ӨНЕР факультеті


Slide 1

Ұлы педагогтардың “өзін-өзі тәрбиелеуі”

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

"ӨНЕР" факультеті

"БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ" кафедрасы

Орындаған: ӨКО-311о тобының студенті Қасқырбаева Ақсымбат

Қабылдаған: техн. ғ. к., доцент И. И. Атажанов

Slide 2

Қасқырбаева Ақсымбат Бауыржанқызы

Туылған жылы: 09. 01. 1993ж

Түркістан гуманитарлық- техникалық коллеждін -2009-2013 ж аралығында оқыған

Мамандығы: “Киімдерді модельдеу мен конструкциялау”

Қазіргі таңда Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

Университетінде “Кәсіптік оқыту” мамандығы бойынша білім алудамын

Slide 3

Оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданған әлемге әйгілі ғұламалар Я. А. Коменский, Ж. Руссо, Песталоций, Дистервег, орыс ғалымдары К. Ушинский, Л. Толстой, А. Макаренко, В. Сорока-Росинский, В. Сухомлинский, т. б. “егер кез келген адам өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне жеткен күнде оны тәрбиелеудің қажеті жоқ, өйткені оны тәрбиелеу аяқталды” деген пікірді дәріптеген. Өйткені “оның тәрбиесімен басқа біреулердің шұғылдануының қажеті жоқ, ол енді өзін-өзі тәрбиелей алады” деген пікірге келгені педагогиканың тарихынан белгілі.

Slide 4

. Педагог, психолог ғалымдардың еңбектеріне және өз тәжірибемізге сүйене отырып өзін-өзі тану және оның нәтижесі ретінде өзін-өзі тәрбиелеудің мынадай тәсілдерін анықтадық:

Өзін-өзі талдау - бұл өзінің ой-сана ағымы мен сезім қызметінің дұрыс-бұрыстығын ой елегінен өткізіп, саралау;

жүріс-тұрысы мен мінез-құлқын талдау іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы, іс-қимылы, тағы басқа сараптау;

өзінің сөйлеу мәнері мен сөздік қоры және сөзді ұғынуы мен түсінуін талдау;

өзін өмір сүрген жақын ортадағы адамдармен салыстырмалау;

өзін-өзінің мұраты мен (идеалы) салыстырмалау

Slide 5

өзін мұрат тұлғамен салыстырмалау;

өзін-өзінің жақын құрбысы мен салыстырмалау;

өзін басқалармен салыстырмалау;

өзінің ішкі жан дүниесіндегі кемшіліктерді саралау;

өз бойындағы іш тарлық, жалқаулық, салғырттық, өзімшілдік, көреалмаушылық, қулықпен көзге шалыну, басқаларды азаптап пайда табу, адамдардың арасына іріткі салу секілді нашар мінездердің бар-жоғын сараптаудан өткізу.

Slide 6

өзін-өзі тәрбиелеу әдістері

* өз мінез-құлқын реттеу үшін өзіне бұйрық беру;

белгілі бір істі жүзеге асырудағы жалқаулығын жою үшін өзін-өзі мәжбүрлеу;

өзін-өзі жаттықтыру - белгілі бір әдет, дағдыларды бойына сіңіру үшін қолданатын бір істі көп рет қайталау арқылы жаттығу;

көндігу - әр түрлі өмір жағдайларына, жаңа өмір салтына, жаңа тұрмыстық және кәсіптік талаптарға бейімделу үшін жүзеге асырылатын ішкі саналық және сыртқы іс-қимылдық әрекеттер;

Slide 7

әдеттену - жаңа мінез-құлық, жүріс-тұрысқа дағдылану үшін істелетін тұлғаның өзіндік әрекеті;

өзін-өзі қайраттандыру (қайрау) немесе жігерін жану арқылы бойындағы салғырттықты жою, жігер қайратын ояту, өз ойы мен сезіміндегі жасқаншақтықты жою үшін иландыру тәсілін қолдану;

өзін-өзі бойындағы қуатына сендіру;

өзін-өзі нандыру - ойша және сөз түрінде белгілі бір арнайы формулаларды орындау арқылы жүзеге асады. Өзі мен өзі кеңесуді “қабырғаңмен кеңес” дейді халқымыз.

Slide 8

Адамның белсенділігі оның әрекетшілдігінің көзі - қажеттенуін қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылы. Ғалым-психологтар Қ. Жарықбаев, Ж. Түрікпенов және т. б. пікірлері бойынша жалпы ағзаның анатомиялық-психологиялық қасиеттері мен тұлғаның қандай да болса қасиеттерінің дамуына жүйке жүйесі мүмкіндік жасап, туа пайда болуы мүмкін, бірақ, бұл мүмкіндіктер тек тәрбиеге байланысты жүзеге асады.

Slide 9

Психологиялық бейімделу - педагогикалық үрдісте субъектілердің психологиялық жағдайын түсінуге икемделуі десек, технологиялық бейімделу - оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістерін меңгеру. Бұдан басқа жоғары оқу орындарының көлденең және тігінен үйлестірілген педагогикалық әкімшілік іс-әрекеті жүйесіне де болашақ мұғалімдерді бейімдеу қажет.

Slide 10

болашақ мұғалімнен шығармашылық бағыттағы педагогикалық іс-әрекеттер талап етіледі.

1. болашақ педагог өзінің мүмкіндігін нақты бағалай білуге үйренуі, әлді және әлсіз жағын, мүмкіндіктерін әділ бағалауды білуі (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, эмоционалды көңіл-күйді көрсете білу, қарым-қатынастық, дидактикалық қабілеттері, ерекшеліктері, т. б. ) ;

Slide 11

2. жалпы мәдени-интеллектуалдық іс-әрекетті меңгеруі (ойлау, есте сақтау, қабылдау, елестету, көңіл бөлу) ;

Slide 12

3. әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында өтіп жатқан интеграциялық үрдісінде қазіргі білім берудегі көпмәдениеттілігі және мұғалімнің көптілділік даярлығына болжам жасауға бағдарлана білуі;

Slide 13

4. жастарды патриоттық рухта тәрбиелей отырып Отан игілігі үшін жемісті еңбек етуге ұмтылдыру және мемлекет пен қоғам үшін өзінің іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуі.

Slide 14

Педагогикалық білім берудің мақсаты - педагог біліктілігінің дамуына көмектесу, кәсіби міндеттерді шешу қабілеттілігін жетілдіру, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі білім беру жүйесінің даму ерекшелігін қамтамасыз ету және жалпы 12 жылдық білім беруді енгізу. Сондықтан еліміздегі педагогикалық білім берудің маңыздылығы педагогикалық кадрлар даярлығының сапасын жетілдіруді, әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденцияларын қоғам дамуының тұрақтылығы контексіне сәйкестендіріп реформалауды қажет етеді. Осыған орай, республикамыздың жоғары оқу орындарында сапа менджменті жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басты мақсат - білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру, елдің индустриялдық-инновациялық стратегиясын қамтамасыз ету, т. б. жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім беру мақсаттары
Балалар музыка мектебі өнер мектебі олардың ерекшеліктері мен айырмашылығы
ЗАҢГЕР - ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚ
Біз таңдаған жолдар
В.фон Гумбольдтың және Ф.де Соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы
Бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені,мазмұндық сипаты
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі Ыбырай Алтынсарин
Глен Домен әдістемесі
Қазақстандық сәнгерлер туралы ақпарат
Қазіргі ұстаз бейнесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz