Әні мен сөзі



Ашық тәрбие
сабағының тақырыбы:
«Махаббатсыз
дүние бос. . . »
Ш. Қ. О. Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы,
“Абай” орта мектебі.
Сынып жетекшісі : Аубакирова Бахыткүл Қайрбекқызы
8 “б” - сынып. 2012 жыл (ақпан) .

Мақсаты:
Оқушылар «Махаббат» құндылығы
туралы түсініктерін кеңейтіп,
адам бойындағы махаббат сезімін,
сүйіспеншілігін танып және
оны құрмет тұтуға үйренеді

Мен ылғи көңілден Махаббат дегеніміз қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі - жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.
С. Назарбаева

Асау өмір арнасында
Шалқып сәби сезімменен,
Он жыл мектеп партасында
Бірге отырдым өзіңменен.
Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да,
Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды.
Елес беріп келешегің
Қимасыңа баладың ба?
Қоштасарда неге сенің
Жас толқыды жанарыңда
Үміт еткен атар таңға
Қош бол енді,
Бала көктем
Бізді алыс сапарларға
Шақырады самолеттер.
Әні мен сөзі: М. Шаханов
Гүлдәурен

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Туғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!. .

Мен қазақпын, қаныммен сүйегіммен,
Сән-салтанат салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам осынау кең далаға,
Мұрагерім, оған да иемін мен.

Қуаныш көрсең көзімнен,
Қаласың ана шаттана.
Мәңгілік жүрсем өзіңмен,
Арманым болмас жан ана.
Ұшырдың мені аялап,
Әлпештеп жылы ұяңда.
Жүруші ем сені саялап,
Енді сен жоқсың жанымда.
Өзіңе деген сағыныш,
Жетелер әркез анашым.
Жаныма мәңгі жұбаныш,
Сөздерің айтқан данашым.

Жас өспірімдер арасындағы достық кейде үлкен сезімге ұласады. Ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым-қатынасынан балауса махаббат ұялаған жан ерекше көңіл күйге бөленеді. Ол ұнатқан адамына аса бір сүйіспеншілік көңілмен қарап, нәзік сезімін білдіруге тырысады. Адамгершілік қадір-қасиеттерін өзара құрметтеуге негізделгенде ғана шынайы сезімге ұласады.

Ұлы сезім, шегің жоқ, шеңберің жоқ,
Бір қарасақ өзіңсіз елдгі көп.
Түрлерің көп, қырларың, сырларың көп,
Ең қол жетпес және жердегі жоқ.
Адамдағы қымбаттың, қасиеттің
Қадіріне жетуді ғасыл еттің
Сен бар жерде бақытты жан атаулы,
Сен жоқ жерде басында қасірет-мұң.
О, махаббат берілген тек адамға
Нұрың түспес жан бар ма бұл ғаламда
Тек қадірін түсіну, құрбан болу
Бұйырмаған жердегі әр адамға.
О, Махаббат аяулы асыл сезім,
Арнамаған бар ма екен саған сөзін.
Мекендеген жер үстін жан иесін.
Баурамаған бар ма екен сірә кезің.
Асыл сезім жаралған ізгіліктен
Талпынады жан біткен ізгі үмітпен
Сенен шығып, тарайды сенен ғана
Бар жақсылық атауы бізді күткен.
Дүние бос, өмір жоқ сенсіз жерде
Тең саналар хайуанмен сенсіз пенде.
Адамдықтың, ізгілік, ұлылықтың
Биігіне жетудің кілті сенде.

«Орамал тастау»- ойыны.
Ойыншылар дөңгелене тұрады немесе отырады. Ойын бастаушы шығып ескерту жасайды: «Сөзге сөз тауып айтпасаңдар - сөздің атасы өледі»- деген мақал бар, - дейді де ойын тәртібін түсіндіреді. Содан кейін қолындағы орамалды өз қалаған серілер мен бикештердің біреуіне тастайды да, оған бір сөз айтады.
Бастаушы: бала
Орамал алушы: бала - балдан тәтті.
Табылған сөз мәнді болып шықса, ойын одан әрі қайталана береді. Мұнан соң әлгі орамалды үшінші адамға беріп жатып басқа бір сөз айтады.
Бастаушы: қыз
Орамал алушы: қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі т. с. с.

Бір ғұлама «мына өмірде махаббаттан тәтті еш нәрсе жоқ, ал кездесе қалған қуаныштың барлығы да екінші орындағы нәрселер» деген екен. Ал, рух - достыққа, ақыл- сыйластыққа, тән - көңілге, осы үшеуінің қосылуы махаббатқа ықпал етеді деген сөз. Шынайы махаббаттың құрбаны болғаны адам бақыты.

Қорытындылау:
Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіңдер?
Сезім әр кез екі жақты бола ма?
Қыз баланың бірінші болып өз сезімін білдіруіне қалай қарайсың?
- Егер біреуді ұнатсаң, сезіміңді ашық айтуға дайынсың ба?

Жүректен жүрекке
(Оқушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралады) . Жансыз жүректі жандандыру (Плакаттан үлкен жіректі қиып алып, сол жүрекке жылы - жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру) . Сұрақ: қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?

Шынайы махаббат күшінің құдіреттілігі сондай мылқауға тіл бітіріп, соқырға жанар береді, ауруды жазып, өліні тірілтеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz