Наурыз бата


Slide 1

Қарақия ауданы №7 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қалниязова Алтынгүл Қуанышқызы

Ұлы елдің әлем сүйген ұланымыз.

Сол елге лайық болу - ұранымыз.

Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

Қанатын кең сермеген қыранымыз.

Slide 2

Наурыз нақыштары

Slide 3

Мақсаты

Slide 4

Наурыз айы Наурыз айы - Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Наурыз -жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түннің ұзақтығы теңесетін ай. Сол себептен наурыз жыл басы болып саналған. Наурызда күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайды. Сондықтан жылдың құт мезгілі ретінде, наурыз айына бүкіл халық аса құрметпен қарап, оны есте қаларлық қасиетті ай деп бағалаған.

Slide 5

Әз Халық ұғымы мен сенімі бойынша наурыздың алғашқы үш күні ішінде жер - көкті жарып ерекше бір гуіл (дыбыс) өтеді. Оны жан-жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана және қой арқылы қойшы ғана сезеді дейді білетіндер. Сол күні барлық табиғат, жаратылыс, тіршілік, өсімдік, адам бойына ерекше сезім, қуат, қасиет бітеді. Жер- көк, жан- жануарлар әз өткен соң ғана қуат алады деп түсінген халық “әз болмай, мәз болмайды” деп қанатты қағида қалдырған.

Slide 6

Наурыз тойы Наурыз - шат- шадыманды, ойын - сауық, той басы. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын- сауықтар жасалады. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Ауыл үлкендері жастарға бата береді. Жігіттер қыз- келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны “селт еткізер” деп атайды. Бұл күні қарттар да естен шықпайды. Оларға арналып жылы- жұмсақ тағамдардан “бел көтерер” деп аталатын дәм дайындалып, тартылады. Бұлардың соңы “наурыз көжеге” жалғасады.

Slide 7

Н а у р ы з т о й ы

Slide 8

Наурыз көже Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы- Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, құрт, жеміс тағы да сол сияқты тағам түрлерінен жасалады. Наурыз көжеге қоса қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік ұлттық тағлымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. Наурызтоқшылық күні. Қазан оттан түспейді.

Slide 9

Ұлыс күні қазан толса, Ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алсаң, Сонда олжалы жол болар. . . . . . Ұлыстың ұлы күнінде Бай шығады балбырап. Қасында жас жеткіншек Тұлымшағы салбырап. Келіншек шығар еріліп Сәукелесі саудырап. Қыз шығады қылмиып, Екі көзі жаудырап.

Наурыз жыры

Наурыз жыры- Наурыз мерекесінде айтылатын

халық ауыз әдебиеті түрлерінің бір саласы. Жыр -өлең

осы күнге лайықталып, мадақтау, тілек, бата, әзіл

түрлерінде айтылады. Оның түрлері халық арасында өте көп

тараған. Наурызға арналған бұрынғы, соңғы ақындардың

шығармалары да көптеп саналады.

Slide 10

Наурыз тілек Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс - туғандары мен жарандарына Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілеп, бір- бірінің үйіне кіріп дәм татады. Тілек - достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылды.

Төрт түлік ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын! Көк тәңірі нұрыңды аяма, Жер тәңірі ырысыңды аяма! Әділ жанды тағынан тайдырма, Әз халықты бағынан айырма! Басыма бас қос, Жасыма жас қос, Асыма ас қос!

Slide 11

Наурыз бата Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі- осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап “Наурыз көжеге” шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға, жастарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді. Бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке бүкіл қауымға, ауылға да беріледі. Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Және наурызда алған батаның орны бөлек. Мұндай батаны “уыз бата” деп дәріптейді.

Бата Өркенің өссін! Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын! Ұлың - оңға, қызың- қырға қонсын! Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол! Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын солыңнан, Бақ берсін, Қыдыр дарысын! Аумин!

Slide 12

Назарларыңызға

рахмет


Ұқсас жұмыстар
НАУРЫЗ АЙЫ
Ана - біздің гүліміз!
Қой атасын ата
НАУРЫЗ КЕЛДІ, ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ
Наурыз - жыл басы
Наурыз
Наурыз мейрамы
Әдет –ғұрып сақтайтын Біз әдепті баламыз топ аралық жарыс
Наурыз- жыл басы туралы
Аналар мейрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz