ДИАЛЕКТ СӨЗ КІРМЕ СӨЗ



Қазақ тілінінің сөздік құрамын қайталау
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай екіге бөлінеді:
Жиі
қолданылатын
сөздер
Сирек
қолданылатын
сөздер


Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларды кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . сөздер дейміз.
. . . сөздердің 2 түрі бар
1.
2.
Қолданылған дәуірі өтіп, қолданыстан шығып қалған сөздер.
Әр халықтың тұрмыс- тіршілігіне, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөздер.
М: патша, хан, уәзір, би, болыс, садақ, найза, қызыл әскер, керуен т. б.
М: бесік құда, ұрын бару, сәукеле, лашық, кебеже, торқа, күпі т. б.

1-тапсырма. Архаизмдердің қазіргі атауын жазыңыз.
Есік атауы
/архаизм/
Жаңа атауы
/неологизм/
Аэропорт
Адрес
Рыноктық
Таможня
Станция
Реклама
Посредник
Пенсия
Парк
Документ
Планета
Космос
Комплекс

2 тапсырма. Мына мақалдардағы көнерген сөздердің астын сызып және олардың сипатын анықтаңыздар.
1. Асабасы жоқ асқа жарымас.
2. Қараша үйден ханша шығар.
3. Шықсаң ұзақ сапарға, арымас ат - отарба.
4. Ер-азамат белгісі - түзде мырза, үйде құл.
5. Ынтымақ - оқ өтпес сауыт, татулық - тамаша сауық.
6. Бақа - көлінде патша, жігіт - елінде патша.
7. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Тест сұрақтары
1. Архаизмнен болған тіркесті табыңыз.
А/үлкен планета В/Абай даңғылы С/нарықтық экономика Д/физикалық карта
2. Бұрын көнерген сөз болып қазір неологизмге айналған сөзді табыңыз.
А/апрель В/ғасыр С/апта Д/байрақ
3. “Архаизм” сөзінің мағынасы не?
А/жаңа сөз В/тарихи сөз С/ежелгі, көне Д/аймақтық сөз
4. Қазір қолданыстан мүлдем шығып қалған сөздер қалай аталады?
А/неологизм В/историзм С/архаизм Д/диалект
5. Көнерген сөзді табыңыз. А/ саяжай В/барымта С/жағажай Д/сүндет той
6. Неологизм сөзді көрсетіңіз. А/несие В/гарантия С/процент Д/фонд
7. Қай қатар неологизм сөздерге жатады?
А/класс, лампа В/хандық, барымта С/сәулет, пайыз Д/анализ, скидка
8. Неологизм сөзінің мағынасы не?
А/жаңа сөз В/тарихи сөз С/ежелгі, көне Д/аймақтық сөз
9. Сөйлемдегі архаизмді белгілеңіз.
Былтыр класпен Түркістан қаласын аралап қайттық.
А/былтыр В/Түркістан қаласын С/аралап қайттық Д/класпен
10. Қай қатар бір ұғымның архаизмдік-неологизмдік атауы бола алмайды?
А/герб-елтаңба В/гимн-әнұран С/аэропорт- ғарыш айлағы Д/анкета-сауалнама

3-тапсырма. Мәтіндегі диалект сөздерді тауып, астын сызыңыздар және мағынасын ашыңыздар.
Қауын егіп болған соң қарттың көңілі тына қойған жоқ.
Тоғайға барып, шартаққа деп екі-үш күн ағаш кесті.
Қауыны біркелкі жақсы шықты. Қарт енді қауындық
жерінің басынан шықпайтын болды. Қарықтардың
арасына шыққан отақтарды шабады. Болашақ шартақ
құратын жерді тегістеп, шаңы бұрқырап жатпасын деп
су салады. Пәлектер гүлдей бастаған соң, қарттың ісі
тіпті басынан асып кетті.
Қауын пәлегінің өркенге құлауы да, гүлдеуі де ол
үшін кішігірім мереке болды. (Т. Нұрмағанбетов)

Белгілі бір аймақтағы тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . сөздер дейміз.
. . . сөз
Әдеби баламасы
Сым
Азанда
Бәдірен
Оттық
Көпшік
Тырық, көтерем
Жуа
Қортық, пәс
Тәшек
Ауқат
Асадал

Белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байла -нысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөздерді . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . сөздер дейміз.
. . . сөздер 2 үлкен салаға бөлінеді
Қолөнершілікке
қатысты сөздер
Ауыл шаруашылығына қатысты сөздер
Ағашшылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, т. б.
Мал, астық, балық, аңшылық, бау-бақша, темекі, мақта, күріш, қызылша, қауын, т. б.
М:пышқы(араның бір түрі), шербек(үлкен ара), атауыз (шеге суырғыш), тышуыр(бұрап тесетін құрал), пәрбі(шойын тескіш), ыңғыру(ағаш оятын құрал), т. б.
Мақтаға қатысты: қоза(мақта өсімдігі), шиіт(мақтаның тұқымы), терімші(мақта теруші), т. б.
Қауын аттары:әңгелек, жәмше, торлама, т. б.
Қызылша:қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, т. б.

Ғылым, техника, өндіріс және т. б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздерді . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . дейміз.
Қазақ тіліндегі . . . сөздер 2 түрлі жолмен жасалған
1. Басқа тілден енген сөздерге қазақ тілінен балама табу
2. Тілімізге орыс тілі арқылы келген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер
Кеден-таможня,
Егемен-суверенитет,
Әмбебап-универсал,
Кешен-комплекс
Ғарыш-космос, т. б.
Матем. терм:квадрат, куб, синус, т. б.
Химия терм:аммиак, азон, гидрат. . .
География терм: глобус, карта. . .
Лингвистика терм:синоним, антоним, диалект, дисфемизм, фонетика, табу, т. б.

4 тапсырма. Төмендегі кірме сөздердің қай тілден енгендерін бағандарға бөліп жазыңыздар.
Қалам, кереует, ғылым, тақта, дос, жәшік, Тарбағатай, нан, кино, Нарынқол, апта, Зайсан, парта, цирк, Қордай, мұғалім, шайнек, кәмпит, әдебиет, тәрелке, Алтай, тұрба, Нұра, бәтеңке, мәдениет, Баянауыл.
Араб, парсы сөздері
Монғол сөздері
Орыс сөздері

5 тапсырма. Математика, география, тіл білімі саласы бойынша өздерің білетін термин сөздерді жазыңыздар.
Математика
География
Тіл білімі

Тест сұрақтары
1. Балық шаруашылығына қатысты кәсіби сөзді табыңыз.
А/дәнек В/өркен С/қоза Д/қармақ
2. Кәсіби сөздердің қатарын белгілеңіз. А/тасымал, буын, екпін
В/кв., ромб, куб С/тоқым, үзеңгі, тұсау Д/білім, тұрмыс, тіршілік
3. Қай жұптың мағыналары бір-біріне ұқсас емес?
А/бәдірен-қияр В/кесе-пиала С/жуа-пияз Д/әңгелек-дөңгелек
4. Араб тілінен енген кірме сөзді табыңыз? А/мұғалім, кітап, дәптер
В/жәшік, бәтеңке, сот С/кереует, кәмпит Д/синус, косинус, куб
5. Кірме сөздерде қандай заңдылық сақталмайды? А/пунктуация
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz