Дәрілік өсімдіктер жөнінде сабақтан
Презентация қосу
Шиелі аудандық білім бөлімі №84 негізгі мектеп
Жергілікті жерде ерте көктейтін
гүлдер және олардың емдік қасиеттері
Биология пәні мұғалімі: Әтеева Анар Жақсылыққызы
2010-2011 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:
Жергілікті жерде ерте көктейтін гүлдер және
олардың емдік қасиеттері
Мақсаты:
1. Дәрілік өсімдіктермен танысу арқылы түрлерін, құрылысын,
қызметін, қолданылуын анықтай білу. Шиелі ауданында
кездесетін дәрілік өсімдіктер жайлы ізденуі, халық медицинасында
қолданылуы.
2. Оқушылардың дәрілік өсімдіктер жайлы білімін арттыра отырып
елімізде жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғай білуге баулу;
3. Оқушылардың ғылыми танымдық қабілетін , ой-өрісін дамыту
өздігімен шығармашылықпен айналысуына деген ынтасын арттыру
Сабақтың түрі: Жорық сабақ
Әдісі : Зерттеу сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: 1.Жергілікті жерде
өсетін табиғи өсімдіктер (қызғалдақ,бәйшешек, жусан т. б)
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды жорықтық сабаққа әзірлеу және икемдеу,қауіпсіздік
ережелерімен таныстыру
Бүгін біз сабақтың мақсаты бойынша жорыққа өзіміздің ауылдың
іргесіндегі дарбазаға жергілікті жердің өсімдіктерімен танысып, емдік
қасиеттері туралы зерттеп, өзіміз көріп білуге жорыққа шығамыз.
Шықпас бұрын қауіпсіздік ережесін білуіміз қажет.
Оқушыларға, тауга шыққанда түрлі зиянкестерден абай болуға, улы
өсімдіктерді қолмен ұстауға, ағынсыз суларды ішуге болмайтынын
ескерту.
Жорық сабақ
Міне балалар бүгін біз жергілікті жерде ерте көктеп гүлдейтін
өсімдіктердің олардың емдік қасиеттері туралы анықтап білеміз.
Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі.
Әсіресе өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасақ, оларда бізге
сондай көзқараспен қарайды. Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде
адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Оны тағам үшін ішіп жейтін
өсімдіктер түрінің көбеюіне қарай біліп отырған. Біздің жергілікті
жерімізде өсетін өсімдіктердің түрі бұл мына тұрған жусан.
Жусан-күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық
шөптесін шалабұта. Қазақстанның барлық жерінде шөл-шөлейт
далада таулы жерде өсетін 81 түрі бар.Біздің жерде өсетін түрі
дермене.Жусанның биіктігі 10-60 см болады. Сабағы тік немесе жерге
төселіп өсетін түрлері де бар.Жапырағына қарайық: жапырақтары
кезектесіп орналасқан қауырсын тәрізді. Шеті тілімденген бүтін
жиекті қос жынысты сары түсті себеттері өте көп екенін көріп
тұрмыз.Әбден піскен сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Жемісі
тұқымша.Жусанды –құнарлы мал азығына, дәрілікке, бояуға, тағамға,
витаминге бай майлы өсімдік. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%
өсімдіктен дайындайды екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу
фитотерапия, үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік
жеткілікті.
Жусан-күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық
шөптесін шалабұта. Қазақстанның барлық жерінде шөл-шөлейт
далада таулы жерде өсетін 81 түрі бар.Біздің жерде өсетін түрі
дермене.Жусанның биіктігі 10-60 см болады. Сабағы тік немесе жерге
төселіп өсетін түрлері де бар.Жапырағына қарайық: жапырақтары
кезектесіп орналасқан қауырсын тәрізді. Шеті тілімденген бүтін
жиекті қос жынысты сары түсті себеттері өте көп екенін көріп
тұрмыз.Әбден піскен сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Жемісі
тұқымша.Жусанды –құнарлы мал азығына, дәрілікке, бояуға, тағамға,
витаминге бай майлы өсімдік. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%
өсімдіктен дайындайды екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу
фитотерапия, үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік
жеткілікті.
Соның ішіндегі көктемнің алғашқы
жаршысы секілді, ерте көктемде қар астынан
қылтиып шыгатын бәйшешекті білмейтін
жан жоқ шыгар.
Бұл өсімдікке қыстық қысқы суығы да тіпті көктемнің ызғары
да қорқынышты емес. Бәйшешек өсімдік атаулының ішіндегі ерте
оянатыны. Ең бірінші бұл өсімдіктің қияқ секілді жіңішке екі
жапырағы шығады. Артынан қоңырау секілді ақ гүл жарып
шыгады.Бұл өсімдік амарилситер тұқымдасына жатады, табиғи
18-ге жуық түрі бар. Егер оны көгалдандыратын болсақ оның
гүлпары және жәй күлтелі түрлері шетелден әкелініп
жерсіндіріледі.
Жалпы бәйшешек түрі мен сұрыпына қарай әр мезгілде гүлдейді.
Оның кейбір түрі желтоқсан қаңтар айларында гүлдесе енді
біреулері наурыз-сәуір айларында гүл жарады.біздің жерде өсетіні
наурыз-сәуір айларында гүл жаратыны, яғни табиғи түрі.
Бәйшешектің гүлдеуі сұрпына ғана емес, оның климатына, ауа
райына байланысты.Сондықтанда бәйшешек кешігіп немесе
уақытынан ерте гүлдеп жатса, таңданудың қажеті жоқ.
Бәйшешектің бойының биіктігі 10- 40 см.Бәйшешектің дәрілік
қасиетіне келетін болсақ, көкек айының алғашқы аптасында гүлі
мен тамыры қатар алынып кептіріп ұнтақтаймыз. Сол ұнтақ
100грамын 0,5 кг балға араластырамыз.Мұны аққан ауруына
ұшыраған адамға күніне 1 шай қасықпен 3 рет қашан сырқат
жағдайы жақсарғанша ішкіземіз. Сол кезде емге пайдасы бар.
Соңғы кезде бәйшешектің тамырын сүтке пісіріп, өкпе
түберкулезіне қолқа қабынуына, құрыспа ауруларына қарсы
пайдаланып жүрген адамдар бар.
Сонымен қатар біздің тұрып жатқан жерімізде
дәрілік өсімдіктердің 60% -өседі. Жабайы
өсімдіктерден-жолжелкен, жусан, жалбызтікен,
сексеуіл, бақ-бақ, мия, адыраспан т.б. өседі. Ерте
заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ
халқы шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік
қасиеттерін ертеден білген.мынау біздің таулы
табиғатымызға сұлу да көркем табиғат сыйлаған бұл
саялы біздің бұлағымыз. Қарап тұрсақ
табиғатымыздың таулы аймағы қандай тамаша!
Біздің ата-бабаларымыз бұлақтың көзін ашып,
айналасына тал бұта еккен.
Қызғалдақ
Осындай таулы аймақта
өсетін жеріміздің ерте
көктейтін гүліміздің бірі-
қызғалдақ екенін бәріміз жақсы
білеміз. Негізінен қызғалдақ
лала гүлділер тұқымдасына
жататын өсімдік. Бүгінде олар
әлемнің қоңыржай климаттық
жерлерінде кеңінен тараған.
Бұл өсімдіктің шығыстық түп-
тамыры парсының (сәлде)
сөзінде жатыр. Қызғалдақ
гүлінің формуласы: Жәй
гүлсерікті, күлтесі 6 аталығы
екі шеңберге орналасқан.
Аналығы біріккен 3 жеміс
жапырақшасынан тұрады.
К3+3 А3+3 Ж( 3)
Қазір қызғалдақтың енді ашылып келе жатқан кезін
көріп жүрміз. Көктемгі далага қызғалдақ гүлі ең бір жарық
көрініс беріп тұрады. Қазір қызғалдақтың 18 түрі өте
сирек кездесетін және жойылып кету алдында тұрған
өсімдік ретінде қызыл кітапқа енгізілді. Қазақстанда
қызғалдақтың 3 түрі кездеседі. Олар альберт қызғалдағы,
борщов қызғалдағы, грейг қызғалдағы. Гүлінің иісі
керемет түрлілігімен ерекшеленеді.
Ардақты азаматың «Асқар тауым, шалқар көлім, қара
орманым» деп қастерлеген. Жер-Ана – біздің тұратын,
демалатын, тәрбиелейтін мекеніміз. Атамекен-ауылымыз.
Сондықтан да табиғатты аялап, бағалай білейік.
Дана көптен шыгады дәрі шөптен шыгады демекші
өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды
орынды пайдаланып, қорғай білудің маңызы зор.
Қолданылуы Дәрілік шөптер
Долана, сасық шөп, қазоты, шүйін-шөп
І жүрек, қантамыр
(валериана), жалбыз
Жалбыз, түймедақ, жөке, қырықбуын, арша,
ІІ тері ауруы
жолжелкен, мыңжапырақ
Қырықбуын, бидайық, арша, бақ-бақ, қайың,
ІІІ зәр айдайтын
зығыр
Шашыратқы, қырықбуын, шайқурай,
IV өтке арналған мыңжапырақ, итмұрын, бидайық, қалақай,
жалбыз
V бауыр мен бүйректегі тас түсіретін Лобия, шоңайна, шашыратқы, қалақай, андыз
VI қақырық түсіретін Емен, жөке, тал, өгейшөп, қызылмия, жолжелкен
VII паразит құрттардан емдейтін Дәрмене, сарымсақ
VIII қант ауруын емдейтін Топинамбур (жералмұрт)
«Ізденімпаздар» тобы
Өсімдіктерді
бақылау.
Дәрілік өсімдіктер жөнінде сабақтан
Дәрілік өсімдіктерді жинау үшін
қажет ережелер:
1. Дәрілік өсімдіктерді сыртқы
құрылысына қарап тани білу;
2. өсетін жерін білу;
3. дәріге өсімдіктің қай мүшесін алуды
білу;
4. кептіру әдісін білу;
5. сақтау ережесін білу.
Үйге тапсырма:
Дәрілік өсімдіктер жайлы қосымша
материал жинақтау.
Дәрілік өсімдіктер жайлы
мақал-мәтел жазып келу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz