Сарыкемер ауылы


Slide 1

сөж

Факультет: География және табиғатты пайдалану

Кафедра: Гидрология және метеорология

Тақырыбы: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының су мәселесі

Орындаған: Датай Д. Ә.

Тексерген Тугелбаева Л. М.

Slide 2

Мазмұны: 1. Кіріспе 2. Географиясы 3. Сарыкемер ауылы 4. Сарыкемер ауылының су мәселесі 5. Қорытынды 6. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Байзақ ауданы - Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1938 ж. құрылған. 1996 жылға дейін Свердлов ауданы болып аталды. Жерінің аумағы 4, 5 мың км². Тұрғыны 87 389 адам (2011) . Аудандағы 43 елді мекен, 17 ауылдық әкімшілік округтеріне біріктірілген. Орталығы - Сарыкемер ауылы.

Slide 4

Ауаның орташа температурасы қаңтарда -6 - 9°С, шілдеде 23 - 26°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 150 - 300 мм. Аудан аумағынан Талас, Көделі өзендері және олардың салалары мен тармақтары оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады. Жерінің топырағы негізінен сұр, солтүстігінде құмды, оңтүстігінде (тау алды) бозғылт қоңыр топырақты. Оларда жусан, еркекшөп, көкпек, бұйырғын, күйреуік, жыңғыл, сексеуіл, өзен бойында қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, сарышұнақ, аламан тышқаны, құстардан дуадақ, құр, көкқұтан, қырғауылды кездеседі. Өзендерінде сазан, алабұға, шортан, шабақтың бірнеше түрі кездеседі.

Slide 5

Аудан орталығы - Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде, Талас өзенінің сол жағалауындағы сұр жусан, баялыш, күйреуік, көкпек басым өскен, тау алды жазығының сұр, шалғынды-сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан

Slide 6

Сарыкемер ауылының су мәселесі

Жамбыл облысының Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғындары әлі күнге ауызсусыз күнелтіп келеді. Ауданда талай жобалар қолға алынып, іске асырылғанымен, дәл осы су мәселесі шешілмей-ақ қойды. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары үшін ауыз су талай жылдан бері түйіні тарқамаған көкейкесті мәселеге айналды. Шағын да емес, аудан орталығы саналатын Сары­кемер ауылының өзінде қазіргі кезде 30 мыңнан астам халық тұрады. Яғни, облыстағы ауқымды ауданның бірі.

Slide 7

Бір айта кетерлігі, өңірде 10 аудан болса, орталықтандырылған ауыз су жүйесі 9 ауданда толығымен шешімін тапқан. Тек қана сарыкемерліктер ауыз сусыз отыр. Еліміз азаттық алғалы бері отыз жылға тарта уақыт өтсе де, бұл мәселе әлі күрмеулі күйінде.

Slide 8

Бүгінге дейін жергілікті тұрғындардың бәрі де есік алдынан құдық қазып алып, содан шыққан суды ішуге мәжбүр. Су тереңнен шыққан сапалы су болса бір сәрі. Өкінішке қарай, олай болмай тұр. «Су есік алдынан 5-6 метр тереңдіктен шығады. Бірақ талай жылдан бері мұндағы халық құм, қиыршық тас аралас суды ішуге мәжбүр. Бәріміз де суды қайнатып, ыдыс түбіне тұндырып барып ішеміз. Бұл − денсаулыққа зиян. Бір сөзбен айтқанда, 30 жылға тарта уақыт бойы халықтың көрген күні осы. 2013 жылы болуы керек, ауылымызға ауыз су тартыла бастап еді, соңы аяқсыз қалды. Оның себебі қарапайым халыққа белгісіз», дейді ауыл тұрғындары

Slide 9

«Ауылдың кіреберісінде тереңнен шығып жатқан таза су бар. Ол бір нүктеде ғана. Ол жерден бүкіл халықтың су ішуі мүмкін емес. Арасында болмаса, халықта ол жаққа көп бара бермейді. Дүкеннен кейде ішуге, тамаққа пайдалануға литрлеп таза су сатып аламыз. Бірақ үнемі сатып ала беру мүмкін емес. 30 мыңнан астам тұрғынның бәрінің жағдайы бірдей емес. Кейде есік алдындағы құдық суынан шай қайнатқанда шәйнектің аузына құм толып, су ақпай қалады. Бәрінен де балаларға обал. Біраз жыл бұрын ауылымызға ауыз су тартылмақшы болып, жұмыс атқарылды. Сонда тиісті басшылар келіп, орталықтандырылған су жүйесін іске қостық деп лентасын да қиған. Бірақ үшақ күн су болды. Одан кейін тағы тоқтап қалды. Сондықтан ауыл халқына таза су керек»

Slide 10

«Сарыкемер ауылының халқына орталықтандырылған ауыз су жүйесі керек. Бұрын су құбырлары ескі жүйеге қосылған болатын. 2013 жылы бұл мәселені шешуге қаржы бөлінген. Алайда, прокуратура органдары ауылда жерасты су қоры жоқ, сондықтан қаржы бөлу негізсіз деген қорытынды шығарып, қаражатты кері қайтарды. Енді аудан, ауыл халқының атынан айтарым, осы мәселеге республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаражат бөлінсе құба-құп болар еді. Жалпы, Сарыкемер ауылындағы су құбырларының ұзындығы 116, 6 шақырымды құрайды. Аудан орталығына ауыз су тарту мәселесіне орай, өткен жылы жобалықсметалық құжаттар дайындалып, өткізілді»

Slide 11

Аудан әкімдігінің мәліметінше, был­тыр Қостөбе, Көктал, Талас, Сеңкібай, Байзақ және Сарыкемер ауылдарының су жүйелеріне жобалау сметалық құжаттары әзір­леніп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Барлық әзірленген құжаттар республикалық бюджеттен қаражат қарастыру үшін еліміздің Инвестиция және даму министрлігіне тапсырылды. Ал кезінде жерасты су қоры жоқ делінген Сарыкемер ауылы бү­гінде жерасты су қорлары анықталған 6 ауылдың қатарында тұр.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Сайыс сабақ
Мекемеде тәжірбиеден өту
Қарама - қарсы сөздер, 4 сынып
Шығыс шынары
Абай ауылы
Шаға ауылы
Паскаль программалау тілінде деректерді енгізу және шығару
Үшқоңыр
Сын есімдер әлемінде
Тұйық етістікті қайталау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz