіндік ерекшелігі бар
ұғымдарды қолданады. Ғылымның бұл саласын алға тартып
отырған көптеген категорияларға байланысты келесі топтарға
бөлуге болады

Жалпы ғылыми
(тұжырымдамалық) категориялар

Жалпы әлеуметтік категориялар

Өзіндік ерекшелігі бар
категориялар
Жалпы ғылыми (тұжырымдамалық)
категориялар - құрылым, жүйе, функция,
процесс, байланыс, тұрақтылық, өзгерушілік,
даму және т.с.с. Олар жалпы әдістеменің тілін
құрайды, экономикалық және әлеуметтік
салаларды, экономикалық қатынастар мен
процестерді реттеудің әлеуметтік механизмдерін
сипаттау құралы ретінде қолданылады
Жалпы әлеуметтік категориялар, басқа да
әлеуметтік ғылымдардың сөздігінен алынған.
Айталық, экономикалық теориядан - нарық,
өндіріс, тұтыну, айырбас, бөліп беру, жеке меншік,
бәсекелестік, жұмыспен қамту, трансакциялар
және т.б. сияқты терминдер қолданылады.
Философиядан - қоғамдық сана, қоғамдық
қатынастар, заңдылықтар, мәдениет; әлеуметтік
психологиядан - ұжым, тұлға, дәлелдеу,
сәйкестендіру; жалпы социологиядан - әлеуметтік
қатынастар, топтар, ұйымдар, институттар,
әлеуметтік құрылым, стратификация және
басқалар.
Өзіндік ерекшелігі бар категориялар
экономикалық социологияның жеке
категориялары болып табылады, оның
әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды
(экономикалық әрекет, шаруашылық
ниеттемесі, экономикалық
стратификация, экономикалық
мүдделер, таптаурындар, келісім-
шарттық қатынастар, әлеуметтік-
экономикалық қолдау жүйелері және т.б.)
танып білудегі амалдарды білдіреді
Адамдардың экономикадағы әрекетін социологиялық тұрғыдан түсіндіру
экономикалық-социологиялық адам үлгілерінің түсіндірмелі
мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны суреттеудің көптеген
нұсқамаларына қарамастан, оларды негізгі төрт алғышарттарға бөлуге
болады
• Ол жеке қалауларынан • Ол бірінші кезекте өз
негізделіп, дербес шешім мүддесін ойлайды
қабылдайтын атомданған және жеке пайдасын
индивид ұлғайтуға тырысады.

өзімшіл
Адам
тәуелсіз
Адам

ды
рационал Адам
Адам хабардар
• Ол алға қойылған мақсатына біртіндеп • Ол өз
жетуге тырысады және оған жетудің қажеттіліктерін
қандай да бір құралын таңдауда
салыстырмалы түрдегі шығындарға жақсы біліп қана
көңіл аударады қоймай, оны
қанағаттандыруды
ң құралдары
жайлы қажетті
ақпартқа да ие.
Қорытынды
Қорытындылайтын болсақ отандық экономикалық
социологияның табысты дамуы Батыс
социологиясындағы құрастырылған бай ұғымдар
мен операциялық зерттеу схемаларын игеріп, қайта
қорытуға байланысты.Экономика ғылымы әр бір
қоғам әлеуметтік жағдайын реттеушісі болып
табылады.Экономикалық әлеуметтанудың ең басты
талабы қоғамның өз құндылықтарын зерттей отырып
жан жақты процестерді қарастыру.

Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЛУМЕТТАНУ
Экономикалық әлеуметтанудың пәні
Экономикалық жүйелердің типтері
Әлеуметтану ғылым ретінде жоспар
ДӘРІС Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Саяси әлеуметтану
Экономикалық әлеуметтану
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі
ЖОСПАР ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҮСІНІГІ
Әлеуметтану объектісі
Пәндер