Аурудың ішкі көрінісі және науқастың ауруға деген психологиялық реакциялары


Slide 1

СӨЖ Тақырыбы: аурудың Ішкі көрінісі және ауруға деген қарым-қатынас түрлері. Науқастың психологиялық аурудың реакциясы.

Орындаған: Тогаевa Дилбар

Топ: 1-022 ЖМ

Тексерген: Гульбахрам Сериковна

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасы

Қарағанды 2017

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

Ішкі ауру көрінісі

Ішкі ауру көрінісінің деңгейлері, түрлері

Науқастың ауруға деген психологиялық реакциясы

Қорытынды.

Қолданылған әдебиетер.

Slide 3

Соматикалық жай-күйдің адам психикасына әсері патогендік те, сондай-ақ саногендік те (сауықтырушы) болуы мүмкін. Соңғы аспектке қатысты айтар болсақ, дәрігер ауыр соматикалық дерттен сауығуда күн сайын науқастың психикалық жай-күйінің жақсаруы (санациясы) өтетінін байқайды. Сырқаттың көңіл-күйі жақсарады, сергектік пен оптимизм пайда болады. Яғни мақалдағыдай "Тәні саудың - жаны сауға” келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы (ДДСҰ) анықтамасына сәйкес денсаулық үш құрамдас бөліктен тұрады: денелік (физикалық), психикалық және әлеуметтік (социалдық) . Қазіргі кезде денсаулықты бейімделуге қабілеттілік, қарсы тұруға және ыңғайласуға қабілеттілік, өзін сақтауға және өзін дамытуға қабілеттілік ретінде қарастырады. Медицинада денсаулықты позитивті анықтау нәтижесінде патоцентристік тұрғымен (дертпен күресу) қатар саноцентристік тұрғы (денсаулыққа және оны қамтамасыз етуге) бағытталу да бар.

Адамның жас шамасы, жас шамалық мүмкіндіктер - сезіну, әрекет ету, өзіне қатыстылық жөніндегі ұғым денсаулықтың ішкі көрінісінің мазмұнын анықтайды. Денсаулық психологиясын бағалауда "денсаулық жай-күйі” мен "хәл” ұғымдарын ажырату қажет. Денсаулық жай-күйі - дәрігерлік тексеру деректері бойынша организмдегі істердің анық жағдайы. Хәл болса субъективті және әрқашан денсаулық жағдайын анық білдіре бермейді. Кеселдің ішкі көрінісінің толық болмауы және бұрмалануы кішкентай балаларда кездеседі.

Сондай-ақ бұл құбылыс тұлға құрылымының ерекшелігіне - өзін бағалаудың тұрақсыздығы, тұтастай "Мен-образын” және физикалық "Менін” өз бағалауы мен басқа адамдардың бағалауына тәуелділігіне байланысты ұшырасады.

Slide 4

Сырқаттың ішкі бейнесі әрбір науқаста көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты құрылады. Бірақ, адамның сыртқы жігерлерге реакциясы, оның темпераменті, мінезінің ерекшелігі, яғни тұлғаның ерекшелегі аса көп ықпал жасайды. Күнделікті өмірде адамның вербальді және вербальді емес белгілерге қарапайым реакциясы экстремальды жағдайлардағы реакциялардан ерекшеленеді. Бұл үшін науқастың шағымдарын, оның мінез-құлқын, сіздің сұрақтарыңызға, ұсыныстарыңызға, нұсқауларыңызға жауап беру реакциясын меңгеру және оның сырқатқа қатысты жеке типін анықтап көру қажет.

Slide 5

Аурудың ішкі көрінісі аурудың субъективтік жағын көрсетеді. В. В. Николаеваның айтуынша науқастың аурудың бейнесінің бірнеше деңгейлері бар:

түйсінудің сезімдік деңгейі;

жекелеген симптомдарға деген жауап берудің эмоционалдық деңгейі;

ауру туралы білімдер мен түсініктердің жиынтығы болатын интеллектуалдық немес когнитивтік деңгейі;

ауру жағдайына қатысты жүріс тұрысты өзгертуді көрсететін мотивациялық деңгейі.

Slide 6

Аурудың ішкі көрінісі ауруға деген реакциялардың болуымен сипатталады. А. В. Квасенко, Ю. Г. Зубарев реакциялардың төрт түрін көрсетеді:

нормосоматогнозия - науқас өз қалпын дұрыс бағалайды;

гиперсоматогнозия - жекелеген симптомдардың маңыздылығын асыра бағалау;

гипосоматогнозия - аурудың ауырлығын дұрыс бағаламау;

диссоматогнозия - ауруды жоққа шығару.

Slide 7

А. Гольдшейдер, Р. А. Лурия (1929, 1935 ж. ) бойынша сырқаттың ішкі суретін екі түрге бөлген:

Аллопластикалық сырқат суреті - сырқаттың дамуына және динамикасына байланысты, функциональді және органикалық патологиялық механизмдер жиынтығы

Аутопластикалық сырқат суреті - науқастың өз сырқатының себебін және ақыр соңын болжау жөніндегі уайымдар жиынтығы

гипонозогнозиялық - сырқаттың маңыздылығын бағаламау

прагматикалық - дәрігермен тез жазылу мақсатында іскерлік байланыс жасау

гипернозогнозиялық - сырқаттың ауырлығын және маңыздылығына шектен тыс баға беру

Slide 8

Науқастың ауруға деген психологиялық реакциясы


Ұқсас жұмыстар
Сырқаттың ішкі бейнесі және науқастың ауруға деген психологиялық реакциялары
Аурудың ішкі бейнесі және науқастың ауруға реакциялары
Науқастың ауруға деген субъективті көзқарасы: психологиялық факторлар мен қорғаныс механизмдері
Науқастың ауруға психологиялық реакциялары: қорғаныс механизмдері, типология және клиникалық аспектілер
Науқастың психологиясы: аурудың объективті және субъективті ауырлығы, ықпал ететін факторлар және психологиялық реакциялар
Соматикалық науқастың психикасы және аурудың ішкі бейнесі: субъективті бағалау, әсер етуші факторлар және деңгейлер
Медициналық сұхбаттың құрылымы және науқастың психикасы: дерттің ішкі бейнесі
Науқастардың ауруға қатынасының түрлері мен клиникалық-психологиялық сипаттамасы
Психикалық аурулардың ішкі көрінісі, құрылымы және деңгейлері: шизофрения, эпилепсия және психопатия
Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер және тұлғаның реакциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz