Монтессори педагогикасының негізгі принципі


Slide 1

ЖОБА

«Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу және оқыту процесіне М. Монтессори педагогикалық жүйесін еңдіру»

Slide 2

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады

Ұсынылып отырған Монтессори технологиясы баланың өз мүмкіндіктерін, қабілеттіліктері мен қажеттіліктерін түсінуі арқылы тұлғалық даралануын қамтамасыз ете отырып, балаларды жан - жақты дамытуға, олардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға және потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған.

«Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау»

М. Монтессори

Slide 3

Мария Монтессори (1870-1952) есімі - педагог және психолог, тәжірибелі балалар дәрігері және философ, ғалым - зертттеуші әрі жаңа гуманистік идеяларды жасаушы ретінде қоғамымызда әлі күнге дейін таңымал. Монтессоридің педагогикалық жүйесі - балаларды ойлауға үйретеді, ойлай алу - қазіргі қоғамымыздағы маңызды шарттардың бірі болып табылады. Балабақшада ауырып, әлсіреп қалған балалармен жұмыс жасап, оларды бақылауда Мария Монтессори олардың өмірін жеңілдетуге, өз әріптестерін қуып жетуіне көмектесуге талпынды. Ол балаларға оларды еліктіріп қана қоймай, олардың қиялын дамытатын, қол саусақтарын дамытатын ойыншықтар ойлап табуға талпынды. Осының нәтижесінде Монтессори баланың жеке тұлғасын ішкі потенциалы негізінде баланың өзі қалыптастыра алатын орта құруына негізделген білім беру жүйесін құрды. Сонымен қатар, балаларға бақылау жүргізе отырып, Монтессори психикалық дамудың мүмкін болатын ерекшеліктерін бөліп көрсетті: сіңіруші сана және жас ерекшелік сензитивтілігі.

Slide 4

• сөйлеуінің даму кезеңі(0-6 жас)

• тәртіпті қабылдау кезеңі (0-3 жас)

• сенсорлық даму кезеңі (0-5. 5 жас)

• ұсақ заттарды қабылдау кезеңі (1. 5-2. 5 жас)

• қимыл мен әрекеттің даму кезеңі (1-4 жас)

• әлеуметтік дағдыларының даму кезеңі (2. 5-6жас)

Slide 5

қоршаған орта

тәрбиеші

бала

Баланың өзінің білім алуына мүмкіндік беретін педагогикалық жүйе жасалынды.

Жүйе үш бөлімнен тұрды:

Slide 6

Жобаның өзектілігі

Мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігін жетілдіру, оны қоғамның қазіргі кездегі сұраныстарына сәйкес ұйымдастыру, білім беру мекемесінің қайталанбас бейнесін құру - мұның барлығы педагогтарды жаңа білім беру стандарттарын жүзеге асыру мақсатында инновациялық әрекетке ынталандыратын тәжірибе талаптары.

Slide 7

М. Монтессори педагогикасы - балаларды ерте жастан дамытудың әдістемесі

Монтессори технологиясының мақсаты:

Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.

Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.

Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

Slide 8

«М. Монтессори педагогикасын мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу және білім беру ортасына енгізу»

Slide 9

Жобаның мақсаты:

М. Монтессори педагогикасын енгізу арқылы балалардың білім алуы мен танып білуіне жағдай жасалған арнайы ортасын құру, өздерінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

Жобаның міндеттері:

мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған, білім беру салаларын кіріктіру,

мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру.

Slide 10

Күтілетін нәтижелер

• білім беру мекемесінің деңгейінде М. Монтессори педагикасын енгізудің оңтайлы шарттары әзірленіп, апробациядан өткен және енгізілген;

• М. Монтессори педагогикасын енгізу және қызмет етуі үшін қажетті нормативтік-құқықтық базасы жинақталды;

• инновациялық қызметке қатысушы тәрбиеленушілер мен олардың ата аналарына ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық, психологиялық, медициналық, көмек көрсету;

Slide 11

Монтессори теориясын тәжірибеде 100 жылдам астам уақыт қолдану - кішкене балалардың өздері жүріп, сөйлейтіндігі тәрізді оқу, жазу, санауды осындай табиғи жолмен меңгере алатындығы туралы идеяны негіздеді. Монтессорилық сыныптарда арнайы оқу материалдары баланың қызығушылығы артып тұрғанда және ол оқу әрекетіне дайын болғанда оқуына мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде көптеген балалар оқу мен санауды өте ерте жастан меңгереді.

Slide 12

Мектепке дейінгі ұйымда Монтессори педагогикасының үлгісін енгізуді қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс шаралар

МДҰ ның педагогтары мен мамандарының осы бағытта қайта даярлаудан өтуі.

М. Монтессори педагогикасын енгізу бойынша МДҰ ның әдістемелік іс әрекетін ұйымдастыру.

Пәндік - кеңістік дамытушы ортасын ұйымдастыру.

Классикалық «монтессори-материалдарын» алу.

Мониторинг жүйесін әзірлеу.


Ұқсас жұмыстар
Назарды шоғырландыру қағидасы
Педагогикалық технология анықтамалары
М. Монтессори балабақшасы
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог музыканттың әдіснамалық мәдениеті
«Қызықты математика»
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту технологиялар
Мария Монтессори өсиеттері
Еңбек тәрбиесі
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
Денсаулық сақтау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz