Калькулятор бағдарламасының ұғымы



Калькулятор
программасы
Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Калькулятор қолданбасын оқуға дайындалу. Калькуляторды іске қосуды, калькулятордың мәзірімен, жұмыс тәртіптерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқытылатын пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және фантазиялық ойлау қабілеттерін, зейіндерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, компьютерлер.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, жазбаша жұмыс, бейнеәдіс.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу,
сабаққа дайындығын тексеру
2. Үй тапсырмасын сұрау
“Кім білімпаз?”
Сұрақтарға жауап беру

“Кім білімпаз?”
Арифметикалық өрнек
дегеніміз не?
Алгебралық өрнек
дегеніміз не?
Логикалық өрнек
дегеніміз не?
Арифметикалық
өрнектерді жазу үшін
қолданылатын
арифметикалық операциялар
қалай белгіленеді?
Жиі қолданылатын
стандартты функция
Логикалық
операцияларға
нелер жатады?

3. Жаңа сабақ
Жоспар:
Негізгі ұғымдар. Калькулятордың мәні.
Калькуляторды жүктеу.
Калькулятордың жұмыс тәртіптері. Калькуляторды басқару.

Калькулятор бағдарламасы - сандық ақпараттармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін Windows-тың басқа бағдарламаларына жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, логикалық арифметика амалдарын орындауға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.
Жүйеде калькулятор екі түрге бөлінеді: Қарапайым (кәдімгі) және Инженерлік.

Калькулятор
бағдарламасын
іске қосу үшін:
Пуск
Все программы
Стандартные
Калькулятор

сур. 1. Қарапайым. сур. 2. Инженерлік.

Калькулятордың негізгі пернелерінің мәні.
Backspace - соңғы цифрды өшіру
СЕ - индикация өрісінде жазылған санды өшіреді
С - барлық ендірілген ақпаратты өшіреді
/ - енгізілген мәнді бөледі
* - енгізілген мәнді көбейтеді
+ - қосу
Азайту
= - орындалған амалдың нәтижесін шығарады.
Sqrt - квадрат түбірді есептейді
% - санның процентін табады
1/х - экрандағы санның кері мәнін есептейді
МС - жадтағы мәндерді өшіреді
MR - жадтағы мәндерді индикаторға көшіреді
MS - индикатордағы мәнді жадқа жазады
M+ - санды жадтағы мәндерге қосады.

Пернетақтаның сандық блогынан сандарды енгізу үшін NumLock пернесін басамыз. Калькулятордың кейбір нәтижелерді сақтауға арналған ішкі жады бар. Егер жадта нөлден өзге бір сан (мән) болса, онда индикатордың астында, сол жақ терезешеде М әрпі пайда болады. Ал егер жадқа жаңа мән енгізсе, онда алдыңғы мән өшеді.

Бірдей сандармен тек қосу амалдарын пайдаланып:
бес екіліктің көмегімен 28 санын
сегіз сегіздің көмегімен 1000 санын жазыңдар
1-тапсырма:

Жауабы: 28= 22+2+2+2
1000=888+88+8+8+8

2-тапсырма:
Тоқсан тоғыз бен жүз
1) Нәтижесінде 99 санын алу үшін, 987654321 санындағы цифрлардың арасына қанша + белгісін қою керек?
9 8 7 6 5 4 3 2 1 = 99

Нәтижесінде 100 санын алу үшін, жеті
санның арасына + белгісін қойыңдар.
1 2 3 4 5 6 7
Сандардың қатарын өзгертуге болмайды

Жауабы:
9+8+7+65+4+3+2+1= 99 немесе 9+8+7+6+5+43+21=99
1+2+34+56+6+7=100 немесе 1+23+4+5+67=100

Сабақты бекіту:
Калькулятор бағдарламасының ұғымы.
Калькулятор бағдарламасын калай іске қосамыз?
Калькулятор неше түрге бөлінеді?
Калькулятордың ішкі жады неге арналған?

Үйге тапсырма:
6. 2 - тақырып; 183 бет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz