Жеңіс тойы, жаса мәңгі




Презентация қосу
“ЖЕҢІСТІҢ
ЖАҢҒЫРЫҒЫ –
ЕРЛІКТІҢ
МӘҢГІЛІГІ”
Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін.
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады ЖЕҢІС
күнін.
Күткен ЖЕҢІС жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.
Жауды жойып, батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ ашып.
Мамыр келді, ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды, күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақжаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды!!!
“Ешкім де
ұмытылмайды,
Еш нәрсе де ұмыт
қалмайды”
Мәңгілік шырақ!
Қараңдар:
Жанары – жас та, жаны-бұлт.
Келеді мұнда адамдар
Ертелі-кеште ағылып.
Келеді мұнда сан адам,
Ауылдан...
Қала – қайдан да.
Келеді шал мен ана да
Баласы кеткен майданға...
“Жеңіс
тойы, жаса
мәңгі!!!”
Мақтанбаймын қалайша
марқанбаймын?
Уақыт бізге ғажап сыр айтар дәйім.
Барлығы да сыйлапты адамзатқа,
Ынтымақты, Жеңісті дархан Майым.
Күш-қайраттың бойында тасқыны
бар,
Мұқалмайтын төзімді достығы бар.
Талай тарих таңғалып, куә болған,
Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.
Біз соғысты көргенбіз бала
кезде,
Жас боп тұрды ол мөлдіреп қара
көзде.
Нанымызды біз жейтін тартып
жеген,
Сұмдық жоқ та сияқты одан
өзге.
Біз соғыстың білеміз не екенін,
Соғыс деген – кеткені берекенің.
Дастарқанға жейтұғын түк
келмеді,
Адамдарды қорлайды, қор етеді.
Жеңіс-Батыр,
оңайлықпен
Келген жоқсың
бізге сен,
Сені ойласам
кешегі өткен
Ұлы Ерлікпен
жүздесем...
Есіңде ме, туған Отан,
«Сен» деп неше жан
қиылды?
Қорғағанда өзіңді,
Жау еңсесін басып төмен
Қуған оны жатыр ізі.
Есіңде ме «Әлия» деген
Қазақтың жас батыр қызы?!
Бір қолында –
винтовка,
Бір қолында –
граната,
Талқандаған сан
рет
Жау қамалын
“Уралап”.
Ол өшпенді
жауына
Өлім оғын атады.
Ол атқанда бората,
Жау жайпалып
жатады...
Сен таныттың қазақтың
ұлылығын,
Шежіре-тарих шертеді мұны
бүгін,
Гитлер де түсінде айқайлапты,
“Қара орыстың” шошытып
жұдырығы!
Сен қазақ боп көрсеттің
қайратыңды,
Үңілсек те ақтарып қай
ғасырды.
Әділетін айтшы өзің,
айналайын,
Қандасыңа теңер ем қай
батырды?!
“Болат қайнауда
шынығады,
Батыр майданда
шынығады”
65 жасқа шықты біздің
Жеңіс-Батыр, халайық!
Ал, қанеки, жас
батырдың
Келбетіне қарайық!
Жеңіс-Батыр, келші бері,
Құшақтап бір сүйейін.
Сүйейін де құштарлана,
Алдыңа бас иейін...
Жеңіс күні
құтты
болсын!!!

Ұқсас жұмыстар
Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері
Отан соғыс 1941 жылы 22 маусым
Наурыз тойы келгенде
Жүректен жүрекке
Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез
Тәрбие ошағы - мектеп
Қазақтың дәстүрлерін дәстүрлерді ата
Қазақ тілі, Қазақ тілі әдебиеті
Наурызым-мерекем, Наурызым-берекем.
Бүгінде Астана - болашақтың каласы
Пәндер