Қазіргі заманның негізгі саяси идеологиялары


Slide 1

Қазіргі заманның негізгі саяси идеологиялары: Либерализм

Slide 2

Либерализм

ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демографиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді

Slide 3

Тарихы

Алғаш болып либерализм ұғымын идеология ретінде дамытқан Джон Локк болған

Либерализм саяси ағым ретінде ХYI ғ. ортасында пайда болды, ағылшын вигилерінің бағдарламасы мен іс-әрекетімен, сондай-ақ мүдделер тепе-теңдігі мен әртүрлі құқынлықтардың сыйымдылығына негізделген келісім мен ымырашылдыө саясатымен байланысты болды.

Slide 4

Кейіннен ағылшын және француз ағартушылары әлеуметтік-философиялық, құқынлықты-дүниетанымдық, құқықтық және экономикалық либералдық идеяларды жасап, негіздеді. XIX ғ. ортасынды либерализм ғаламдық идеологияға айналып, бүкіл әлемде ықпалы артты.

Slide 5

Либерализм және әлеуметтік өмір

Либерализм әлеуметтік өмірдің негізі ретінде өз мүддесіне сәйкес еркін әрекет етуге құқы шексіз, сөзсіз құқынлықты әрі автономды тұлғаны атайды. Тұлғаның жеке өмірі қол сүғуға болмайтын жоғары саласы болып табылады және мемлекет тарапынан ( либералды, фундаментализм ) араласуға болмайтын (laisser-faire) әмбебап принциппен қорғалады.

Slide 6 Slide 7

Либерализм және мемлекеттік құқық

Либерализмге сәйкес, мемлекеттік құқық адам құқын қорғауда тұлға басымдығына назар аударады, ол мемлекеттен тәуелсіз әрі заңмен жасалмайды, жоққа да шығарылмайды

Туа бітті адамға кері қайтарылмайтын, ешкім тартып ала алмайтын табиғи құқық - өмір сүруге, бостандыққа және бақытқа ұмтылуға беріледі. Мемлекет жекеменшік құқын, этникалық құқықтарды, дінге еріктілік құқын қорғауға міндетті.

Slide 8 Slide 9

XX ғ. әлеуметтік қауіпсіздік құқы бекітілді: білім алу құқы, еңбек ету және оған лайықты жалақы алу құқы, жеке өмірдің қол сұғудан қорғалуы құқы және т. б.

Slide 10

"Құқық - шын мәнінде - тепе-тең еркіндік принципінен шығатын қорытынды мәні"

(Г. Спенсер)

Slide 11

Либерализмнің экономикалық ұстанымы

Либерализмнің экономикалық ұстанымы материалдық өмірде бостандық кепілі болатын бәсекелестіктің жетекші рөліне негізделеді. Сондықтан да мемлекет антимонополиялық шараларды қолдана отырып, бәсекені қолдап, дамытуы керек. Әлеуметтік қатынастар жүйесінде либерализм күш қолданбауды және ұстамдылықты қолдайды.

Slide 12

Либерализмнің көптеген негізгі идеялары батыс әлемінде әмбебап, жалпыға ортақ қағидаттар мәртебесіне ие болды және халықаралық құқық ережелерінде бекітілді. Міне, либерализмді кейде жаһандану идеологиясы деп атау осыдан.

Slide 13

Либерализм және социализм

Либерализм және социализм - өзара байланысты ұғымдар. Бұл мәселені орыс философ В. М. Межуев жан-жақты зерттеген. Либералды идеология (адам еркіндігі) алғышарттары мен оның жүзеге асырылуының әлеуметтік нәтижелері (адамдар теңсіздігі) арасында ішкі қарама-қайшылық бар. Ол бойынша еркіндік адамды теңдікке емес, теңсіздікке жетелейді, онда бәрі еркін, бірақ біргбіріне тең емес. Осыдан келіп либрализмге социалистік оппозиция қалыптасты.

Slide 14

Бүгінгі күнге дейін либерализм тендікке зияны тиетін еркіндікті қолдайды, ал социализм - еркіндік есебінен тендікке ұмтылады деп түсіну қалыптасқан. Бұл тығырықтан шығу жолын либералистер де, социалистер де іздестіруде. Қазіргі либерализм бұл мәселенің шешімін құқық пен моральды бірлестіретін жаңа әлеуметтік әділеттілік теориясын қалыптастыру арқылы таппақшы болды.

Slide 15

Социализм болса, Маркстен бері еркіндік пен теңдіктің өзара ұштасуынан туатын мәселенің басқаша шешімін ұсынады. Оның негізінде - жеке меншіктің болуы жағдайында бұл мәселенің шешімін табу мүмкін еместігін дәлелдеу жатыр. Жеке меншік жағдайында не еркіндікті, не теңдікті қүрбандыққа шалу керек болады. Осылайша, еркіндік идеясын уағыздаушы социалистік ағымды либерализмнің тарихи мұрагері ретінде қарастыруға болады.

Slide 16

Либерал - (лат. liberalis - еркін қоғамның барлық) :

экономикалық,

әлеуметтік-саяси,

рухани салаларында жеке тұлғаның еркіндігін жақтайтын саяси және идеологиялық ағымды ұстанушы;

либералды партияның мүшесі;

ескі. - еркін ойлаушы;

шектен шыққан жұмсақтық танытып, жылы жауып, бетімен жіберетін адам

Slide 17

Либерализм

Slide 18

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері негізінен либералды құндылықтарға басымдық беріп келе жатыр. Яғни, батыстық үлгідегі либерализм бізге сырттан келді, бұл біздің қоғам үшін экзогенді сипаттағы идеология. Конституциямыз бойынша идеологиялық әр алуандылық танылғанымен, елімізде либерализм идеологиясының басымдығы анық байқалады. «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы либералды бағытта екенін Елбасымыз қадап айтқан болатын.

Slide 19

Қазақстанның басты ерекшелігі - ұлттық уни­тарлық мемлекет болғандықтан, біз тек батыстық либералдық құндылық­тардың жетегінде кетпеуіміз керек. Жалаң либерализм үнемі алға сүйре­мейді, оның да қайшылықтары бар, консерватизм тек артқа тартушы емес, ол да өзіндік артықшылықтарға ие.

Slide 20

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Мемлекетті басқару қағидаттары
Қазіргі заман ұғымы
Дінтану курсын оқытуға қойылатын талаптар
Саяси партиялар
САЯСИ МӘДЕНИЕТ ПЕН САЯСИ САНА
САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ МӘНІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ
Аударма кә сібінің лингвистикалық ерекшеліктері
ДИСК АЛЬБЕРТИ
Тұлға саясат субъектісі
Демографиялық проблема
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz