Этнопедагогика оқулықтары


Slide 1

Қазақстанда басылым көрген «Этнопедагогика» оқулықтары.

Орындаған: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің педагогикалық факультетінің студенті Сағымбай Жамила

Slide 2

Жоспар

1. Кіріспе(3)

2. Қазақстанда басылым көрген«Этнопедагогика» оқулықтары(4-6)

3. Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы(7)

4. Серғазы Қалиев(8)

5. Қожахметова Клара Жантуриевна(9)

6. Ұзақбаева Сақыпжамал Асқаровна(10)

7. А. Мұхамбаева(11)

8. Р. Қ. Дүйсенбінова(12)

9. Қорытынды(13)

10. Пайдаланған әдебиет(14)

11. Назарларынызға рахмет!(15)

Slide 3

Кіріспе

Этнопедагогика- белгілі бір ұлттың өзіне ғана тән дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Ол -халық ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлер жинағы және ұлттық тәлім- тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі. Қазақ этнопедагогикасының негізі-қазақтың халық педагогикасы. Ауыз әдебиеті мұрасы мен халықтың салт-дәстүрлері, ұлттық педагогикалық ойлар тарихы- этнопедагогиканың көрінісі. ғалымдардың зерттеулері қазақ этнопедагогикасының ғылыми саласының күрделілігін айқындады. Сондықтан төменде көрсетілген халық педагогикасының бүгіндегі оқу-тәрбие жүйесіне ендірілуі мен қолданылуы мәселелерін реттеуде, зерттеу жұмыстарының жекеленген өзіндік үрдістері бойынша қарастырылуын дұрыс деп санаймын.

Slide 4

Қазақстанда басылым көрген «Этнопедагогика» оқулықтары

1. Халық педагогикасының теориялық, әдіснамалық, тарихнамалық проблемаларына арналған зерттеулер

Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Қ. Бөлеев,

С. Ғаббасов, К. Оразбекова

2. Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-методологиялық және теориялық негіздері

С. Қ. Қалиев, К. Ж. Қожахметова

3. Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәлім-тәрбие мәселелері

Қ. Бөлеев, К. А. Оразбекова

4. Қазақ этнопедагогикасының тарихы

Қ. Жарықбаев, Т. Әлсатов, З. Әбілова, Ә. Табылдиев, Ш. Жұматаева

Slide 5

5. Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие

Н. Қ. Сарыбеков, С. Ысқақов, Ж. И. Жанұзақова, Г. М. Сәбденәлиева, Ш. Ж. Арзымбетова

6. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие

С. Ұзақбаева, М. Х. Балтабаев, Т. А. Қышқашбаев

7. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектеп практикасына ендіру

Р. Қ. Дүйсембінова, Т. Ә. Қоңыратбаева, Ә. Сәдуақасов

8. Қазақ халқының этномәдени мұралары негізінде ұлттық тәрбие беру

Ж. Наурызбай, Б. Е. Қайырова

9. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі

Б. Төтенаев, М. Тәнікеев, Е. Сағындықов, Б. М. Досқараев, Т. Ж. Бекботчаев

10. Шет елдердегі қазақ диаспораларындағы ұлттық тәрбие мәселелері

Қ. Қобдабай, Ә. Ашайұлы

Slide 6

11. Халық педагогикасы материалдары негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру

Ш. Б. Құлманова, Р. К. Төлеубекова, Ж. С. Хасанова)

12. Жоғарғы және арнаулы оқу орындарындағы студент жастарға қаза қэтнопедагогикасы мұралары негізінде білім мен тәрбие беру мәселелері

Б. Ы. Мұқанова, М. Н. Сарыбеков, Ж. Асанов, Сырымбетова Л. С),

13. Халық педагогикасындағы патриоттық тәрбие

С. Т. Иманбаева

14. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі

А. Қ. Қисымова, Ж. Б. Сәдірмекова, А. Е. Дайрабаева

Slide 7

Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы

Ұлы дала ғұламаларының педагогикалық ой-пікірлерін жинақтап, олардың тәлім-тәрбиелік һәм діни-рухани мұралары жөнінде республикамызда тұңғыш рет көлемді ғылыми зертттеу жүргізген Қ. Жарықбаев болды. Қ. Жарықбаев өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде ұлттық педагогика тарихының дамуына қомақты үлес қосты. Еңбекте тұңғыш рет шығыстанушы, әдебиеттанушы және этнолингвистика мен елтанушы ғалымдардың еңбектері негізінде қазақ топырағында ғұмыр кешкен көнетүркі ғұламалары: Йоллық тегін, Күлтегін, Мойыншор, Білге қаған, Тоныкөк, Онгин, Сүдже, Құлышора және басқа данышпандардың тағылымдық өсиеттері баяндалады. Ғалым орта ғасырларда мұсылман Ренессансының өркендеуіне үлес қосқан алып тұлғалар: Әбунасыр Әл Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, А. Йассауи және А. Йүгінеки ғибраттары жайында сөз етіп, аталмыш данышпандар тағылымдары жөнінде арнайы дәріс курсын өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар ұсынады.

Slide 8

Қалиев Серғазы

С. Қалиев өзінің “Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі” (1986) атты еңбегінде Қ. Жарықбаевтың зерттеулерін одан ары дамыта түсіп, қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ақын-жыраулар поэзиясындағы тәлімдік идеялар жөнінде толық мағлұматтар береді. С. Қалиев қазақ этнопедагогикасы тарихындағы “Алтын ғасыр кезеңі” болып саналатын Қазақ хандығы тұсында ғұмыр кешкен ақын-жыраулардың педагогикалық ой-пікірлеріне терең талдау жасап, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде, ата-бабалар тағылымдарын мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында жүйелі тұрғыда пайдаланудың әдістемелерін ұсынады. Бертін келе аталмыш зерттеу материалдары - “Қазақ халқының салт-дәстүрлері”, “История обучения и воспитания казахов”, “Қазақ этнопедагогикасы және этнопсихологиясы курсының бағдарламасы” және “Қазақтың тәлімдік ой-пікір Антологиясы”және басқа бағдарламалар мен тұжырымдамалардың пайда болуына негіз болды.

Slide 9

Қожахметова Клара Жантуриевна

С. Қалиев негізін салған қазақ этнопедагогикасының ғылыми-методологиялық және теориялық негіздеріне арналған зерттеу жұмыстары К. Ж. Қожахметованың еңбектерінде көрініс тапты. К. Қожахметова өзінің “Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика” (1998) деген еңбегінде сол кезеңге дейінгі қазақ этнопедагогикасы бойынша зерттелген еңбектер мен авторлық-мемлекеттік бағдарламалар мен әдістемелік оқулықтар және озық тәжірибелер жөнінде толық мағлұматтар келтіріліп, жете талдау жасады.

Slide 10

Ұзақбаева Сақыпжамал Асқаровна

«Тамыры терең тәрбие. Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие», « Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі», «Қазақ халық педагогикасы» т. б. еңбектерінде халық педагогикасындағы эстетикалық, ұлттық тәлім-тәрбие мәселелерін, қазақ халқының этномәдени мұралары негізінде ұлттық тәрбие беру, жоғарғы және арнаулы оқу орындарындағы студент жастарға қазақ этнопедагогикасы мұралары негізінде білім мен тәрбие беру мәселелерін қарастырып, этнопедагогика ғылымының дамуына үлкен үлесін қосты.

Slide 11

А. Мұхамбаева

И. Оршыбеков, Қ. Б. Жарықбаев, Қ. Сейсембаевпен бірге Қазақстанда халық педагогикасына қатысты тұңғыш зерттеулер жүргізген алғашқы ғалымдардың бірі. А. Х. Мұқамбаева өзінің “Национальные обычаи и традиции казахского народа и их влияние на воспитание детей и молодежи”деген еңбегінде қазақ халқының тәлім-тәрбиелік дәстүрлері және оның тарихы жөнінде мәселе көтереді. А. Мұхамбаеваның ойынша жас ұрпаққа халықтың сан ғасырлар бойы жинақталып келген салт-дәстүрлері негізінде тәрбие беру - алдымен салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың халық тұрмысындағы пайда болу генезисін анықтап алудан бастау керек дейді.

Slide 12

Р. К ДҮЙСЕНБІНОВА


Ұқсас жұмыстар
ЭТНОПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасуы
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңдері және даму тарихы
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану;халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері
Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ - ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
Этнопедагогика туралы ақпарат
Этнопедагогика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz