Тура мағыналы сөздер Ауыспалы мағыналы сөздер


Slide 1

Сөз және

оның құрамын

қайталау

Slide 2

Мақсаттары:

1. Білімділік:

Тіл білімінің сөз бен оның мағынасын зерттейтін бір саласы лексикадан өткенді қайталау.

2. Дамытушылық:

Дұрыс сөйлеуге, сөзді дұрыс, қатесіз, сауатты жазуға дағдыландыру. Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, танымдық қасиеттерін кеңейту.

3. Тәрбиелік:

Оқушыларды топпен жұмыс істеуге үйрете отырып, бір-бірін тыңдауға, бір-бірімен санасуға, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдісі: топпен жұмыс

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кестелер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а/ Амандасу

ә/ Түгендеу

б/үй жұмысын сұрау

Slide 3

Қазақ тіл білімінің зерттейтін 3 саласы бар

Сөз және оның

мағынасын

зерттейді.

1. Морфология

Сөз құрамы.

Қосымша.

Сөз табы.

2. Синтаксис

Сөз тіркесі.

Сөйлем.

Пунктуация.

Стилистика

Дыбысты.

Буын.

Тасымал.

Үндестік заңы.

Орфоэпия.

Орфография.

Slide 4

Лексикадан өткенді қайталау

Лексика дегеніміз не?

Сөздердің қандай мағыналары болады?

Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.

Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.

Антоним дегеніміз не? Мысал келтір?

Табу, эвфемизм, дисфемизм дегеніміз не?

Тұрақты тіркес дегеніміз не?

Мақал-мәтел дегеніміз не?

Slide 5

1 тапсырма. Семантикалық картаны толтырыңыз.

Мысалдар

Табу сөз

Эвфемизм

Дисфемизм

1

Құлағы мүкіс

2

Ағакем

3

Сотқар

4

Тұрмыс құру

5

Албасты

6

Дімкәс

7

Ұлыма

8

Мырза жігіт

9

Мылжың

10

Ауру

11

Саңырау

12

Найзағай, жай

13

Бақиға аттанды

14

Ақсақ

Slide 6

2 тапсырма. Тұрақты тіркестердің мағынасын тауып, көшіріп жазыңдар.

Кірпік қақпау

Аузынан салбырап түскендей

Жалғанды жалпағынан басу

Қырғи қабақ болу

Үріп ауызға салғандай

Тайға таңба басқандай

Жұмыртқадан жүн қырыққан

Көзі алақандай болу

Көзге сүйел болды

Көкірегі қарс айырылу

Slide 7

3 тапсырманы көшіріп жазып, мына сөздердің тура мағынасын табыңдар.

Ауыспалы мағыналы сөздер

Тура мағыналы сөздер

Тәтті ұйқы, тәтті қиял,

тәтті . . .

Ашық мінез, ашық әңгіме,

ашық . . .

Иненің көзі, байлықтың көзі, бұлақтың көзі,

. . . көзі

Өткір ой, өткір мінез,

өткір . . .

Алыс арман, алыс туыс,

алыс . . .

Қатты айту, қатты шу,

қатты . . .

Әңгіменің басы, ағаштың басы, бұлақтың басы,

. . . басы.

Ауыр мінез, ауыр сөз,

ауыр . . .

Жылы жүз, жылы сөз,

жылы . . .

Slide 8

3-тапсырманы көшіріп жазып, мына сөздердің тура және ауыспалы мағынасын табыңдар.

Тура мағыналы сөздер

Ауыспалы мағыналы сөздер

Ауыр

Ашық

Қисық

Суық

Терең

Таяз

Жылы

Slide 9

4 тапсырма. Мағынасына сәйкес тұрақты тіркестерді синонимдерімен сәйкестендіріңдер.

1. Тасы өрге домалау. 2. Сіркесі су көтермеу. 3. Қабақ шытысты. 4. Сөз байлау. 5. Көзге түртсе көргісіз. 6. Арасынан қыл өтпейді.

7. Ат ізін салмау. 8. Ит арқасы қиянда. 9. Бармағын тістеу. 10. Жүрек жұтқан.

Батыр

Өкіну

Алыс

Жолы болу

Ашуланды

Тату

Хабарласпау

Уәделесу

Қараңғы

Slide 10

5 тапсырма. Семантикалық картаны толтырыңыз.

Мысалдар

Омоним

Синоним

Антоним

1

Жуас, асау

2

Бау-бақша

3

Қара

4

Су жүрек, жүрек жұтқан

5

Қайғы-мұң

6

Ара

7

Арық, семіз

8

Есті, ақылды

9

Сабыр, шыдам

10

Үй

11

Шаш, жақ

12

Ойыс, дөңес

13

Жақсылық, жамандық

14

Түс

15

Ар-ұят

Slide 11

6 тапсырма. Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып көшіріп жазыңдар, антонимдердің асытын сызыңдар.

1. . . . сөз жылатады,

Жақсы сөз . . .

2. Жіптің ұзыны, сөздің . . . жақсы.

3. Дос . . . айтады,

. . . күлдіріп айтады.

4. Ұсталы ел озар,

Ұстасыз ел . . .

5. Көз . . . , қол батыр.

6. . . . . сөз күміс,

Аз сөз . . .

7. Қыс азығын . . . жина.

8. Ақыл - дос, ашу - . . .

Slide 12

7 тапсырма. Салыстырыңыз.

Көп мағыналы сөздер

Ортақ қасиеті

Омоним

Slide 13

8 тапсырма. Семантикалық картаны толтырыңыз

Мысалдар

Тұрақты тіркестер

Мақал

Мәтел

1

Жерден жеті қоян тапқандай.

2

Балалы үй -базар, баласыз үй -мазар.

3

Ел құлағы - елу.

4

Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.

5

Қой аузынан шөп алмас.

6

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

7

Отан үшін отқа түс - күймейсің.

8

Сіркесі су көтермейді.

9

Қыздың көзі қызылда.

10

Көппен көрген - ұлы той.

11

Ат ізін салмау.

12

Дария жанынан құдық қазба.

13

Қорқақты көп қусаң, батыр болады.

14

Бармағын тістеді.

Slide 14

9 тапсырма. Мақал-мтелдер ішінен антонимдерді бір бағанға, болымды-болымсыздық мағынадағы сөздерді бір бағанға жазыңдар.

*Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

*Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.

*Мал сақтама, ар сақта.

*Дұшпанға тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.

*Берекені көктен тілеме,

Бірлігі мол көптен тіле.

*Жаман сөз -жанға кірген тікен,

Жақсы сөз - таусылмайтын ем.

*Ердің өзіне қарама, сөзіне қара.

*Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

*Қыс арбаңды сайла,

Жаз шанаңды сайла.

Slide 15

10. Тест сұрақтары

1. Бірлік, ынтымақ туралы мақалды табыңыз.

А/ Еменнің иілгені - сынғаны,

Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.

В/Әзіл айтсаң да, әділ айт.

С/Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

2. Мәтелді табыңыз.

А/Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

В/Ел құлағы - елу.

С/Отан үшін отқа түс - күймейсің.

3. “Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар” мәтелдің мағынасын тап.

А/ аз іс істеп, көп міндет ету.

В/ әнші болу, ән айту

С/ысқыра алатын адам, мал бағу.

4. Нағашы қай жақтан туысқан.

А/ Әке В/Ана С/ Жезде

5. Қимыл-қозғалысқа қатысты сөзі тап.

А/сөйле В/ тас С/ ожау

6. Қай тіркес “ұялу” сөзімен синонимдес.

А/табанын жалтырату

В/мұрнын шүйіру

С/кірерге тесік таппау

7. “Ит арқасы қиянда” тұрақты тіркестің антонимін тап.

А/Таяқ тастам жер

В/Ит өлген жер

С/ Сүт пісірім уақыт

Slide 16

8. Қай тіркес тура мағынада қолданылған?

А) Көз сүзу В) Тізе бүгу С) Шашын алу Д) Іші пысу

9. «Өкіну» мәніндегі тұрақты тіркесті тап?

А) салы суға кету В) санын соғып қалу С) аузына құм құйылу Д) төбе шашы тік тұру

10. Қай тұрақты тіркес «Әділ» деген мағынаны береді?

А) тонның ішкі бауындай В) ала жіпті аттамау

С) он саусағынан бал тамған Д) қара қылды қақ жарған

11. Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз?

А) су жүрек - жүрек жұтқан В) ит өлген жер - ит аяғы қиянда

С) көз жұмды - жүріп кетті Д) көзге түртсе көргісіз- ақ саусақ

12. Тұрақты тіркесті тіл білімінің қай саласы зерттейді?

А) фонетик а В) фразеология С) синтаксис Д) морфология

Slide 17

13. Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестерді тап?

А) Бауыр басу-тайға таңба басқандай В) Таяқ тастам жер-ер жүрек

С) Екі езуі құлағында- төбесі көкке жету Д) көз ілмеу -көз шырымын алу

14. Тұрақты тіркесті тап.

А) Қолы бармау В) Қолы ауыру С) Қолы күю Д) Қолы мұздау

15. «Салу» сөзі қай сөзбен тіркескенде тұрақты тіркес болады?

А) Затты В) Сурет С) Хат Д) Құлақ

16. Қай тіркес «менсінбеу» сөзімен синонимдес?

А) мұрнын шүйіру В) табанын жалтырату

С) кірерге тесік таппау Д) сіркесі су көтермеу

17. Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?

А) Мұрнын шүйірі - дәмелену В) Сөз беру - таңдану

С) Зығыры қайнау - өлу Д) Сілесі қату - шаршау

Slide 18

Қосымша түсініктер

Табу (индонезия) - “тыйым салу”

Эвфемизм (грек) - “жақсылап, сыпайылап айту”

Дисфемизм (грек) - “дөрекі сөйлеу”

Мақал (араб сөзі) - нақыл сөз.


Ұқсас жұмыстар
Сөз мағына
Қазақ тілі пәнінен факультатив сабақтарына арналған оқу -әдістемелік кешен
Музыкалық аспаптардың
Сөз мағынасын түсіну тілді тереңірек білудің негізі
Лексикадан өткенді қайталау
Қызыл қасқыр тобы
ЛЕКСИКОЛОГИЯ
Фразеологиялық бірліктердің мағыналық құрылымы
Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары
Сөз мерген
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz