Алгоритм: анықтамасы, қасиеттері және сипаттау тәсілдері


Slide 1

Білімділік - оқушылардың алгоритм туралы және алгоритмнің қасиеттері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық - тақырыптың негізгі идеясын ашу. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, ойларын тұжырымдау. Өз бетімен қорытындылау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік - ұқыптылыққа, зеректілікке, шыдамдылыққа, өз - өзіне деген сенімділігін арттыруға тәрбиелеу.

Рысқалиева Ақжүніс Маханбетовна

БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі, информатика пәні мұғалімі

Slide 2

ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі Әл-Хорезми алғаш рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін жазған.

Алгоритм сөзі ұлы математик Әл-Хорезмидің атына байланысты шыққан.

Алгоритм -орындаушының белгілі бір мақсатқа жетуі үшін орындалатын әрекеттер тізбегін айтады.

Алгоритмнің нұсқаулары команда деп аталады. Орындаушының орындай алуы мүмкін командалар жиынтығын орындаушының командалар жүйесі деп аталады.

Slide 3 Slide 4

2 - мысал. Конус бетінің жақ ауданын және көлемін есептеңдер. Биіктігі Һ, радиусы R берілген. Нәтижені табыңдар. S конус = πRL, V=?

1 - қадам: R- ді енгізу.

2- қадам: һ - ты енгізу.

3 - қадам: L - анықтау, L= √R2 + һ2;

4 - қадам: S - анықтау, S = πRL;

5 - қадам: V - анықтау, V=1/3*πRһ;

6 - қадам; S, V - ны шығару.

Алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын бірыңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесін программа дейміз.

Slide 5

Алгоритм қасиеттері

1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.

Алгоритмді келтірілген барлық іс - әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болуы керек

2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті

Үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу

Мүмкін болуы керек.

Slide 6

.

3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.

Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек. Егер есептің шешуі болмаса, “шешуі жоқ” деген нәтиже шығуы керек.

4. Алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті

Белгілі бір есепке арналмай, осы тәрізді есептерді шешуге мүмкіндік беретіндей етіп құру қажет.

5. Алгоритмнің формальды орындалуы

Белгілі бір орындаушыға арналып құру қажет.

Slide 7

Алгоритмді жасау барысында оны 3 тәсілмен сипаттауға болады:

Қарапайым тіл арқылы -табиғи тіл

Түйінді сөздер арқылы

Блок схема түрінде

Программалау тілі арқылы

Қарапайым тілде әрбір адамға түсінікті етіп жазу табиғи тілде жазу деп аталады.

Блок схема деп әр түрлі фигуралар арқылы бағдарламада орындалатын әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схеманы айтады.

Арнаулы тілде жазу деп ЭЕМ түсінетін тілде жазуды айтады.

Slide 8

Сүт қайнату алгоритмі.

Ыдысқа сүт құю

Ыдысты плитаға қою

Сүт қайнағанша күту

Газ кранін ашу

Сіріңкені от жанатын жерге тосу

Сіріңкені жағу

Газды өшіру

Slide 9

Іс-әрекеттің орындалуы

Блок пішімі

Атқаратын жұмысы

Процесс

Математикалық өрнектерді есептеу

Таңдау

Есеп шығару жолын таңдау

Модификация

Цикл (қайталау) басы

Құжат

Нәтижені шығару, қағазға басу

Енгізу

Мәліметтерді енгізу

Бастау, аяқтау

Басталуы, аяқталуы

Түсініктеме

Схеманы, формулаларды түсіндіру

Slide 10

Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын табу. Үшбұрыштың 3 қабырғасы белгілі (3 қабырғаны есепті шешуші пернетақтадан енгізу қажет) . Ауданын табу үшін бірінші үшбұрыштың мына формула бойынша периметрін табамыз:

Периметрін тапқаннан кейін, ауданын есептейміз. Ол төмендегідей формуламен жүреді:

. Осы есепті табиғи тілде және блок схема түрінде сызу қажет.

Табиғи тілде жазылуы:

1) алгоритмнің басы

2) a, b, c мәндерін енгізу

3) периметрдің формуласы бойынша Р табу керек

4) ауданның формуласы бойынша S табу керек

5) ауданның мәнін баспаға шығару керек (периметрдің мәнін де баспаға шығаруға болады)

6) алгоритмнің соңы

Slide 11

ЖАТТЫҒУЛАР (есепті табиғи тілде орындаймыз)

1. Трапецияның a, b қабырғалары және h биіктігі берілген. Трапецияның ауданын анықтау қажет.

мұндағы x=0. 5; -3; 1. 2 .

2

3.

Slide 12

Бақылау сұрақтары

Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритмді жазудың қандай тәсілдері болады?

Блок схема дегеніміз не?

Блок-схемадағы геометриялық фигуралардың қызметін түсіндіріңіз.

Slide 13

Үйге тапсырма

Кітаптан §2

8-16 бет


Ұқсас жұмыстар
Алгоритм негіздері: анықтама, сипаттау тәсілдері және практикалық есептер
Алгоритмдер: анықтамасы, қасиеттері, түрлері және сипаттау тілдері
Алгоритм: анықтама, қасиеттері, күрделілігі, берілу тәсілдері және алгоритмдік тілдер
Алгоритмнің анықтамасы, қасиеттері және жазу тәсілдері
Алгоритмдеу: анықтамасы, қасиеттері, беру тәсілдері мен құрылымдары
Алгоритмнің анықтамасы, қасиеттері, жазылу тәсілдері және түрлері
Модельдер: сипаттау әдістері, қасиеттері және түрлері
Алгоритмдер: түсінігі, негізгі қасиеттері және жазу тәсілдері
Алгоритм ұғымы: шешілмейтін есептер, алгоритм күрделілігі, функциямен байланысы және алгоритмдік тілдердің сипаттамасы
Алгоритм теориясы: шешілмейтін есептер, алгоритм күрделілігі және алгоритмдік тіл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz