Анықтау құралдары



Кафедра: Тақырыбы:Ауа ылғалдылығын анықтау. Аэроиондық терапия.
Орындаған:Нұрмахан Арайлым
Группа: 109 А
Факультет:жалпы медицина
Қабылдаған:Нұрбекова Әсел
Алматы қ., 2016ж.
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

Жоспары:
Кіріспе
Ауа ылғалдылығы анықтамасы, түрлері, өлшеу құралдары.
Негізгі бөлім
Аэроионотерапия. Чижевский аэронизаторы.
Қортынды

Ауаның ылғалдылығы - ауадағы су буының мөлшері. Ауаның құрамында әрқашанда су буы болады. Су буының газдар сияқты өзіндік серпімділігі және массасы болады.

Ауадағы су буы мынандай ылғалдылықтың көрсеткіштерімен (гигрометрлік) сипатталады.
1. Абсолюттік ылғалдылық (е) - 1 куб. метр ауадағы белгілі бір температурадағы су буының салмағы (г) немесе серпімділігі (мм. с. б. ) . Ол ауа температурасына тура пропорционалды болады, яғни ауа температурасы жоғарылаған сайын ол да жоғарылап, төмендесе азаяды.
2. Максималды ылғалдылық (Е) - 1 куб. м. ауадағы су буының ең жоғарғы (қанықтырылған) салмағы (г) немесе серпімділігі (мм. с. б. ) . Бұл да ауа температурасына тура пропорционалды болып келеді .
3. Салыстырмалы ылғалдылық (R) - ауадағы су буының проценттік мөлшері. Оны абсолюттік ылғалдылық мөлшерін максималды ылғалдылыққа бөліп оны жүзге көбейту арқылы табады. Салыстырмалы ылғалдылық пропорционалды болып келеді, яғни ауа температурасы жоғарыласа ол төмендеп, керісінше төмендесе жоғарылап отырады.
4. Қанығу дефициті (кемтігі) (Д) - максималдық және абсолюттік ылғалдылық мөлшерінің айырмашылығы. Ол неғұрлым көп болса, солғұрлым ауа құрғақ болып, керісінше көрсеткіш неғұрлым айырмашылығы аз болса, соғұрлым ауа су буымен көп қаныққандығын көрсетеді.
5. Шық нүктесі (1 градус) - ауаның құрамындағы су буының қанығып сұйық (тамшыға) айналатын температурасы.

Анықтау құралдары:
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау үшін гигрометрді - жұмысы эфирде майсыздандырылған адам шашының салыстырмалы ылғалдылық артқанда ұзарып, төмендегенде қысқару қабілетіне негізделген құралдар. Салыстырмалы ылғалдылықты өлшегенде гигрометрді тігінен орналастырып, есепті тілшенің көрсеткіштері бойынша (%) орнатқаннан 3-4 сағат кейін немесе үнемі қолданғанда 20-30 минуттан кейін жүргізеді.
Ауаның абсолюттік ылғалдылығын психрометрлермен анықтайды. Әртүрлі температураларда ауаны қанықтыратын су буының серпімділік кестесінің көмегімен, арнайы формула бойынша салыстырмалы ылғалдылықты, қанығу тапшылығын және шық нүктесін анықтайды.

Гигрометр - салыстырмалы ылғалдықтың мөлшерін анықтауға арналған құрал.
Оның жұмыс істеу принципі эфирде майы кептірілген адам шашының ауадан ылғалдылықтың жоғарылаған кезінде ұзарып, төмендегенде қысқарып өзгеру қасиетіне негізделген. Осылай қылшашты ұзындығының өзгерісі құралдың көрсеткіш тілін қозғап бөлінген шкаладан салыстырмалы ылғалдықтың мөлшерін процент-пен көрсетеді. Бұл құралдың көрсету мәнін мезгіл-мезгіл психрометрмен салыстырып тексе-ріп дәлдеп отырады.
Гигрометр құралы

Сулы термометрдің бетінен су буланады да, ол суиды, оны жылыту үшін белгілі бір мөлшерде жылу жұмсалады, ол термометрдің көрсетуі «құрғақ» термометрдің көрсеткішіне қарағанда төмен болады. Сондықтан ылғалдылықты анықтауға осы екі термометрдің көрсеткіштерінің айырмашылығы негізге алынады. Ауа ылғалдылығын анықтау кезінде құралды күн және басқа жылу көздері мен желдету жүйелерінен қышыққа орналастыру қажет
Августық психрометр құралы

Гигрограф - ауаның салыстырмалы ылғалдылығының белгілі бір мезгіл (тәулік, апта) ішінде өзгерісін жазып отыратын құрал. Оның да салыстырмалы ылғалдықтың өзгерісін қабылдап отыратын бірінші сезгіш бөлігінің жұмыс жасау принципі гигрометрдікі сияқты майынан ажыратылған шаштың ұзарып - қысқару қасиетіне негізделген, бірақ бұл құралда бір тал емес, бір топ шаш керілген.
Гигрограф құралы

Аспирациялық (сорғыш) психрометр (Ассман) - де екі біркелкі термометрден тұрады. Оның да біреуінің резервуарын орап-сулайды. Термометрдің екеуінің де сыртқы әсерден сақтау үшін арнайы қоршауы бар, олар бір құбырға қосылып сол арқылы жоғары жағында орнатылған жел-сорғыш - вентилятормен (қалақша) байланысады. Ол қалақша (вентилятор) электрмен немесе бұрандалы пружинамен қосылады. Аспирациялық психрометр дәлірек және қолайлы құрал боп саналады. Себебі оның арнайы қалақшасының көмегімен термо-метрлердің резервуарларының үстінен біркелкі 4 м/сек жыл-дамдықпен ауа тартылып (сорылып), тұрады да, яғни сыртқы ортаның ауа қозғалысы оның көрсеткішіне әсерін тигізбейді де ол құралдың көрсетуі дәлірек болады.
Аспирациялық психрометр құралы

Аэроиондық терапия
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz