Мұнар күн




Презентация қосу
Ғылыми жобаның құрылымы:
Тақырыбы:Махамбет,оның поэзиясы.

Мақсаты: Махамбет өмірін және
шығармаларын жан-жақты зерттеу.
Халықтың бірлігін,тәуелсіздігін
армандаған жорықтық ақын,
кемеңгер екенін дәлелдеу.
Міндетіміз:
Ақынның өмірі мен шығармашылығы
жайлы мағлұмат беру.
“Ереуіл атқа ер салмай” және
“Жалғыздық”атты өлеңдерін мәнерлеп
жатқа оқу.
“Мұнар күн”, “Мен- құстан туған
құмаймын” атты өлеңдерінің мазмұнын
ашып,теориялық тұрғыдан талдау.
Өзектілігі: Махамбет
ақындығының, шешендігінің
философиялық,танымдық,
психологиялық қырларымен
ұштасуы.
Нәтиже: Махамбет, Исатай аңсаған
еркіндік пен тәуелсіздікке,егемендік
пен бостандыққа жетуі.
Махамбет ата – тегінің таралу жолдары
Жаубасар

Құлмәлі

Өтеміс Қобдабай Шыбынтай Айтбай

Досмайыл Сүлеймен Ысмайыл Тоқтамыс

Бекмұхамбет Қожақмет Хасен Әйіп Махамбет

Ыбрайым Нұрсұлтан
Махмұт
Сауғабай

Мырзалы Шәкір
. ахамбет – қазақ поэзияның ақсемсері
М
Жорық жырлары

Қызғыш
Арғымақ сені Соғыс
құс
сақтадым

Мұнар күн
Мен Нарыннан
Мінгені кеткенмін
Исатайдың
Ақтабан – ай

Ереуіл атқа
ер салмай

Қылыштай
Исатай
қиғыр алмас ем
деген ағам
бар
Мен–құстан туған құмаймын
Бір сұңқарға жұбаймын.
Сауырыма қамшы тигізіп,
Шаппай неғып шыдаймын?!
Түбін қазған мен–бәйтерек,
Толқуменен құлаймын.
Еріскендей ер болса,
Соғысқандай жер болса,
Бірме-бірге келгенде,
Әлі де болса бір Тәңірге
жылармын.
Тілек
Палуан жолбарыс секілді,
Алысқанды алып ұрған білегім.
Қамалаған жаудан қайтпаған,
Қайнаған қара болаттай
Қарсы біткен жүрегім.
Ертеден кешке дейін зарласам,
Бермей ме екен құдайым
Біздей тарыққан ердің тілегін?
Кесте бойынша теориялық жағынан талдау
Өлеңнің мазмұнын ашу Махамбет Өтемісұлы “Мұнар күн” Троп, фигуралар
Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн,
Бұлықсып жүрген ерлерден
Бұрынғы бақыт тайған күн,
Қатарланған қара нар,
Арқанаын қиып алған күн
Бұлаңдай ерді кескен күн,
Буулы теңді шешкен күн,
Сандық толы сары алтын
Сапырып судай шашқан күн,
Түс қыла көр құдайым,
Біздей мейманасы тасқанға,
Біздің ер Исатай өлген күн ,
Он сан байтақ бүлген күн !..
Орта белін сырлаған
Оқ жаңбырдай жауған күн,
Оң қанатын теріс жайып,
Лашын қуға төнген күн,
Желпілдеген ала ту
Жиырылып ойға түскен күн,
Жез қарғылы құба арлан
Жез қарғыдан айрылып,
Қорашыл төбет болған күн,
Аса шапқан құлаша ат
Зымырандай болған күн,
Арқаулының бойынан
Теріскей дауыл соққан күн,
Кесте бойынша теориялық жағынан талдау
Өлеңнің мазмұны Махамбет Өтемісұлы Троп , фигуралар
«Мен – құстан туған құмаймын»
Мен – құстан туған құмаймын,
Бір тұлпарға жұбаймын.
Сауырыма қамшы тиген соң,
Шаппай неғып шыдаймын?
Мен - түбін кескен бәйтерек ,
Толқын соқса құлармын.
Еріскендей ер болса,
Соғысқандай жер болса,
Бірме – бірге келгенде,
Әлі де болса бір Тәңіріге жылармын.
Мен – қарақұстан туған қалықпан,
Сөйлер сөзге жалықпан,
Көптер көзін тіккендей,
Көп соңыма түскендей
Көптің несін алыппын?!
Тыңда, халық , әлеумет,
Көп кісіден анықпын !

Ұқсас жұмыстар
Исатай бейнесі
Махамбет Өтемісұлы ( 1803 – 1846 ) туралы
Махамбет күйі
Жай қайталау
Махамбеттің балалық шағы
Махамбет Өтемісұлы 1803-1846
Қызғыш құс
Махамбетің Исатайға арналған өлеңдерін атау
Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс хан
Махамбетке хат
Пәндер