БАҚЫТЖАН ҚАРАТАЕВ



Студенттің өзіндік жұмысы
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Қазіргі Қазақстан тарихы және
қоғамдық пәндер
Курс: І
Тақырып №2: Б. Қаратаев - Қазақстанның көрнекті
қоғам қайраткері
Құрастырған: Каспи А.
Тексерген: аға оқытушы,
магистр Калманова Г. Т.
Ақтөбе - 2017 ж.

Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
А) Бақытжан Қаратаев - алғашқы заңгер, депутат және
комиссар
Б) Ағартушылық жолындағы қызметі
В) Еңбек жолы
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Бақытжан Қаратаев
Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы 1860 жылы Жайық өңірінің Қаратөбе ауданындағы Ақбақай ауылында дүниеге келген, қоғам қайраткері, заңгер, ағартушы-демократ. Ол Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1890 жылы оны ІІ дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Алған мамандығы бойынша Петербургте, Кутаисиде және Орынборда бірнеше жыл тергеуші болып істейді. 1897 жылы туған жеріне қайта оралып, Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген жалғыз заңгер.
(1860-1934)

Хан ұрпағы
Бақытжан Қаратаевтың тұп атасы - Кіші жүздің ханы Әбілхайыр. Әбілхайыр ханның бірінші әйелінен Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Әділ, Зылиха атты ұл-қыздары болған.
Башқұрт елімен қазақ елінің арасында достық қарым-қатынас орнату нәтижесінде Бақытжанның атасы Қаратай Нұралыұлы дүниеге келген. Нұралы ханның баласы Қаратай хан да қалмақ қызына үйленіп, одан Бисәлі дүниеге келген. Ал Бисәлінің баласы Даулетжаннан Бақытжан, Мағзұм, Батыр атты үш ұл тарайды.
Әбілқайыр
Нұралы
Қаратай
Бейсәлі
Даулетжан
Бақытжан

Білім жолында
Бақытжан Қаратаев қазақтар арасында заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алған ең алғашқы интеллигенция өкілдерінің қатарына жатады.
Ол текті әулеттің шаңырағында тәрбиеленгендіктен, өмірдің қыры мен сырын жас кезінен көріп-біліп өсті. Ол Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Ресей империясының астанасы Санкт-Петербургтегі императорлық университетіттің заң факультетіне түсіп, 1890 жылы ІІ дәрижелі алтын медальмен бітіреді. Алған мамандығы бойынша Петербургте, Кутаисиде және Орынборда бірнеше жыл тергеуші болып істейді.

Еңбек жолының басталуы
Бақытжан Қаратаев императорлық университетті алтын медальмен бітірген санаулы студенттердің бірі болатын. Сондықтан болашағынан үлкен үміт күттіретін жас маман, ИСПУ түлегі астанада қалдырылды. Бұл туралы 1891 жылы «Дала уәлаяты» газетінің №10 санында: «Петербург қаласындағы унисерситет курсын екінші дәрежелі дипломмен үздік аяқтаған Торғай облысы, Іле оязы, Бөрте елінің сұлтаны Бақытжан Қаратайұлы юстиция министрлігінің қарауына кіргізіліп, департаменттің басқару сенатындағы екінші мекемесіне қызметке қалдырылды». Петербургта, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылдан Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды.

Б. Қаратаевтың қазақ саясатында алатын орны
1905 жылдың жазында Торғай мен Орал облыстары қазақтарының органдарынаң орталық билік органдары жолдаған петицияны құрастыруға қатысқан
Б. Қаратаев Думаның аграрлық заң жобасын жасауға араласады
1907 жылдың қаңтар-ақпан айларында ІІ Мемлекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып сайланды
Б. Қаратаев облыстық атқару комитетінің мүшелігіне өтті және оған юстиция комиссары міндеті тапсырылды

Бақытжан Қаратаев - дума депутаты

БАҚЫТЖАН ҚАРАТАЕВТЫҢ 1907 ЖЫЛЫ ІІ ДУМАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Депутат мырзалар! Қырғыз-қайсақ халқының атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ: соған қарамастан, мемлекетіміздегі шиеленісіп отырған аграрлық мәселені шаруаларды, Далалық облыстар территориясына, Семей және Жетісу облыстарының территориясына қоныс аудару арқылы шешкісі келетіндер бар. Әсіресе оң жақ қатарда отырған ағайындарымыз аграрлық дағдарысты шаруаларды Орта Азияға көшірту жолымен жоюға құштар.
Жергілікті халықтың мүдделерімен есептеспей келген қоныстандыру қалай дегенмен де әділетсіздік болып табылуға тиіс. Ол қашанда күштінің әлсізді қанауы деп қабылданбақ. Сөз жоқ, қырғыздар, яғни қырғыз-қайсақ деп аталатындар - әлі дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық, сол себепті де олармен ортақ тіл табысуға болады және оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ. Біз, қырғыз-қайсақтар, Ресейде қатты ушығып отырған аграрлық мәселе шұғыл шешім қабылдауды талап етенінін терең түсінеміз. Біздің шаруа бауырларымыздың жерге мұқтаждығын жақсы сеземіз, егер басы артық жеріміз болса, оларға біз ризашылығымызбен ығысып орын беруге әзірміз.

Ағартушылық жұмыстары
Б. Қаратаев - болашақ ұрпақ үшін туған халқының басынан өткерген тарихын жазып, артына мол мұра қалдырды. 1931 жылы 16 тамызда Б. Қаратаев Орталық архив басқармасының ғылыми қызметкері болып тағайындалады. Басқарма Б. Қаратаевты, арнайы бағдарламасы бойынша, Қазақстанның 1916-1919 жылдар аралығындағы тарихын зерттеу мақсатында, Ақтөбе, Орал, Саратов, Орынбор қалаларына іс сапарға жібереді. Ол іс сапарда жүріп мұрағат, кітапхана қорларымен жұмыс жасап, халқымыздың тарихына қатысты құнды деректер жинайды. Б. Қаратаев ғылыми жұмыспен өмірінің соңында, яғни 70 жастан асқан шағында айналысты. Денесін ауру меңзеп, төсек тартып жатса да, «біздің ұзақ өмірден көргеніміз, естігеніміз, тарихи әдебиеттерден кейбір білгеніміз қағазға түсе берсе игі еді деген мақсат» санаған Б. Қаратаев өз естеліктерін, көзқарастарын парақтарға жазып қалдырған.
Б. Қаратаевтың жан-жақты зерттеліп жазылған құнды еңбегі: «Обзор материалов из истории колонизации казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов». Батыс Алаш зиялылары мен Алашорда үкіметін сыңға ала жазған «Из истории Алаш-Орды» еңбегінен, кеңестік тұрғыда жазылса да, алаш қайраткерлерінің сол кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметтері, іс-әрекеттері туралы танысуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Б. Қаратаевтың артында қалған шығармашылық мұрасының біразын өзі көріп куә болған және өзі қатынасқан революциялық-саяси оқиғалар, яғни «К истории революционного движения в Уральской губернии», 1905-1907 жылғы бірінші орыс революциясы тұсындағы Орал қаласындағы астыртын ұйымдардың қызметін баяндайтын бұл еңбекті зерттеуші М. Ысмағұлов Б. Қаратаевтың жазғандығын айтады, 1919 жылы Торғайдағы Ә. Жангельдиннің екінші жорығын бейнелейтін «Первый полководец казахских частей - А. Джангельдин», Орал қаласын орыс-казактардан азат етілуі туралы «Взятие города Уральска», «Гибель Чапаева» және т. б жөніндегі естелік жазбалар құрайды.

Қорытынды «Б. Қаратаев ел есінде»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz