Қазақ тілі - менің тілім



Тәрбие сағаты
Тақырып: “Қазақ тілі-менің тілім”
4 ”Ә” сынып
мұғалімі: Аукебаева А. М.
Үштөбе қаласы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің тілін, рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қазақстанның Әнұраны, Көкбайрағы, Елтаңбасы. Мақал - мәтелдер, Қазақстан мемлекетінің тіл туралы заңы
Сабақтың барысы;
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап,
дербес мемлекет болады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық
Байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен,
Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.
Қазақстан -Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты.

Қазақстан
Республикасының
Әнұраны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Көгілдір түс нені білдіреді?
Сары алтын
түс ненің
белгісі?
Ненің суреті бар?
Қандай?
Қалықтаған қыран кұс нені білдіреді?
ҚАЗАҚСТАН
ТУЫ

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Реңдік беинесі қандай?
ЕЛТАҢБА
Ненің қанаттары көмкеріп тұр?
Шаңырақты айнала нелер шаншылған?
Не бейнеленген?

Қазақстан мемлекетінің тіл туралы заңы
1. Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын нақтылау:
2. Тіл саласындағы нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, әсіресе жаңа технология саласында;
3. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру міндеттерін орындау үшін шаралар қолдану;
4. Тіл туралы Заңды жүзеге асыруға қажетті ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық және кадрлық ресурстарды барынша тиімді пайдалану;
5. Тілді оқыту мен үйретудің озық әдістемелері мен жаңа технологияларын енгізу;
6. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызмет аясын кеңейту, іс-қағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіруді нақты қолға алу.

Түркі халықтарының тілдері туралы:
Ең таза тіл - тек қана бір тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат жұртқа барып-келіп, қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі. Екі тіл білетін және шаһар халықтарымен араласып тұратын адамдардың тілдерінде шұбарлық болады. Соғдақ, кенжек, арғу тайпалары дәл сондай екі тіл білетіндерге жатады.

Қай тіл көп тараған?
Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде, біреулер ағылшын тілі десе, енді біреулер қытай тілі деп жауап береді. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс? Бірінші орынды, сөз жоқ, ағылшын тілі алады, өйткені ол дүние жүзінде ең көп тараған халықаралық тіл болып табылады. Ал егер бір тілде сөлеушілердің саны бойынша анықтасақ, ағылшын тілі екінші орында тұрады. АҚШ Лингвистика институтының жуырда жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша, сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екені көрінеді. Бұл тілде 844 млн. адам сөлейді екен. Ағылшын тілінде - 434 млн., хинди тілінде - 338 млн., испан тілінде - 331 млн. Адам сөйлейді.

Тіл туралы мақал-мәтелдер:
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.
Оқу алды - қызыл тіл, бірден соңғы мергеншіл
Кылышынан кан тамған батырды, Тілінен бал тамған акын алады.
Өнер алды - кызыл тіл.
Тіл тас жарады, Тас жармаса, Бас жарады.
Баска пәле тілден
Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ.
Ең тәтті де - тіл, Ең ашты да - тіл, Ең жұмсак та - тіл, Ең катты да - тіл.

Қазақ тілі - менің ана тілім!

Даналардан қалған сөз
Тәрбие басы - тіл.
Махмұд Қашқари
Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың.
К. Паустовский
Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.
Г. Гегель
Халықтың тіліне қиянат жасау - оның жүрегін жаралау.
Г. Лаубе
Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек.
П. Вяземский
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.
Г. Лаубе
Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік.
К. Паустовский

Тіл - ұлттың жан дүниесі.
Л. Толстой
Қандай да болсын халықтың
әдет-ғұрпын үйренгің келсе,
алдымен оның тілін үйрен.
Пифагор
Егер ертең туған тілім жоғалар болса,
мен бүгін өлуге даярмын.
Р. Ғамзатов
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.
Ш. Айтматов

- Уа, халқым, сөз қадірін білесің, Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшы болмаса, ел жетім.
Төле би

Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады.
Әйтеке би

Кекшіл болма.
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өркеніңді өшірерсің.
Алаху ақбар!
Қазыбек би

Көшеде тулар сағаған,
Көктемнің қызыл гүліндей.
Қазақстан тойын қарсы алам,
Өзімнің туған күнімдей.
Дина

Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманымен жасыл жайлауы - менің ақ бесігім.

Ақын-жазушылардың тіл туралы пікірлері
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғ. Мүсірепов

Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес.
М. Әуезов

Тілдің тірікшіліктегі мәніне қазақ ежелден көңіл бөлген. Сондықтан да “өнер алды- қызыл тіл” дейді.
С. Мұқанов

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы

Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz