Жамбыл облысының өсімдік жамылғысы ормандары


Slide 1

№46 орта мектебінің

10 “А” сынып оқушысы

Шекербек Анель

Жоба авторы:

Slide 2

Тақырыбы

Жамбыл облысының

орман шарушылығына

экологиялық тұрғыда баға беру

Slide 3

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері

1. Жамбыл облысының орман саласы бойынша шешімін таппай жүрген мәселені зерттеу.

2. Облыстың орман шаруашылығына экологиялық сараптама жасау және табиғатты үйлестіру және қорғау жолдарын анықтау.

Зерттеу жұмыстың практикалық мәні:

Ғылыми жұмыста қарастырылып, талданған облыстың орман саласының даму барысын экологиялық тұрғыда зерттелуі мен орман шаруашылығын үйлестіру және қорғау жолдарын анықтау. Орман саласы бойынша шешімін таппай жүрген мәселені зерттеу.

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

1. Тақырып туралы түрлі деректер жинақтау.

2. Жан-жақты іздену арқылы тақырыпты нақты жүйелеу.

3. ТИГУ-дегі ғылыми жетекшімен бірге ізденіс жұмыстарын жүргізу.

Slide 4

1. Жамбыл облысы табиғатының орман алқаптарының таралуындағы рөлі.

Кез келген территорияның орман алқаптарының өсуі мен оның таралуы сол территорияның экологиялық-географиялық жағдайына тығыз байланысты болады. Атап айтқанда, облыс территориясының экологиялық-географиялық орны, жер бедері, климаты пен ішкі сулардың орман ағаштарының өсуінде шешуші роль атқарады. Сондықтан Жамбыл облысының табиғатына қысқаша экологиялық - географиялық шолу беріледі.

Slide 5

Жамбыл облысының экологиялық - географиялық орны.

Жамбыл облысы Орталық Азияның дәл ортасында Евразия материгінің терең қойнауында, мұхит-теңіздердің шалғайында ( 3000 шақырым қашықтықта), қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Осы жағдай, облыс климатының шұғыл континентальды болып қалыптасуына әсер етеді. Ал оның салдарынан, облыстағы ауа температурасының жылдық және тәуліктік тербелісінің (амплитудасының) шұғыл өзгеріп, теңіз жағалауындағы елдермен салыстырғанда, салыстырмалы ылғалдық пен бұлттықтың төмен, құрғақшылықты қалыптасады. Ол кезегімен территория мен жыл мезгілдерінің ішінде жауын-шашынның әркелкі түсуі мен шөлдің дамуына ықпал жасап отыр. Табиғаттың осы қасиеттері Жамбыл облысындағы геосистемалардың антропогендік әрекеттерге төтеп бере алу қабілетінің төмен, табиғи шөлге бейім екендігін көрсетеді.

Slide 6

Жалпы алып жатқан жер көлемі 145 мың шаршы шақырым. Облыс жері солтүстіктен оңтүстікке 4 шақырымға созылса, оңтүстігіндегі және батысындағы шекаралары табиғи шекара болып тау жоталарымен өтеді.

Slide 7

Жамбыл облысы алып жатқан ауданы батыс Еуропаның Португалия, Греция, Голландия мемлекеттерінің ауданын

қоса есептегендегі ауданнан артық.

Греция

Португалия

Голландия

Slide 8

Геологиялық құрылыстың экологиялық әсері мен ролі

Жамбыл облысындағы таулар ертедегі докембрий мен төменгі палеозойдың берік интрузивті тау жыныстарынан тұрады. Бірақ ауа температурасының шұғыл өзгерісі әсерінен гранитті және метоморфты тау жыныстары физикалық үгілуге жиі ұшырап отырады. Бетпақдала мен Мойынқұм, Боздала жазықтары эолды құнды, сазды шөгінді үрленіп тасымалданып кетуіне бейім болады. Климаттың жағымды экологиялық әсерлеріне тоқталсақ, облыс жер - термикалық ресурстарға өте бай. Вигитациялық кезең, өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайлы деген, орташа ауаның температурасы +5 +10°С артатын мерзім ұзақтығы 200-225, 165-190 күнді құрайды.

Бетпақдала

Мойынқұм

Slide 9

Жер бедерінің орман ағаштарының өсуіне әсері.

Жамбыл облысының жер бедерінің басым көпшілігі жазық. Тау жоталары облыс территориясын батысынан, шығысынан және оңтүстігінен қоршап жатады. Тау жоталары ұсақ шоқырларға ұқсас, олардың арасын бөліп тұрған тегістелген беттер кездеседі. Тау жоталары тік жар қабаты беткейлермен аласарады. Аса тілімделген, аридті үгілудің формалары жиі ұшырасады.

Қырғыз Алатауы жоталары горизонтальды және вертикалды бағытта жиі тілімделген.

Қырғыз Алатауы

Slide 10

Орман алқаптарының таралуында климат пен ішкі сулардың рөлі

Климат пен ауа райы, кез-келген территорияның экологиялық жағдайын қалыптастыруда үлкен роль бар. Жамбыл облысы климатының құрғақшылығымен, шұғыл континентальдылығымен сипатталады. Бұл жағдайлар, біріншіден, қарастырылып отырған территорияның Евразияның дәл ортасында орналасуымен және мұхит бассейндерінде шалғай орналасуына байланысты. Екіншіден, атмосфера циркуляциясының да әсері бар. Қоңыржай ендіктердің оңт. орналасуы - күн радияциясының мол келуіне септігін тигізеді.

Slide 11

Сулары

Жамбыл облысының жер беттік сулары Арал теңізі бассейіне жатады. Аймақ пен жазық даласында, климат жағдайы екі түрлі болғандықтан, өзен торының жиілігі әртүрлі. Мойынқұм мен Бетпақдала шөлдерінде жер беттік сулары жоқ. Шу мен Талас өзендеріне, тау етегінен сағасына дейінгі аралықта, бірде-бір өзен саласы келіп құймайды. Таулы ауданда, ылғал мол түскендіктен, өзен торы жиі, бірақ өзендері шағын.

Арал теңізі

Талас өзені

Slide 12

Жамбыл облысының өсімдік жамылғысы ормандары

Жамбыл облысының флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Соның нәтижесінде фитотерапиямыз айтарлықтай дамытып отыр. Жамбыл облысының пайдалы өсімдіктерге бай келетін жерлері көп жағдайда таулы аймақтарында кездеседі. Қазақстан Республикасының «Ботаника және фитоинтродукция» институтының ғылыми қызметкерлерінің «Жамбыл облысы өсімдіктерінің мемлекеттік кадастыры» бойынша жүргізген зерттеулеріне жүгінер болсақ, Жамбыл облысында 2038-ге жуық өсетін өсімдік түрі кездеседі.

Slide 13

Оның ішінде пайдалы түрлері де аз емес, 100-і эндемикалық түрлер, 102 Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгендер, 9 түрі қорғауды қажет ететін, саны азайып бара жатқандар. Солардың бірқатары: жерсабын, долана, грейга қызғалдағы, кауфман қызғалдағы, жабайы жүзім, регел алмұрты, Сиверс алмасы, Берікқара терегі, тораңғы терегі, Согдий шағаны, саур аршасы мен зеравшан аршасы. Дәрілік өсімдіктердің 150 түрінен астамы белгілі. Бірақ бұл түрлерінің барлығын дәрілік шикізат ретінде жинау мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреулері аз мөлшерде кездессе, кейбір түрлері адам аяғы жете бермейтін жерлерде өседі.

Регель алмұрты

Грейга

қызғалдағы

Slide 14

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

шалфей

шаңқурай

бақ бақ

өгейшөп

Қызыл мия

Slide 15

Қызыл кітапқа енген жемістер

Долана

Регель алмұрты

Сиверс алмасы

Slide 16

Жамбыл облысының орман қоры, оны қалпына келтірудің шаралары


Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысының табиғи қорларын талдау
Орман өсімдіктері
Оңтүстік Қазақстанның қалалары
Алматы облысы Көксу ауданы Үйгентас ЖШС топырақтары және оларды ауылшаруашылығында пайдалану
Түркістан облысының жер ресурстары
Қазақстанның топырақ типтері
Тараз қаласы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШӨЛДЕР
Дала зонасы
Топырақты химиялық ластауыштар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz