Сұрақтар түрі


Slide 1

«Үшөлшемді әдістемелік жүйенің физика сабақтарындағы тиімділігі». TIMSS және PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде қойылған талаптар.

Slide 2

Қазіргі заман мектебі бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсаты - мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болу керек. Аталған мәселені шешетін технологиялардың бірі: «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ) »

Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы бойынша жұмыс жасау үшін әр мұғалім өз пәні бойынша төмендегідей құжаттар әзірлеу керек.

Күнтізбелік жоспар

Тақырыптық жоспар

Жұмыс дәптері

Slide 3

Күнтізбелік жоспарды жасау барысында ең алдымен барлық тақырыпты модульге бөлу керек. Модуль дегеніміз - ол үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше параграфтан тұратын тарау. Оның ерекшелігі, әрбір тарау, немесе модуль 3 қорытынды сабақпен аяқталады : өзіндік жұмыс, коррекциялық жұмыс, бақылау жұмысы. Технология талабы бойынша әрбір тоқсан 6 қорытынды сабақпен аяқталуы тиіс; (3 сабақ тоқсандағы соңғы тарау бойынша, 3 сабақ тоқсандағы барлық модуль бойынша) . Ал әрбір оқу жылы 9 қорытынды сабақпен аяқтау тиіс: 3 сабақ соңғы тарау бойынша, 3 сабақ соңғы төртінші тоқсан бойынша, 3 сабақ жылдық қорытынды бойынша.

Slide 4

І кезең 5 минут

а Ұйымдастыру: а) (үй жұмысын тексеру, деңгейлік тапсырмаларды),

б көпір тапсырмалары (Өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар. )

ІІ кезең 20-25 минут синектикалық бөлім

а) өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру.

Білу - не? Қашан? Қайда? Қай жылы?. . .

Түсіну - неге? Неліктен? Не себепті?

Талдау - талда, салыстыр ерекшелігі неде?

Жинақтау - классификация жаса, қорытынды шығар

Қолдану бекіту тапсырмалары

баға беру бекіту тапсырмалары

б) жұмыс нәтижесін мұғаліммен талқылау

в) алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау

ІІІ кезең кері байланыс, деңгейлік тапсырмалар

Slide 5

ІІІ кезең (кері байланыс) - технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім (12 минут + 3 минут қорытынды шығаруға арналады. )

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғарыдағы 2-кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12 ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау болып табылады. Оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.

1-ші деңгей - оқушылық (өнімсіз-репродуктивтік деңгей, мемлекеттің ең аз қажетті көлемін қамтиды. ) бұл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттерін жасайды.

2-ші деңгей де оқушылардан:өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау іскерлігі (екінші деңгейде қалыптасатын біліктілігі) талап етіледі. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыру арқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері жатады. Сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі? Түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, салыстыр, талда, классификация жаса т. б.

3-ші деңгейде оқушылар танымдық-ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңделуіне, қорытындылауына бағытталған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар түрі:өз шешіміңді тап, алгоритм жаса, жүйеле, зертте, қорытынды шығар, жетістіктерін сипатта, сәйкес келе ма?, . . . дұрыс па? т. б.

4-ші деңгейдің тапсырмалары оқушылардың жаңа әдістерді пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында қолдана білуін талап етеді (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау т. б. )

Slide 6 Slide 7

Жоғарыда айтылғандай, деңгейлік тапсырмалар 12 балдық жүйемен бағаланады:

1-ші деңгей - 5 бал «сынақтан өтті» - журналға «3» қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса; Бұл деңгейде оқушының білім сапасы «дұрыс», «толық» деген категориялырды қанағаттандырады.

2-ші деңгей - + 4 бал=9 бал - журналға «4» қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса; бұл жағдайда оқушының білім сапасы 1-деңгейдегі «дұрыс»-қа, «толық»-қа «әрекеттілік» пен «тереңділік» сияқты білім сапасының түрлерін қосады.

3-ші деңгей - +3 бал=12 балл - «5»журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», . . . және «берік» деп саналады.

4-ші деңгей тапсырмалары стандарттан жоғары болғандықтан? Олар өзінше 12 балдық жүйемен ерекше бағаланады, және бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Демек, мектеп түлектерінің әр қайсысының өз бойындағы қабілетіне сәйкес, «жоқ» дегенде, бір бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналуын кепілдік бар.

Slide 8

TIMSS және PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде қойылған талаптар.

Slide 9

PISA - (Programme for International Student Assessment) . Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.

TIMSS - (Trends in International Mathematics and Science Study) Математика және жаратылыстану білімдері аймағындағы халықаралық зерттеу.

Slide 10

PISA негізінде - бұл өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсетуге бейімділігі. Бұл 15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал.

Бұл жаста көп елде мектептегі міндетті білім тәмамдалады

Slide 11

PISA мақсаты:әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу, саралау.

Slide 12

РISA есептерінің шарты: Өмірден алынған қандай да бір ситуацияның жазбасы

Не есептің шарты, не сұрақтың мазмұны нақты бір пәндік білімге сүйенбейді;

Есептің шарты тұлғалық тәжірибемен сәйкестендірілген - ашық;

Әрбір есеп немесе тапсырма өзіндік шешімді талап ететін қандай да бір ситуация болып табылады.

Slide 13

РISA тапсырмаларына мысал

ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Мәтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңдер.

2002 ЖЫЛДЫҢ 22 МАУСЫМДАҒЫ ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Солтүстік жарты шарда 2002 жылы 22 маусымда ең ұзақ күнді атап өтсе, Авст­ралияда - ең қысқа күнді атап өтеді. Бұл күні Мельбурнда*, Австралияда, Күн 7 сағат 36 минутта шығып, 17 сағат 08 минутта батады, және толық жарық күннің ұзақтығы 9 сағат 32 минутты құрайды. Осы жылы Австралияда 22 желтоқсанда ең ұзақ күн болады. Күн бұл күні 5 сағат 55 минутта шығып, 20 сағат 42 минутта батады, ал толық жарық күннің ұзақтығы 14 сағат 47 минутты құрайды.

Астрономиялық қоғамның Президенті Перри Влахос мырза, Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларындағы жыл мезгілдерінің ауысу құбылысы, жер осінің 23 градусқа иілуімен байланысты екенін айтты.

*Мельбурн - шамамен 38 оңтүстік кеңістігінде орналасқан Австралиядағы қала.

Сұрақ 1: ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Жер суретте көрсетілгендей күн шуақтарымен жарық болып тұрады.

Мельбурнде қазіргі уақытта жылдың ең қысқа күні деп жобалайық.

Суретте жер осін, экваторды жүргізіңдер және Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларын көрсетіңдер. Оларды белгілеңдер немесе қажетті жазулар жазыңдар.

Сұрақ 2: ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Қай пайымдау Жердегі күн мен түннің ауысуын көрсетеді? Ал Жер өз осінен айналып тұрады.

А Жер өз осінен айналып тұрады.

В Күн өз осінен айналып тұрады.

С Жер осі иілген.

D Жер Күнді айналып тұрады

Slide 14

TIMSS Математика және жаратылыстану білімдері аймағындағы халықаралық зерттеу.

TIMSS тест тапсыраларында жаратылыстану бөліміне Биология, Физика ғылымдары, География және астрономия мазмұнды блоктары бойынша және Білу, Пайдалану, Ойлану үш оқу-танымдық әс- әрекет түрлері бойынша тапсырмалар кіреді.

Slide 15

Мазмұнды блоктар бойынша тапсырмаларды бөлу (%) :

Биология 45%

Физика ғылымдары 35%

География және астрономия 20%

Тест тапсырмаларының көп бөлігі негізгі жаратылыстану түсініктері бойынша білімдерін тексеруге бағытталады- 40%,

ал білімін пайдаланып, зерттеулер жүргізуге арналған тапсырмалар 35%-ды құраса,

ойлап, түсіндіріп, қорытынды жасайтын тапсырмалар 25%-ы құрайды.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Пікір сұрау
Ойлау деңгейі Сұрақтар үлгілері
Қызыл қасқыр тобы
Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырының зерттелуі
Стиль түрлері
Қалада және ауылда
Әлеуметтанулық ақпараттарды жинау әдістері
Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы
Ұлттық спорт түрлері
Көңілді информатика. Cыныптан тыс іс-шара
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz