Салық салынатын табыс
Презентация қосу
Салық түрлері
Салық - бұл заңды және жеке тұлғалардың
табыстарынан белгiлi бiр уақыт мерзiмiндегi
және қатаң белгiленген мөлшерде жергiлiктi
және республикалық бюджетке төленiп
отыратын мiндеттi төлемдер болып табылады.
Жанама Салық бөлінеді Тікелей
қосылған құн заңды және жеке
салығы тұлғалардың
табысына
акциздер(жанар салынатын салық
жағармай сатуға
салынатын салық, Мүлік салығы
т.б)
Жер салығы
кеден,баж(экспорт
,импорт)
Көлік құралдарына
салынатын салық
ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ (ҚҚС)
Қосылған құнға салынатын салық жанама салық салудың маңызды нысаны болып табылады.
Қосылған құн салығы өндiрiс процесiнiң белгiлi бiр мезетiндегi қосылған құн бөлiгiнен бюджетке аудару нысанын бiлдiредi.
Қосылған ққн (ҚҚС) төленетiн еңбекақы (v) және алынатын пайда (m) саласы ретiнде есептелiнедi:
ҚҚ = V+m
Сонымен қатар қосылған құнды сатылған өнiмнен түскен соммамен (В) жұмсалған шығындар (И) арасындағы айырма ретiнде көрсетуғе
болады:
ҚҚ = В+И
Қосымша құн салығын есептеуде оның анықтаудың 4 әдiсi пайдалынылады:
-тiкелей аддитивтi немесе бухалтерлiк;
-жанама аддитивтi;
-тiкелей азайту әдiсi;
-жанама азайту әдiсi немесе шоттар бойынша есептеу әдiсi (ЕСО-тың алғашында қабылданған әдiсi);
Егер салық мөлшерлемесiн шартты түрде R деп белгiлесек, онда жоғарыда аталған есептеу әдiстерiнiң формулалары мынадай болады:
R ( V + М ) = ҚҚС К ( В - U ) = ҚҚС
RV + RМ = ҚҚС RВ - RU = ҚҚС
Ең көп тараған 4-шi әдiс, оны пайдаланғанда өзiндiк қосылған құнды анықтауды қажет етпейдi. Оның орнына олардың компоненттерiне
мөлшерлеме пайдаланылады (өндiрiлген өнiмге және шығындарға).
Қосылған құн салығын есептеудiң берiлген әдiсi тiкелей мәмiле кезiнде салық мөлшерлемесiн қолдануға мүмкiндiк бередi, ал бұл
техникалық және құқтық сипатта артықшылық бередi. Салықтар көрiнiс беретiн счет-фактураның бар болуы мәмiле жасауда және
фирмалардың салықтық мiндеттемелерi жайлы ақпарат алудағы ең маңызды және қағидалық кезеңiне айналады.
12%
АКЦИЗ САЛЫҒЫ
Жанама салықтардың бірі – акциз салығы.
Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық, ол әмбебаптық
және жеке- дара деп бөлінеді.
Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі.
Оларға сатудан алынатын, айналымнан алынатын салықтарды жатқызуға болады.
Жеке – дара акциздер ҚР аумағында өндірілген және ҚР аумағына импортталатын тауарлардың тізбесі
және акцизделетін қызмет түрлері.
Акциз салығын төлеушлер:
1. ҚР аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын жеке және заңды тұлғалар
2. акцизделген тауарларды ҚР кедендік аумағына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар
3. ҚР аумағында бензиннің және дизель отынының көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын
жеке және заңды түлғалар
4. резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері.
Акцизге қатысты күнтізбелік ай – салық кезеңі болып табылады. Әрбір салық кезеңі аяқталған соң, салық
кезеңінен кейінгі айдың 15 – нен кешіктірмей, салық төлеуші өзі тіркелген жері бойынша салық
органдарына акциз жөніндегі декларация табыс етуге міндетті.
Акциз ставкалары
Акциз ставкаларын ҚР Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен және заттай нысандағы өлшем
бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
Акцизделетін тауарлардың бүлінуі дегеніміз- тауардың барлық немесе жекелеген сапасының нашарлауы,
соның салдарынан пайдалануға жарамай қалуы.
Кеден, баж төлемдері
Кеден төлемдері - бұл процесіне қатысатын тұлғалармен кеден органдары Жиналған қаражат
орыс кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдары қозғалысы Федерациясы.
Алымдар төлеу - сыртқы байланысты операциялар негізгі шарттарының бірі сауда. кедендік
баждардың ішкі құрылымы өнер анықталады. 318 Кеден Код. Кедендік баж осы баптың сәйкес
мыналарды қамтиды:
• 1) әкелу баж;
• 2) экспорттық баж;
• 3) қосылған құн салығы, Ресей Федерациясының кеден аумағына әкелінетін тауарлар
алынатын;
• 4) акциз әкелінетін тауарларға алынатын Ресей Федерациясының кеден аумағы;
• 5) кедендік алымдар.
Өнер тізімделген. 318 TC РФ төлемдер біріктіреді, олар барлық, әдетте, байланысты кеден
органдарына алынады, бұл кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік
құралдарын қозғалыс.
кедендік баж тізімі аралас бойынша құқықтық сипаттағы де ерекшеленеді, мен міндетті
төлемдер, экономикалық мазмұны. Кедендік баждардың арасында салықтар (кедендік бар
міндеттері, ҚҚС және акциз) және салықтық емес төлемдер міндетті сипаты (кеден салықтар)
Корпорациялық табыс салығы
ҚР корпорациялық табыс салығы салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқымдысы. Корпорациялық табыс
салығы бюджет түсімдерінің 27,2 пайызын құрайды.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілер:
1. ҚР резидент заңды түлғалары;
2. ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес
заңды түлғалар.
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу обьектілеріне:
• Салық салынатын табыс
• Төлем көзінен салық салынатын табыс
• Резидент емес заңды түлғаның таза табысы.
Корпорациялық табыс салығының ставкалары
Сақтандыру ұйымы сақтандыру шарттары бойынша тіркелген аударымдар түрінде корпорациялық табыс салығын мынадай мөлшерде
төлейді:
1. жинақтаушы сақтандыру бойынша – алынуға жататын сақтандыру сыйақылар сомасынан 2 пайыз.
2. жинақтаушы емес сақтандыру бойынша алынуға жататын сақтандыру сыйақылар сомасынан 4 пайыз
Сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын табыстарынан 30 пайыздық ставка бойынша корпорациялық табыс салығы
салынуға тиіс.
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация
1. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
2. Салық кезеңі.
3. Салық төлеушінің атауы.
4. ЭҚЖЖ Үлес салмағы.
5. Декларация түрі.
6. Хабарламаның нөмірі мен күні.
7. Валюта коды.
МҮЛІК САЛЫҒЫ
Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар төлейтін салық түрі.
Мүлік салығын төлеушілер:
1. ҚР аумағындаменшік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды
тұлғалар.
2. ҚР аумағанда меншік құқығында салық салу обьектісі бар жеке кәсіпкерлер.
3. заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері.
4. ҚР резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу обьектілері бойынша салық төлеушілер болып
табылады.
Мүлік салығының ставкалары
1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Президентінің
Жарлығына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың негізгі өндірістік және өндірістік
емес қорларының құнына 0,5 пайыз ставка бойынша мүлік салығы салынған еді.
Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер.
Мүлік салығын төлеушілерге бірнеше салық жеңілдіктері қарастырылған. Мысалы,
• Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлік бойынша – коммерциялық емес және бюджеттегі ұйымдар;
• өндірістік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мүлік бойынша – ҚР мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ
зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді
әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы.
• Қазақстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері.
Жер салығы
Жер салығы 1992 жылы енгізілді.
Жер салығын енгізу мынандай мақсаттарды көздейді:
• Экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану;
• Тұлғаларды жерге орналастыру;
• Жердің құнарлығын арттыру;
• Жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу;
• Аумақтың әлеуметтік- мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.
Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган ір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай
бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде меншік
құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын
құжаттарға сәйкес есептеледі.
Жер салығын төлеушілер:
1. жеке меншік құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;
2. тұрақты жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;
3. бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды
тұлғалар;
4. заңды тұлғалардың жоғары да белгіленген құқықтарда салық салынатын обьектілері бар құрылымдық
бөлімшелер.
Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері
үшін міндетті болып саналады.
Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі – күнтізбелік жыл болып табылады. Жеке тұлғалар
төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын
негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.
Жердің мынадай санаттарына салық салынбайды:
• ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері
• орман қорының жерлері
• су қорының жерлері
• запастағы жерлер
Көлік құралдарына салынатын салық
Тікелей салық және мемлекетпен көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салықтарға
жатады. Көлік құралдарының иелері, көлік құралдарын икемдену барысында Республикалық автомобиль жолдарын
пайдаланады. Ал осы автомобиль жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік
құралдарына салынатын салықтың экономикалық мәні зор деп айтуға болады. Көлік құралдарына салынатын салық салу
объектісіне қарай: тікелей салықтарға жатады, ал пайдалану мерзіміне қарай: бұл көлік құралдарына салынатын салық
арнайы салықтарға жатады. Өйткені – бұл салықтан жиналған ақша-қаражаттары сол көліктер жүретін жолдарды жөндеу үшін
арнайы мақсатқа жұмсалады. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай: Көлік құралдарына салынатын салықтар
нақты салықтарға жатады. Өйткені – бұл салық көлік құралдарының сыртқы белгісіне қарай табыстың түсуін есептелініп
салынады. Ал салық салынатын орынға қарай: Көлік құралдарына салынатын салық жергілікті салықтарға жатады. Бұл
салықты төлеушілер болып меншік құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық
бөлімшелері көлік құрылымының салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектісіне - өкілеттік органдар,
мемлекеттік тіркелген және есепте тұрған көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) жатады.
Жүк көтерімділігі қырық тонна (40) және одан асатын корьерлік авто – самосвалдар, мамандандырылған медициналық көлік
құралдары, салық салу объектілері болып табылмайды.
Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда көлік құралдарына салық салмаса
меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептелінеді.
Мына жеке тұлғалар көлік құралдарына салынатын салықтан босатылады:
- Қазақстан Республикасының өкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде біріңғай жер салығын
төлеушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметі тізбесін белгілейтін мамандандырылған ауыл шаруашылық
техникасы бойынша бірінғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер.
- Мемлекет бюджет есебінен қаржыланатын ұйымдар.
- Салық салу объектісі болып табылатын бір авто көлік құралы бойынша ұлы отан соғысына қатысушылар және соларға
теңестірілген адамдар.
- Салық салу объектісі болып табылатын бір автакөлік құралы бойынша меншігінде мотокаляскасы мен автомобилі бар
мүгедектер.
- Салық салу объектісі болып табылатын автокөлік құралы бойынша кеңес одағының батырларымен сациолисттік
еңбеккерлері, халық қаһарманы алған, үш дәрежелі даңқ орденімен және отан орденімен марапатталған адамдар, “ардақты
ана” атағын алған, “алтын алқа”, “күміс алқа”, “көп балалы аналар” атағымен марапатталған адамдар.
- Ауыл шаруашылық құрылымына шұғыл нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан
автокөліктері (жүк автокөлік) бойынша жеке тұлғалар.
Кроссворд шешу
1Т А У А Р
2Ө С І М П Ұ Л
3К А П И Т А Л
4И Н В Е С Т О Р
5 А Л Ы М
6 А У К ЦИ О Н
7 Қ А Р Ы З
8 Т А Б Ы С
НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Орындаған 231 тобының студенттері:
Кульчикова Н.С
Еспосинова Ж.Б
Айткали А.А
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz