Бағдарлама нәтижесін алу




Презентация қосу
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Лабораториялық
жұмыстардың
электрондық
нұсқаулықтарының
оқу процесіндегі
Орындаған :Юлдашев
Кадыржан

тиімділігі
Тобы: МФЗ-811
Жоспар
1. Қазіргі таңда барлық қолданбалы
құралдар
2. Дәстүрлі әдіс бойынша
лабораториялық жұмыстарды орындау
3. Физиканы оқытуда дербес
электрондық есептеу машиналарын
қолдану
4. Лабораториялық жұмыстардың
электрондық нұсқаулықтарын оқу
процесіндегі тиімділігі.
Қазақстандық мектептерді жаңарту
тұжырымдамасы жалпы білім берудің
басым бағыттарын, яғни студент пен
оқытушының өзара ынтымақтастығы
үлгісін оқу үдерісінде қалыптастыру мен
әртүрлі оқу іс- әрекетін қамтитын оқыту
әдістерінің үйлесімділігі негізінде жүзеге
асырылуы тиіс екендігін анықтап беріп
отыр. Бұл басым бағыттар ЖОО-да білім
беруді дамытуға негіз болады. Бүгінгі
таңда мектептің алдына қойып отырған
басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру – барлық
педагогикалық ұжымдардың бірігуін
талап етеді. Жеке тұлғаға
бағытталған сабақ студенттердің
тұлғалық ерекшеліктері ашылатын,
қасиеттері қалыптасатын,
мүмкіндіктері жүзеге асырылатын
оқыту жағдаяты. Әр студенттің
болмысы арқылы дамытушылық,
шығармашылық ойлау, өз бетінше
шешім қабылдау қабілетінің
қалыптасуы тиіс.
«Егер студенттер тапсырманы
түсінбеген болса, онда
оқытушы оларды кінәлауға
тиісті емес, оларға түсіндіре
алмай отырған өзін кінәлауға
тиіс» - деп ұлы педагог
Ы.Алтынсарин айтқандай,
бүгінгі жаңашыл мұғалім
шығармашылық ізденіс үстінде
болуы шарт.
Осығанорай оқыту
технологияларын жаңарту,
педагогикалық мамандарының
шығармашылық бастамасына
қолдау жасау талап етілуде. Жеке
тұлға қалыптастыруда жаңашыл
оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру
пәндік білім аймағында игерілетін
білімдермен анықталады. Әсіресе
пән мұғаліміне қазіргі заман
технологияларын игеру мәселесіне
көбірек көңіл бөлу қажет.
Мектептің бүгінгі күнгі негізгі мақсаты,
сонымен бірге физиканы оқытудағы негізгі
мақсат біздің өмір сүріп отырған
қоғамымызға сай ақпараттар ағынында өзін
бағдарлай –тани білетін, білім берудің
үздіксіз шарттарына дағдыланған жеке
тұлғаны қалыптастыру. Осыған байланысты
мектеп студенттердің бойында ғылымға,
әсіресе физика ғылымына деген оң
көзқарасты қалыптастыру қажет.
Студенттердің физикалық білімге деген
қызығушылығын, өмірлік техникалық және
т.б. проблемаларға қызығушылығын дамыту
қажет.
Қазіргі таңда барлық қолданбалы
құралдар - мәтінді дайындау жүйесі,
электронды кестелер, мәліметтер қорымен
басқару жүйесі, графикалық
бағдарламалар іскер әлемнен келген және
олардың бірде-біреуі оқу үрдісіне арналып
жасалмаған. Қолданбалы
бағдарламалармен жұмыс жасау ЖОО-дағы
оқыту мақсатына сай келе бермейді. Соған
қарамастан оқу жоспары барысында
қолданбалы бағдарламалардың алатын
орны ерекше. Оқу пәндерінің мазмұнын
игеру үшін тек қолданбалы
бағдарламаларды пайдалану жеткіліксіз.
Демонстрациялық эксперимент немесе
тәжірибелер сабақ үстінде көрсетіледі,
сондықтан, ол сабақтың бір бөлігі болып
есептелінеді және оқытудың басқа
тәсілдерімен (әңгімелеу, проблемалық
баяндау) бірігіп қолданылады. Демек,
демонстрациялық тәжірибелер
көрсетпейінше физика сабақтарын
сапалы өткізуге болмайды.
Сабақ үстінде физикалық
тәжірибелерді көбінесе мұғалім
көрсетеді, кейде оларды студенттердің
өздеріне де жасатуға болады.
Лабораториялық жұмысты орындағанда
физикалық құбылыстарды
студенттердің өздері бақылайды,
тексеріп көреді; табиғат заңдылықтарын
зерттейді, «қолдан қайта жасайды»,
сандық және сапалық қасиеттерін
байқап, өлшейді; өз бетінше қорытынды
жасауға үйренеді, физикалық
процесстерді тануға және өмірде
қолдануға мүмкіндік болатындығына
сенімі артады. Лабораториялық
эксперимент оқытудың ең әсерлі және
нәтижелі әдістеріне жатады.
I. Дәстүрлі әдіс бойынша
Лабораториялық жұмыстарды орындаудың басқару нұсқауы келесі тізбектерден тұрады:

лабораториялық жұмыстарды
орындаудың іс-әрекеттер тізбегі.
II. Компьютерлік
бағдарламаларды лабораториялық
жұмыс нәтижелерін өңдеуге
қолдану әдістері.
III. Программалау тілін қолдану.
Дәстүрлі әдіс бойынша лабораториялық
жұмыстарды орындаудың іс-әрекеттер
тізбегі:
Лабораториялық жұмыстың тақырыбымен
танысу.
Лабораториялық жұмыстардың мақсатын
айқындау.
Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-
жабдықтармен, олардың құрылысымен
танысу.
Айқындалған мақсатқа сәйкес қысқаша
теориялық біліммен танысу.
Лабораториялық жұмыс кезінде қауіпсіздік
ережесін сақтау нұсқауымен танысу.
Лабораториялық жұмыстың сызба-нұсқауы
бойынша өлшеу құралдарын жұмысқа
дайындау.
Жұмыстың орындалу ретімен танысу.
Құралдарды жұмысқа қосу және өлшеулер
жүргізу.
Құралдардың көрсетулерін жазып алу және
кестеге түсіру.
Жұмыстың теориялық нұсқауларына сәйкес
қажетті формуланы анықтап,есептеулер
жүргізу.
Есептелген нәтижелерді кестеге жазу және
оған талдаулар , қорытындылар жасау.
Алынған нәтиженің мақсатқа сәйкестігін
тексеру.
Компьютерлік бағдарламаларды
лабораториялық жұмыс нәтижелерін
өңдеуге қолдану әдістері

MS Excel электрондық кестесін қолдану
MS Excel электрондық кестесінің
терезесін ашу.
Есептің берілгендерін , мәтінін кестеге
енгізу.
Кесте ұяшықтарында жеке-жеке
физикалық шамалардың мәндерін енгізу.
Дәстүрлі әдістер бойынша анықталған
қорытынды өрнекті MS Excel кестесінде
формула түрінде жазу.
Енгізілген физикалық
шамалардың мәндерін
формулаға салып есептеу.
Қажетті мәліметтерді
ерекшелеп алып , солар
бойынша график немесе
диаграммалар тұрғызу.
Нәтижені талдау, дәстүрлі әдіс
бойынша алынған нәтижемен
салыстыру, қорытындылау.
Программалау тілін қолдану
Программалық тілдердің бірін іске қосу
(Basic,Pascal) , мысалы: Pascal программалау
тілін іске қосу.
Зерттелетін лабораториялық жұмысты
есептеуге тілінде бағдарлама түзу.
Ізделінді шаманы табу үшін экранда
көрсетілген сұраққа есептеулерден алынған
мәндерді ретімен енгізу.
Бағдарлама нәтижесін алу.
Алынған нәтижені дәстүрлі әдіс бойынша
шығарылған есептеулердің нәтижесімен
салыстыру, талдау, қорытынды жасау.
Мектепте оқу-тәрбие үрдісіне электронды
есептеу техникасын қолданудың ең
бірінші физика пәнінің мұғалімі бастауы
керек. Оған бірнеше себептер бар. Ең
бастысы физика эксперименттік ғылым
екендігі. Содан соң мектептерде құрал-
жабдықтар жетіспейді, кейбір күрделі
экспериментті жасауға қажетті
қондырғылар өте қымбат тұрады, кейбір
құбылыстар мен тәжірибелерді мектеп
зертханасының көлемінде жасау және
түсіну мүмкін емес және т.с.с. Ал дербес
электронды есептеу машинасын қолдану
бұл физика сабағын өтуді жеңілдетеді
Лабораториялық
жұмыстың
компьютерде
орындалу нұсқауы
Жұмыстың мақсаты

Мақсатқа сай теориялық
бөліммен танысу және
жұмысты орындау

Компьютерлік Бағдарлама
лау тілін
эксперименттер таңдау

Компьютерлік
Нәтиже Нәтиже модель құру
мақсатына мақсатына (программа
сайкес сайкес құру)
келеді келмейді
ЖОО-дағы эксперименттік физикалық
тәжірибелер оқу-тәрбие үрдісінің негізгі
құрамдас бөлігі және физикалық
құбылыстардың табиғаты туралы негізгі
білім көзі болып табылады. Эксперименттік
тәжірибелер үшін дербес электрондық оқу
машиналарын қолданудың
артықшылықтары – тәжірибелердің
тамаша көрнекілігі, оқудың ойынға
айналатын ықтималдылығы, студенттердің
белсенділігі мен физикаға
қызығушылығының артуы. Әр студент
компьютерде экспериментті өз қолымен
жасап, көзімен көреді, қажетті
экспериментті орындау үшін және
Физика сабағында лабораториялық
жұмыстардың білімділік және тәрбиелік
маңызы зор. Тәжірибелерді жүргізу
процесінде студенттер физикалық
заңдардың объективтілігіне көз жеткізеді
және физикадағы ғылыми зерттеулерде
қолданылатын әдістер жөнінде мағлұмат
алады. Лабораториялық жұмыстарды
орындау студенттердің физикалық
заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруіне
ықпалын тигізеді, өлшеу приборларымен
жұмыс істегенде шеберліктер мен
дағдыларды сіңіруіне, білімдерін өмірде
саналы қолдануға үйретеді.
Лабораториялық жұмыстар
еңбекке баулу тәрбиесінде
және студенттердің
политехникалық білім алуында
маңызды роль атқарады.
Дұрыс ұйымдастырылған
лабораториялық сабақтар
студенттердің өз бетінше
жауап ізденуге үйретеді.
Лабораториялық сабақтарды мынадай оқу есептерін шығаруды жүзеге асыруға болады:
оқып үйренілетін заңдардың иллюстрациясы
(дұрыстығын негіздеу), мәселен рычагтың тепе –
теңдігін тексеру шарты, Омның тізбек бөлігіне
арналған заңының иллюстрациясы;
физикалық шамаларды өлшеу методтарын
меңгеру, мысалы өткізгіштердің кедергісін
анықтау электр лампасы тұтынған токтың
қуатын анықтау;
физикалық шамалардың арасындағы
байланыстарды оқып үйрену және құбылыстар
заңдылықтарын тағайындау, мысалы ток күшінің
тізбектегі кедергіге және параллель
жалғастырылған тұтынушылардың санына
байланыстылығы;
өлшеу приборларымен, таразымен,
манометрдің алуан түрлерімен,
амперметрмен, волтьметрмен пайдалану
шеберліктерін дамыту;
схемаларды оқи білумен машықтандыру;
студенттердің конструкторлық
қабілеттерін және техникалық
тапқырлықтарын дамыту;
физикалық приборлардың құрылысын
және жұмыс принципін оқып үйрену.
Оқыту барысында компьютерлік
техниканы қолдану физика мұғаліміне
физикалық есептеу экспериментіне
жиірек сүйенуге, қандай да бір
физикалық шамалардың арасындағы
байланысты көрнекі түрде көрсетуге,
оқытудың қолданбалы бағытталуын
күшейтуге көмектесетін физика-
техникалық мазмұндағы есептерді
тереңірек зерделеуге мүмкіндік
береді.
Физикалық лабораторияларды
орындау барысында ЭЛТ-ларды
қолдану студенттердің
шығармашылық жұмысының
өнімділігін арттыруға ықпалын
тигізеді. Компьютерді
пайдаланып лабораториялық
жұмысты орындау процесін
шартты түрде бірнеше
кезеңдерге бөлуге болады:
Берілген Теориялық
жұмыстың бөліммен
мақсаты; танысу;

Математикал Компьютерде
ық, модель бағдарламала
құру; у

Алынған
нәтіжелерді
талдау;
Шығарылу жолы қиын және
күрделі есептерді бағдарлама
құрып ЭЕМ-нің көмегімен
шығарған тиімді. Ол үшін
алдымен, есепті бірнеше
бөліктерге бөліп, олардың
қандай тізбекпен шешілетіндігі
белгіленеді. Ең алдымен есепті
дәстүрлі әдістермен шығарып
формула түрінде жазылған
Физикалық есептерді дұрыс ұйымдастыра
отырып компьютерде шығару оның
математикалық моделінің дұрыс жазылуына
да байланысты. Есеп шығаруда
математикалық модельді құру үшін ең
алдымен :
математикалық модель негізделетін
болжамды бөліп алу қажет;
алғашқы мәлімттер мен нәтижені
анықтап алу қажет;
алғашқы мәлімет пен нәтижені
байланыстыратын математикалық
қатынастарды жазу қажет;
Қорытынды

Менің өзімнің ойым ғылымға қандай бір
жаңалық ендіру үшін алдымен тәжірибе
жасау керек және оған барынша көңіл
аудару керек бастап қойып тастап қоймау
керек.
Назарларыңызға
рахмет

Ұқсас жұмыстар
Бағдарлама соңы
Мұғалім портфолиосының құрылымы
Практикалық сабақ
Паскаль программалау тілдері
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Бір өлшемді массивтер
«Мұрагер» халық ұлттық педагогикасының негізінде жасалған оқыту жүйесі
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал компьютер
Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы
Сабақтың құрылымы, мұғалімнің сабаққа дайындығы
Пәндер