Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы


Slide 1

Орындағандар: 6 “Б” сыныбының оқушылары

Абишев Алишер, Байғуанышева Арайлым

Ағылшын тілі пән мұғалімі: Кожахметова Кымбат Бодыковна

Шығыстың

қос жұлдызы . . .

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

Жезқазған қаласы, 2010ж

Slide 2

Шығыстың

қос жұлдызы . . .

Slide 3

ХХ -ғасырдағы он бір қанды қасырет қайсы десек, ол екінші жиһангерлік соғыс дер едік. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды. 40 елдің жері соғыс өртіне шарпылып, 110 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында 193жылғы алапат ашаршылықтан қырылып, Ұлы Отан соғысы қарсаңында 3, 2 миллионға әзер жеткен, соған қарамастан батысқа 500 мың боздағын аттандырған бейбақ Қазақ елі бар еді.

Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтың пайымдауларына қарағанда олардың 350 мыңы қаза тапты, хабарсыз кетті деген санатта майдан даласынан қайтпай қалған. Жеңіс туы тігілгеннен бері, міне, 65 жыл өтті. Бүгін сол сұрапыл соғыста Отаны үшін өмірін қиған апаларымыз жайлы әңгіме сөз қозғағалы отырмын.

Slide 4

Әлия Молдағұлова

(1924-1944жж)

Қазақтың қаhарман қызы, Кеңес Одағының батыры

Мәншүк Мәметова

(1922-1943 жж)

Қазақтың қаhарман қызы, Кеңес Одағының батыры

Slide 5

Соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын әсте естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды -жасыл киініп гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, бекініп қару асынып жауға қарсы шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.

Жыл сайын Жеңіс күні тойланғанда аузымызға алдымен Әлия мен Мәншүк оралады. Бұлар ананың ақ сүтін ақтаған халқымыздың адал перзенттері, еліміздің мақтанышы, көгімізде шолпан жұлдыздай жарқыраған әйел қауымының ар -намысы, биік мұнарасы.

Қаhарман

қазақ қыздары

Slide 6

Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әлияны анасы«Ақмоншағым» деп еркелетіпті. Әлияның азан шақырып қойған аты - Ылия. Орыстар Лия деп атаған.

Әлияның әкесі - Сарқұлов Нұрмұқанбет, анасы - Молдағұлова Маржан. Әлияның анасы қайтқаннан кейін, әкесі Нұрмұханбет, 8 жасар Әлия мен оның ағасы Бағлан «Тегісшіл» колхозындағы апасына көшіп барады. Бұнда бір жылдай тұрып, әкесі екі бірдей баланы тәрбиелеу қиынға түскендіктен, Әлияны нағашы ағасы Әубәкірдің тәрбиесіне береді. Осылайша, Әлияның өмір жолы Молдағұловтар отбасында жалғасады. Көп кешікпей Әубәкір отбасымен Алматы қаласына көшіп, Әлияны бірге алып кетеді. 1934 жылы

Әубәкір Молдағұлов оқуға Мәскеуге, Одан Ленинградқа жіберіледі. 1941 жылы Әубәкір оқуды аяқтап, Ташкент қаласына жұмысқа орналасады. Отбасы жағдайына байланысты Әлияны балалар үйіне тапсырады. Әлия осылайша Ленинград қаласында тұрақтап қалады. Сол жылы Ұлы Отан соғысы басталып, Әлияның өмірінде үлкен өзгеріс болады.

Slide 7

Әлия мектеп жасына толғанда орыс мектебіне оқуға барады. Осы мектепте оқыған кезін ұстаз былай деп есіне алады: Әлия орыс тіліне

қанша қиналса да, қиыншылықты жеңу керек, өмірдің мәні осында деп түсінді. Сабақтан кейін қайтпай мектепте қалып, тапжылмай отырып сабаққа дайындалатын. Еңбекқорлық, мақсат ету жолындағы табандылық Әлия бойындағы тамаша қасиеттер еді. Бұл еңбегі өз жемісін берді. Әлия «өте жақсы» деген бағалармен оқыды. Орыс тілі мен әдебиетінен өте тамаша жетістіктерге жетті және жазба жұмыстары өте мазмұнды болатын. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапті көп оқыды. Осы қасиеттермен қатар қолы шебер, ұқыпты, бөлмесі кірсе-шыққысыз жайнап тұратын. Төсек жапқышы, көпшігі, терезе перделерін өзі тоқыған шілтермен көмкеріп, айна алдында герань, олеандр, камелия өсіретін. Бір қызығы, осы аталған гүлдер өте нәзік әрі сұлу, сонымен қатар шөлге төзімді, суыққа шыдамды өсімдіктер. Осы гүлдер арқылы да мен Әлияның сұлулықты сүйетінін, мінезі де осы гүлдер сияқты екенін байқадым.

Slide 8

Тағы да қаланы

Жатыр -ау бомбылап.

Теңселіп барады. . .

Барады жер құлап?!

Шетімен алаңның

Жығылып, сүрініп. . .

Балалар үйіне

Келемін жүгіріп.

Салдырап сүйегім,

Қызынып, суынып.

Барады жүрегім,

Аузыма тығылып. . .

Бір дүлей басталды,

Шыңылдап құлағым. . .

Үйілген тастардың

Үстіне құладым. . .

Не көрдім? Не істедім?

Не сұмдық - дүние!

Жүгірдім. . . тістеніп,

Балалар үйіне.

Әлияның күнделігінен

Slide 9

Бүкілодақтық Лениншіл Комммунистік Жастар Одағы (Комсомол) Орталық комитеті және КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының бастамасымен мемлекетте алғаш рет атқыш- снайперлерді дайындайтын әйелдер курстары ашылды. Осы курстар негізінде 1943 жылдың мамырында снайперлік дайындық орталық әйелдер мектебі ұйымдастырылды. 1943 жылдың 23-ші ақпанында курсант қыздар ант берді. Әлия оқуға бар ынтасы мен зейінімен берілді, көз өткірлігін, мергендігін, қолдың нақтылығын көп жаттықтырды. Сонымен қатар ол жер жорғалап еңбектеуді, қол және станкопулеметтен, автоматтан, танкіге қарсы қарудан атуды үйренді. Оқу жеңіл болған жоқ. Әлия жақсы атқыш болды. Бірақ оның майданға бару мақсатына тағы бір кедергі пайда болды. Мектеп басшылары емтиханнан кейін Әлияны майданға жібермей мектепте басқа жаңа курсанттарды үйрететін инструктор ретінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Оны естіген Әлия әскери устав пен тәртіпті ұмытып, «бәрібір майданға кетемін», деп тұрып алды.

Slide 10

1943 жылдың шілде айында Әлия Сотүстік - Батыс майданына 54-ші атқыштар бригадасына аттанды. Бұндада алдағы қатарға жетуіне кедергі болған оның жасы және бойы. 4-ші батальонның снайпері болды. Көп уақыт тосып, немістерді аңдып отырып, оларды атты. Бір рет немістің сынық танкісіне бұғып отырып, екі немісті атты, үшінші оқпен окоптан шығып тұрған стереоқұбырды атты. Фашистер снайперді байқап, миномет пен зеңбіректерден оқ жаудырды. Танктің астынғы люгін ашып, Әлия жерді бауырлап, өз бөлімшесіне жетті. Ұлы Октябрь мейрамы алдында Әлия бір күні жеті немісті атып түсірді. Бір күні дос қыздармен келе жатып, жеті фашистке жолықты. Біреуін Әлия, екеуін достары атты. Қалғаның қыздар қамауға алып, бастыққа әкеп тапсырды.

Slide 11

1944 жылдың қаңтарында Псков облысы Насва теміржол станциясынан немістерді шығару мақсаты қойылды. Фашистер қатты қарсыласты, артиллерия от жаудырды. Әлияның ротасының командирі қаза болды. Жауынгерлер сасып қалды. Сонда Әлия атып тұрып: «Отан үшін алға!», деп айқай салды. Оның соңында бүкіл рота көтеріліп шабуылға шықты. Әлияның қолына минаның сынығы тиді, бірақ ол автоматын тастамай бір неміс офицерін атты. Офицер жауап беріп, Әлияны екінші рет жарақаттады. Соңғы рет Әлия атып, немісті өлтірді. Казачиха деревнясының батысында, Смердель деген кішкентай өзеннің биік жағасында достары Әлияны жерледі.

1944 жылдың 14-ші қаңтарында қазақ халқының ер қызы, Ленинградтың ер қызы Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова отаны үшін, елі үшін батырлықпен шәйіт болды. Оның батальондық достары Әлия үшін жаудан қанды кек аламыз деп ант берді.

Slide 12

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың

4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға

Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Псков облысы Новосокольники ауданының әртүрлі жерлеріндегі жауынгекрлердің сүйектері Казачиха деревнясынан 4 шақырым жердегі Монаково селосына кіре берістегі жотадағы бір ағайындық зиратқа әскери салтанатпен жерленді.

Slide 13

«Әлия»

Тверьдің орманы жас, жері кәрі,

Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.

Сол жерге Әлияның қаны сіңген

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.

Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,

Әлия ұлы Отанға болған мақтан.

Казачиха маңында тұлғасы тұр,

Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан!

Сол жермен сонау заман Пушкин өткен,

Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен,

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.

Slide 14

Мәншүк Мәметова Жеңсікәліқызы (Жиенғалиқызы) 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтті.

Slide 15

1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.

1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми - зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.

Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты қорғау – болашақты ойлау
Орталық Қазақстан
Темір және марганец
Бақытты отбасы
Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты
Жезқазған қаласы
Жансейіт күмбезі
Заман туралы шығармалары
Қостанай облысы
Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz