Адам ағзасына электр тогымен әсер ету әдістері


Slide 1

Медицинада қолданылатын электрофизикалық емдеу әдістері

Орындаған:Есенжол. М. Е

Топ:109А жалпы медицина

Тексерген:Нұрбекова. А. Ж

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Адам ағзасына электр тогымен әсер ету әдістері:

Гальванизация

Электрофорез

Электростимуляция

3. Адам ағзасына электр немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері:

Аэроионотерапия

Индуктотермия әдісі

Slide 3

Кіріспе

Адам өмірінде радио қабылдағыштардың ролі артқан сайын радиотолқындарды тарату үшін қуатты радиостанциялар қолданыла бастады. Сол кезде онда жұмыс атқаратын адамдардың жүйкесі тозып, тез шаршап, тіпті кейде денесінің қызуы көтерілетіні де байқалған. Осы мәселелер электромагниттік толқындардың адам организміне физиологиялық әсерін зерттеу қажеттігін туғызады.

Тәжірибелер нәтижесінде электромагниттік толқындар адам организміне ғана әсер етіп қоймай жануарлар мен жәндіктерге де әсері байқалады. Мысалы, электромагниттік толқындар әсерін кейбір ұсақ жануарлар өле бастаса, жібек құрты тез өскен, тотықұс жұмыртқасы-нан балапандары уақытынан бұрын жарып шыға бастаса, ит күшіктерінің салмақ қосуы арта бастаған.

Slide 4

Адам ағзасына электр тогымен әсер ету әдістеріне мыналар жатады

Тұрақты токпен әсер - гальванизация және электрофорез әдістері;

Үздікті (импульсты) электр тогымен әсер - электростимуляция әдістері;

Жоғары жиілікті электр тогымен әсер - дарсонвализация және электрохирургия әдістері.

Slide 5

Гальванизация

Гальванизация - токтың аз күшімен (50 мА) өз шамасын өзгертпейтін тұрақты төмен кернеулі (80 в дейін) электр тоғын емдеу мақсатымен қолдану.

Slide 6

Қазіргі уақытта гальванизацияны жасау үшін тек қана желідегі ауыспалы токты түзету және тегістеу арқылы алынатын ток пайдаланады. Теріден өткен кезде гальваникалық ток эпидермистен үлкен қарсылық алады. Осы қарсылықты жою үшін ток энергиясының бірталай бөлігі ұсталынады - дәл осы токтың негізгі мөлшері кететін жерде, гальванизация үшін ең маңызды реакциялар дамиды. Ток ұлпа иондар, рН орта, жылудың арақатынасының өзгеруіне әкеледі, соның нәтижесінде ең алдымен, электродтың астында гиперемия мен дызылдатып шаншуды сезіну пайда болады. Сонымен қатар, биохимиялық белсенді заттардың бөлініп шығуы, ферменттер мен айырбас үрдістерінің күшеюі әсер ететін жерге рефлекс түрінде күшейтілген қанның құйылуына әкеледі. Токтың күші көбейген сайын және ықпалдың ұзақтығы адам шыдағысыз және токты ұзақ жібергеннен химиялық күйік пайда болғанда, дызылдату мен шаншу сезімі өседі.

Slide 7

Электрофорез

Электрофорез (гр. φορέω) . Гальваникалық ток күшімен ионданған дәріні емдейтін тканьдерге жеткізу. Қызыл иекэлектрофорезі мен тіс электрофорезі физиотерапиялық әдістердің ішіндегі шипалысы болып есептеледі.

Slide 8

Электростимуляция

Электростимуляция - электр тогын белгілі органдар немесе жүйелердің қызметін қозу немесе күшейту мақсатында қолдану. Жиі «Электростимуляция» сөзі электр тогымен кез келген әсер етуді белгілеу үшін мүлде дұрыс емес пайдаланылады. Токтармен барабар әдістемелер мен параметрлерді қолданумен көптеген органдар мен жүйелерге стимуляция жасауға болатынына қарамастан, практикалық тәжірибеде медицинаның ерекше бөлімі болып табылатын жүректің электростимуляция жасауы және қозғаушы жүйкелер мен бұлшық еттердің электростимуляция жасауы кең қолданылады.

Slide 9

Бұлшық ет электростимуляциясы

Жүрек электростимуляциясы

Ми электростимуляциясы

Slide 10

Адам ағзасына электр немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері:

Тұрақты электр өрісімен әсер - аэроионотерапия әдістері;

Жоғары немесе ультражоғары жиілікті электр немесе магнит өрісімен әсер - индуктотерапия және УЖЖ - терапия әдістері;

Аса жоғары жиілікті диапозондағы электромагниттік толқынмен әсер - микротолқындық терапия және дециметрлік толқынды (ДЦТ) терапия.

Slide 11

Аэроионо терапия

Аэроионотерапия (греч. aеr - ауа+ ion - ион + therapeia - емделу) әсері емдеу-профилактикалық мақсатта ионды ауамен емдеу . Газдардың алғашқы иондану кезінде оң, теріс иондар және электродтар болады. Ондай иондарды газдың қарапайым иондары дейді. Атмосферадағы газдардың оң теріс иондарын, электрондарын аэроиондар дейді. Аэроинотерапия жасанды және табиғи аэроин болып екіге бөлінеді. Жасанды аэроионда арнайы аэроионды генераторлар мен аэронизаторлар қолданылады. Табиғи аэроиондар таза ауамен байытылған жерлерде болады.

Аэроионизаторлардың жұмыс принипі екі электродттың арасында өтетін жәй электр разрядына негізделген.

Slide 12

Индуктотермия әдісі

Индуктотермия әдісінде адам ағзасына жоғары жиілікті магнит өрісімен әсер етеді. Максвелл теориясы бойынша уақыт бірлігінде өзгермелі магнит өрісі құйынды электр өрісін және уақыт бірлігінде өзгермелі электр өрісі құйынды магнит өрісін тудырады.

Осы кағидаға сүйеніп, яғни айнымалы электр тогының әсерінен туындайтын айнымалы магнит өрісімен адам ағзасына әсер ету әдісін индуктотермия дейді.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Әтүрлі органдардың электрлік белсенділігін зерттеу әдістері
Медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтары
ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНИТ ӨРІСТЕРІНІҢ ТІРІ АҒЗАҒА ӘСЕРІ
Адам ағзасына электр тогімен әсер ету әдістері
Электромагниттік толқындардың әсері
Электр және магнит өрістермен танысу
Электр тоғының адам ағзасына әсері
Электромагниттік өрістер және денсаулықтың нашарлау қаупі
Электр тогына түскен адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
Электр тогы соғудан қорғану жолдары, қорғану құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz