Заманауи сабақ
Презентация қосу
Сабақ кезіндегі мұғалім мен оқушылардың қарым-
қатынасы. Заманауи сабақ.Сабақтың стратегиялық
жоспарлану әдісі.
ЖОСПАРЫ:
1.Сабақ кезіндегі мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы.
a) Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясы.
b) Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы педагогикалық қарым –
қатынас.
2. Заманауи сабақ.
c) Заманауи сабақтың негізгі компоненттері
d) Заманауи сабақтың дәстүрлі сабақтан ерекшелігі
e) Заманауи сабақты оқытудың мақсаты
f) Заманауи сабақтардың тиімділігі
3.Сабақтың стратегиялық жоспарлану әдісі
g) Сабақты тақырыптық жоспарлау
h) Сабақты жылдық жоспарлау
Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-
қатынас психологиясы.
Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы
өзара қарым-қатынас жасау мәселесі
психология ғылымындағы және тәлім-
тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі
проблемалардың қатарына жатады
Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен
осы бағытта жинақталған тәжірибелердің
нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар
мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас
орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар
түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне,
мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен
шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда
әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп
отыратындығы.
барлық бейнесімен ерекше
кіші мектеп жасындағы із қалдырып, оларға күшті
мұғалім
балалар үшін әсер ететін тұлға
әрбір қимыл-қозғалысына,
іс-әрекеті мен сөйлеген
сөзіне, оның ақыл кеңесіне,
Ересек балалар мұғалімнің өзге адамдармен қарым-
қатынасына, шәкірттерге
қоятын түрлі талаптарына
өздерінше іштей сын
көзімен қарайды
Осы мәселені анықтау бағытында арнайы
жүргізілген психологиялық және педагогикалық
зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі
ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан
сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан
қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы
кедергілер мен себептер болатындығын анықтады.
Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін
психологиялық жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-
тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.
Шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен
тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп
іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасады.
Бірінші топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы мұғалімнің
адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласты
көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді шәкірттер өз
ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал, ұстаздардың бұларға немқұрайлы, селқос,
ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын талап-
тілектер. Мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі балаларға оқу материалдарын жете
түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер қолданып, сабақты
тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздық жасөспірімдердің бірімен-бірінің өзара қарым-қатынасына,
олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен сәтсіздіктеріне, әр түрлі
қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл бөліп, мән беруі,
ұстаздың класс жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.
Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының
ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара
реніштің туындау себептері:
Осы заманғы психологиялық зерттеулерде әлеуметтік өмірдің әр
түрлі өрісінде болып отыратын талас-тартыстар мен дау-
дамайдың өрбуі ерекше назар аударып, олардың себеп-салдарын
анықтап отыруға ерекше мән беріп отыруды қажет ететін өмір
тіршілігінің шындығы. Біз бұл еңбектің алғы тарауларында
өнеркәсіп орындарымен мекеме ұжымдары арсындағы әр алуан
ситуациялар мен шиеленісті жағдайлардың болып
отыратындығына баса көңіл аударып, сондай жәйттерді жеңудің
жөн-жосығын, әдіс-тәсілдерін нақты жағдайлар негізінде
психологиялық тұрғыдан іздестіріп көрдік.
Талас-тартысты мәселелердің туындап
отыруына әлеуметтік- психологиялық
заңдылықтардың болатындығына көз
жеткіздік. Ал бұл мәселенің теориялық
және методикалық негіздері мен
сипаттарын ғылыми тұрғыдан тереңірек
ашып көрсету өз алдына зерттеліп, тиісті
шешімін келешектен күтеді.
Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы
педагогикалық қарым – қатынас:
Педагогикалық
қарым – қатынас
шәкірттің (оқушы, студент)
психикалық дамуының қайнар көзі
болып табылады. Педагогикалық
қарым – қатынас құрылымында өзара
түсіністік деңгейі детерминанттың
тұтас қатарымен меңгеріледі.
Детерминанттың тұтас қатарына
жататындар:
Жас;
өзіндік бағалаудың даму деңгейі;
білім деңгейі;
Икемділік;
Дағды;
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара
қарым – қатынастың дамуына, яғни ұстаздың
қарым – қатынас жасау деңгейі,
педагогикалық топтың және сыныптың даму
деңгейі әсер етеді.
Л.Я.Коломинский Қарым-қатынас туралы:
«Бұл процесс барысында
жүзеге асып жалғасатын,
қалыптасатын
хабарламалық және заттық
өзара әсер»
Осы кезде тәлім – тәрбие ісіндеі шәкірттермен қарым
– қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа
ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен
әсіресе, шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен
санасып отыру қажеттігіне баса мән береді. Осындай
талапты анықтап, оны жүзеге асыру жолында
ұстаздың бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет
және арнайы білім болу керек деген міндет
қойылады.
Шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көңілдеріне
қонымды талап – тілектеріне лайықты, ұнамды
қасиеттерді көргісі келеді. Осы орайда ұстаздың
бойындағы сапалар мен қасиеттердің қаншалықты
ықпалды болатындығын белгілі жүйеге келтіріп,
іздестіру оларды күнделікті тәлім – тәрбие істерінің
тәжірибесіне ендіріп отырудың маңызды екендігіне
айрықша көңіл бөлу керек болады. Адамның дамып,
жетілуіндегі ерекшеліктерге байланысты, ұстаздар
шәкірттерге ілтипатпен көңіл аударып, сеніммен
қарау керек. Егер де ұстаздар шәкірттерге әлі де бала
ретінде қарайтын болса, онда олар мұндай
талаптарға қарсы шығып, өздерінің қарсылығы мен
наразылығын сөйлеген сөздерімен, істеген істерімен,
мінез – қылықтары арқылы білдіреді.
Педагогикалық жұмыста кедергілердің
тууының екі себебін айтуымызға болады.
Бірінші себеп:
Мұғалімдердің өз ісіне немқұрайлықпен қарауы, сондай – ақ олардың оқу
орнындағы білімге сәйкес алға қойған міндеті, мақсаттарын дер кезінде
орындамауы салдарынан туындайды. Олар нашар оқытады, нашар қарым –
қатынасқа түседі және нашар тәрбиелейді. Мұндай оқытушылардың өзіне
немқұрайлықпен қарауының нәтижесінде олардың қоғамға, ғылымға, адамдарға
немқұрайлықпен қарауы деп айтуымызға болады. Нашар ұстаз тек қана ұстаз
деген атты сақтап тұрады да, ал шын мәнінде педагогикалық процесті бұзады.
Мұндай ұстаздардың жұмысының нәтижесі – педагогикалық жарамсыз болып
табылады. Яғни бұл шәкірттердің сабаққа деген қызығушылығының
төмендеуінен, білімдерінің төмен болуынан т.б. көптеген қасиеттерінен көрінеді
Педагогикалық жұмыстағы қарама – қайшылықтың
туындауының екінші тобына, ұстаздардың
шәкірттермен қалыпты, іскерлік, адамдық қатынасты,
өзінің жұмысына, балаларға деген ерекше махаббаты,
жоғарғы білімі болса да орната алмауынан туындайды.
Мұндай жағдайда оқытушының өзі де зардап шегеді.
Онда өзінің педагог ретінде шыңдалмағанын сезіну,
өзінің күшіне сенбеушілік, кәсіпке деген жағымсыз
қатынастар туындайды.
өмір бойы
баланы
оқытатын өмір бойы
баланы
тәрбиелейтін
Баланың
тұлғасының
толық
Барлық
қалыптасып
жетілуіне үлкен Ұстаз адам
үлес қосатын үшін үлгі
Оқыту процесі кезінде және
тәрбиелеу кезінде
туындайтын сұрақтарға
жауап бере алуы керек, ол
үшін міндетті түрде
қателеспеуі тиіс.
Ұстаздық мамандықтың өзге маман иелерінен басты
айырмашылығы – оның адаммен жұмыс жасап, оның тұлғасының
пісіп – жетілуіне күші мен қуатын, білімін жұмсауы керек. Соған
орай бұл мамандықтың қыры мен сыры қат – қабат болып
келетіндігі де сондықтан. Ұстаздар мен шәкірттер арасында белең
алып отыратын кедергілер бір қырынан ұстаздық мамандықтың
күрделілігімен жауапкершілігінің мол екенін аңғартатын болса,
екінші бір жағынан қарастырғанда адамның жан – дүниесінің
сыры, психикасы аса күрделі құрылым екеніне көз жеткіземіз.
2.Заманауи сабақ
Заманауи сабақ дегеніміз – заман талабына сай
маңызды, оқушының қызығушылығын ескере
отырып құрылған сабақ.
Заманауи сабақ
бұл мұғалім мен оқушының қажырлы еңбегі
мен шығармашылық ізденістерге толы
күнделікті өмірінің уақыты шектеулі кезеңі.
Заманауи сабақтың негізгі компоненттері
Мақсатты
Ұйымдастыру
Мотвациялық Коммуникациялық
Технологиялық
Маңызды
Бақылау- Аналитикалы
бағалау қ
1.Ұйымдастыру – сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың
сабаққа дайындығы, тәртібі.
2.Мақсатты – сабаққа және оның жеке кезеңдеріне мақсат қою.
3.Мотивациялық – берілген тақырыпта, сонымен қатар курста
оқытылатын материалдар маңыздылығын анықтау.
4.Коммуникациялық – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
5. Маңызды – оқыту, бекіту, қайталау, өзіндік жұмыстары т.с.с. үшін
материалдар таңдау.
6.Технологиялық – берілген сабақтың түрі, берілген тақырыбы және
берілген сыныбы үшін оқытудың ең тиімді әдістерін және тәсілдерін
таңдау.
7.Бақылау-бағалау – сабақта оқушы жұмысының белсенділігін
ынталандыруына және танымдық қызығушылық дамытуына арналған
бағалар.
8.Аналитикалық – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар
жұмысын талдау, сабақ ұйымдастыру бойынша өз жұмыс нәтижесін
талдау.
Заманауи сабақтың дәстүрлі сабақтан
ерекшелігі
Біріншіден: сабақ үш - төрт оқушыдан үй тапсырмасын
сұраудан басталады. Сонымен бірге бір оқушы сабақ
уақытының көп бөлігі кететін тапсырманы шешеді немесе
үй тапсырмасын оқиды.
Екіншіден: мұғалім жаңа тақырыпты
түсіндіреді. Оқушылар жаңа тақырып
бойынша бір немесе бірнеше тапсырма
орындайды;
Үшіншіден: сабақтың ресми бөлігі – мұнда
мұғалім жеке оқушыларға бағаларын айтады,
үй тапсырмасын береді.
Төртіншіден: үлгірімі нашар оқушылардан
сұралмай қалуы да мүмкін, өйткені олардың
ойларын толық жеткізуі үшін бағалы
минуттар қажет. Дәстүрлі сабақта сабақ
соңында бағалау әр оқушыға тимейді.
Бесіншіден: сол сабақта өз ойын айтқысы
келген оқушылардың жабулы қазаны жабулы
күйінде қала береді. Мүмкін олардың ойын
жеткізуіне, сабаққа қатысуына мұғалімнің
мақсатқа жетуде жасаған жұмысының аздығы
болуы мүмкін. Сабақтың мақсаты сабақ
соңында барлық оқушылар жетуі тиіс мекен
екенін есте сақтаған жөн.
Заманауи сабақты оқытудың мақсаты
Ғылыми танымның нәтижелерін ғана емес, сол
нәтижелерді алу үрдісін меңгеру,
оған оқушының интеллектуалдық, уәждік, эмоционалды
және т. б. басқа орталарын қалыптастыру мен дамыту,
оның жеке қабілеттерінің дамуы, яғни проблемалық -
дамытушы оқытуда оқушыларға ғылымның дайын
қорытындыларын беру емес, баланың жалпы дамуына
көңіл бөлінеді.
Заманауи сабақ білім алушыны
(оқушыны) неге дайындайды?
Білім алушыларды өмірдің үнемі өзгеріп отыратын жағдайына
дайындайды.
Білім алушының жаңа ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.
Ақпараттық ресурстарды, информатиканың заманауи құралдары
мен ақпараттық технологияларды өзінің өмірі мен дамуын
қамтамасыз ету мүддесімен қалыптастыру мен пайдалану қабілетін
сипаттайды.
білім алушыны Жер шарындағы өркениеттің тұрақты даму
мәселелері контекстінде қалыптастыру мен дамыту – бір жағынан,
бұл құлықтың қажетті және жеткілікті стандартталған түрін
(құзыреттіліктер) қалыптастыру,
екінші жағынан – интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті
барынша дамытады.
Заманауи сабақтардың бізге берері және тиімділігі
- Оқушы барынша еңбек
етеді
- Мұғалім оқушының
білімді өзі алу мүмкіндігі
болатындай етіп
ұйымдастырады.
- Оқушы еңбек жасап,
іздене отырып, өз
жұмысына өзі баға береді.
- Оқушы бір ғана
тақырыпты ғана
қамтымай, өз өмірімен
салыстыра алады,
тұжырым жасайды.
- Оқушы өзінің қасиеттері шегінде барынша белсенді
әрекет етеді және өзі үшін пайдалы да маңызды бірдеңе
алады.
- Барлық оқушылар тепе - тең дәрежеде болады - бірдей
тапсырмалар және бірдей уақыт.
- Өз елінің қоғамының талаптарына сәйкес оқушы
қалыптасатын сабақ.
-Оқушыға Жердің түрлі нүктелерінде заманауи өмірге
ену үшін қажетті құзыреттіліктер қалыптастыратын
сабақ.
- Мұғалімнің сыныпта жүзеге асыратын, мақсаттарға
жетуге, баланың жаңа әлеуметтік - педагогикалық
жағдайда өмір сүруге дайын тұлғасын қалыптастыру
мен дамытуға бағытталған сабақ.
- Мұндай сабақта барлық оқушылар еңбек терісін
аямай жұмыс жасайды, ал мұғалім оқыту үрдісін
басқарады (ол еңбек терісін аямай сабаққа
дайындалды).
Заманауи сабақтың тиімділік
критерийі:
- Жеке тұлғаны дамыту;
- Өз қызметін жобалап, оның
субъектісі бола білуі;
- Жаңашылдыққа үйрету;
- Еркін сабақ;
- Оқушылардың топпен белгілі бір
қорытындыға келуі;
- Мұғалім оқушыға зерттеуге,
ізденуге бағыт береді;
- Оқушының өз әрекетін түсініп,
саралай білуі: яғни нәтижеге қалай
қол жеткізді, қандай қиыншылықтар
кездесті, ол қиындықтардан қалай
шықты және оқушы осы кезде
қандай сезімде болды?
Олай болса, заманауи сабақ – танымдық, іскерлік,
жаңашылдық, көзқарас қайшылығы кездесетін, даму сабағы.
Білімге, өзін өзі тануға, өзін өзі қалыптастыруға, ынталандыруға,
шеберлігін шыңдауға, таңдауға, өзіне деген сенімділігін
арттырып, қажеттілігін сезіндіретін сабақ.
Білім беру сапасын жақсартудың бірден – бір жолы – жаңа
педагогикалық технологияларды қолдану. Қазіргі қоғамдағы
мұғалім – жеке көзқарасы бар жігерлі тұлға, зерттеушілік,
ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы
қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім
алуға үйрете алатын маман болуы керек.
3.Сабақтың стратегиялық
жоспарлану әдісі
Тақырыптық жоспарлау
белгілі бір пәнге қатысты оқытудың
барлық формасының бірлігі мен
байланысының көрінісі.
Тақырыптық жоспар мұғалімге бір сабақтан
келесі сабаққа өту барысында дидактикалық
мақсаттарды анықтауда бірізділік пен
жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу
материалының мазмұнындағы негізгі ойды
бөлі п қарауға, оқушылар мен
мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін
белгілеуге, пәнаралық байланысты
орнықтыруға, оның барысында
пайдаланылатын көрнекі және техникалық
құралдарын ойластыру, сонымен бірге
нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін
алдын ала болжауға мүмкіндік береді.
Тәжірибелі мұғалім
тақырыпты зерттегенде, оқу
материалын оқып біледі, осы
тақырып бойынша өткен оқу
жылында жүргізген
сабақтардың тәжірибесін
ескереді, жеке сабақтарға
арналған тақырыптың
мазмұнын жоспарлайды және
сабақта тек білімдік
міндеттерді ғана емес, сол
сияқты тәрбие міндеттерінің
шешілуін де белгілейді.
Күнтізбелік- тақырыптық
жоспар
б
ұ
л
білімдік мекеменің мектеп оқушыларын
нақты пән бойынша дайындау деңгейі мен
мазмұндық минимум талаптарын іске
асыруға арналған құжат.
Күнтізбелік- тақырыптық жоспар нақты пән
бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігімен
бекітілген үлгі оқу бағдарламасы негізінде
педагогтың өздігінен құрастырылады. Онда
берілген пәнді үйрену нәтижесі бойынша
оқушылар даярлығына қойылатын талаптар,
білімдік үдерісті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
болып, нақты пәнді оқытудағы педагогтың
тәжірибелік қызметінде мемлекеттік стандарттар
компоненттерінің қалайша іске асырылатыны
жайында түсінік берілуі тиіс.
Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер
оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады,
әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен
қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары
сапада білім беріп, жеке басын нәтижелі
тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас
тақырып бойынша даярлану белгілі бір оқу
материалын мектепте өту үшін жақсылап
жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың
ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын,
сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және
артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын
ескеруге мүмкіндік береді.
Күнтізбелік- тақырыптық жоспардың міндеттері:
әр тақырыптың жылдық курстағы және әр сабақтың
тақырыптағы орнын белгілеу;
жеке сабақтармен, жылдық курстың
тақырыптарымен өзара байланысын белгілеу;
оқушы қызметінің нәтижесін нақтылау мақсатында
оқу курсында тексерілетін мазмұн элементтері мен
бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын
талаптарды белгілеу;
білім алушыларды пән бойынша жүйелі білім, білік
және дағдылармен қаруландыру бойынша тиімді
жұмыс жүйесін қалыптастыру.
Сонымен,тақырыптық жоспарлау оқу
бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе
тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен
сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік
үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру
қызметтерін іске асыруының қолайлы
жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге,
негізгі дидактикалық мақсатына байланысты,
сабақтың әр алуан тұрпаты және түрлерімен
қоса оқушылардың сыныптан тыс және оқудан
тыс жұмыстарының басқа түрлері де кіреді.
Тақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай
іске асырылуы, көбінесе мұғалімнің
оқушылар нені білулері керек, т.б. деген
сияқты мәселелерді қаншалықты терең
ойластырғанына байланысты болып
келеді. Сондықтан мұғалім тақырыптық
жосапрлауды пәннің оқу
бағдарламасымен, білім беру
стандарттымен мұқият танысудан, пәнді
оқыту кезіндегі және берілген тақырып
бойынша дидактикалық міндеттерді
шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды
және оқушыларды дамыту мақсаттарын
анықтаудан бастауы қажет.
Жылдық жоспар
Жылдық жоспар төмендегі тараулардан тұруға
.
тиіс:
1.Ұйымдастыру жұмыстары.
2. Мұғалімдердің жылдық зерттеу жұмыстары.
3. Оқыту сапасы мен және оқыту әдістемесін зерттеу.
4. Оқушылардың білімін тексеру.
5. Өзара тәжірибе алмасу, озат тәжірибені тарату.
6. Жас мұғалімдерге көмек.
7. Кабинетті жетілдіру жұмыстары.
Әдістемелік бірлестік хұқтары
- Сабақ сапасы мен оқушылар білімінің сапасын көтеруге
бағытталған мұғалімдерге арналған нұақаулар мен
ұсыныстар дайындау, білім-білік жетілдіру жолдарын
ұсыну;
- Мұғалімдердің біліктілік санатын көтеру, аттестацияны
тиімді өткізу туралы ұсыныстар жасау;
- Кәсіптік байқауларға бірлестік атынан лайықты
мұғалімдерді ұсыну және дайындау;
- Еңбегінің нәтижесіне қарай мұғалімдерді мадақтау-
марапаттау туралы мектеп әкімшілігіне ұсыныстар жасау;
- Әдіс бірлестігінде жинақталған озат тәжірибе туралы
материалдарды жариялау туралы мәселе көтеру;
- Оқу-тәрбие мәселелері бойынша мектеп әкімшілігі мен
әдіскерлерден ақыл-кеңестер сұрау;
Әдебиеттер тізімі:
1. Мұсатаева Б.И. Кәсіби біліктілікті артыру жүйесін
модернизациялауда ақпараттық технологияны қолдану
тиімділігі.
2. http://www.manshuk.kz/index.(09.10.2013 ж.)
3. Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компонент
личностно-ориентированной парадигмы образования//
Народное образование – 2003. №2. 58-64 беттер
4. http://
bilimsite.kz/adistemelik/2865-zamanaui-sabak-tiimdi-saba
k.html
5. http://
bilimsite.kz/ustaz/804-mugalim-men-okushylar-arasyndagy
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz