Жылқының лимфа түйіндері
Презентация қосу
Жылқының
лимфа
түйіндері
ВС-503 тобы
Жылқылардың лимфа түйіндері ірі қара лимфа
түйіндерімен бірдей жерлерде (анатомо-топографиялық
шекарасы) орналасады және бірдей қызметтерді
атқарады. Бірақ жылқыларда лимфа бір лимфа түйініне
емес, қап ретінде орналасқан үлкен емес лимфа
түйіндерінің топтарына (8-10 және одан көп) жиналады
(борпылдақ дәнекер ұлпасының қабатында).
Жақ асты лимфа түйіндері- жақ
асты кеңістікте, терінің және тері
бұлшық етінің астында, төменгі
жақтың бұтағының ішкі бетінде
орналасады ( қапта 35-75
түйіндер болады, әр жақта).
Тіл асты лимфа түйіндері- жақ
аралық кеңістікте, төменгі
жақтың бұтақтану бұрышына
жақын жерде орналасады.
Құлақ маңы лимфа
түйіндері- қапта 6-10
түйіннен болады,
жоғарғы жақтың
қырының артында, жақ
буынынан төмен
жатады; құлақ маңы
сілекей безімен
жабылған.
Жұтқыншақ лимфа
түйіндері- екі топтан
тұрады: медиальді және
латериальді. Медиальді топ
жұтқыншақтың жоғарғы
қабырғасында орналасқан,
ал латеральді топ ауа
қапшығының бір жақ
бетінде орналасады. Бастың
барлық лимфа түйіндерінен
лимфа беткі мойын лимфа
түйіндеріне келеді.
Терең мойын лимфа түйіндері- краниальді,
ортанғы, каудальді топтар түрінде болады,
орналасуы ірі қаранікіндей. Шығарғыш
өзектері кеңірдек лимфа бағаналарымен
бірігеді.
Беткі мойын лимфа түйіндері- иық
буынының алдында ( қапта 60-180 түйін), иық
бұлшық етінің астында орналасады. Лимфаны
бастың артқы бөлігінің, мойынның, алдыңғы
аяқтардың терісі мен бұлшық етінен және
тұлғаның кеуде бөлігінен жинайды. Лимфа
кеңірдектің лимфа өзегіне барады.
Жылқы ұшаларындағы лимфа түйіндерінің
топографиясы.
Қанат асты лимфа түйіндері- қаптар 7см дейін болады, 12-20
түйіндерден тұрады, қанат асты тамырлар өрімінің ортасында,
үлкен дөңгелек бұлшық еттің ішкі бетінде орналасады.
Шынтақ лимфа түйіндері- тек жылқыларда болады, 5-30
түйіндерден тұратын, ұзындығы 5 см дейін жететін қап түрінде
болады, шынтақ буынының жанында, иық сүйегінде, иық бұлшық
етінің екі басты және үш басты бұлшық етінің ішкі бастарының
аралығында орналасады. Лимфаны білектен бастап тұяққа дейінгі
бұлшық еттерден, сүйектерден, байламалардан және сіңірлерден
жинайды. Шығарғыш өзектері қанат асты түйіндеріне барады.
Тізе үсті лимфа түйіндері (тізе қатпары, мықын асты)- терінің астында, санның кең
фасциясының ширықтырғышының алдында, сыртқы мықын төмпегінің сызығының
ортасында, тізе тостағаншасына жақын, ұзындығы 6-10 см қап түрінде орналасады.
Тізе асты лимфа түйіндері- балтыр бұлшық етінде орналасады және санның екі
басты бұлшық етімен және жартылай сіңір бұлшық етімен жабылған. Лимфаны
артқы аяқтардың санының төменгі бөлігінен тұяққа дейінгі тері, бұлшық ет, сүйек,
буын, сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндері
барады.
Жылқының құрсақ, жамбас қабырғасы және жамбас
қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда екі қаптан тұрады: алдыңғы, құрсақ
қабырғасының төменгі бетінде, енбаудың алдыңғы жағында орналасады және
артқы, енбаудың артқы жағында, жыныс мүшесінің бір жақ шетінде, жамбас
қабырғасының төменгі бетінде орналасады. Аналықтарда бұл түйіндер желін
мен іштің төменгі және жанғы беттерінің терісінен, артқы аяқтардан, желіннен
және сыртқы жыныс мүшелерінен жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап
лимфа түйіндеріне барады.
Терең шап лимфа түйіндері- қап түрінде (20-25 түйіндер) сан каналының үстіңгі
бөлігінде, терең сан артериясының бастамасының маңында орналасады.
Лимфаны артқы аяқтардың терісінен, фасциясынан, жамбас пен санның бұлшық
етінен, құрсақ бұлшық етінен және іш пердеден, жалпы қынап қабынан, еннен,
жыныс мүшесінен және жатырдан жинайды. Шығарғыш өзектерді беткі шап
және тізе асты лимфа түйіндерінен қабылдайды.
Ортаңғы мықын лимфа түйіндері- жамбас және бел
аймағында, сыртқы мықын артериясының бастамасының
жанында орналасады, іш пердемен жабылған. Лимфаны
қабырға плеврасынан, іш пердеден, бел бұлшық етінен,
жамбас белдеуінің бұлшық етінен және сүйектерінен,
несеп-жыныс мүшелерінен жинайды. Шығарғыш өзектерді
сыртқы мықын және терең шап лимфа түйіндерінен
қабылдайды. Ортаңғы мықын лимфа түйіндерінің
шығарғыш өзектері бел лимфа түйіндеріне барады.
Кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарының лимфа түйіндері-
ірі қаранікіндей, атаулары да бірдей. Шығарғыш өзектері
лимфаны жолдағы лимфа түйіндеріне немесе сәйкес
келетін лимфа бағанасына береді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz