Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту




Презентация қосу
Тақырыбы:
«Оқушының
танымдық
қызығуын ойын
арқылы дамыту
жолдары»

Арпабаева Баян Ғаббасқызы
І санатты мұғалім
Білімі: жоғары. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік Университеті.
Бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі: 20 жыл
Панорамалық сабақ

І. «Тілдік сөз қорын дамыту» концепциясының пайдасы мол.
1 сыныптан бастап балалардың Л.В. Занковтың «Дамыта оқыту» технологиясымен жұмыс істедім. Осы
технология үш сұраққа жауап береді:
Балаларды қысамай өз еріктерімен қызықтырып оқытуға болады;
Қалайша сабақты көңілді, қуанышты етіп өткізуге болады;
Баланың бойындағы, қабілетін аша біліп қалайша әрі қарай дамытуға көмектесуге болады.
Ойлау болған жерде, тіл болады. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттерінің
деңгейі. Шәкірттерімнің жеке бас тұлғасының дарындылығын дамытуға аса көңіл бөлемін. «Дамыту оқыту»
белгілі бір идеяны қабылдай отырып, ойын қарсы қою, салыстыру, оны жүйелілікпен пайдалану, баланың
ойын шыңдатып, кез-келген мәселені сын көзбен қарауы. Салыстыра зерттеуге үйренуде, бірлесіп білім
алуда жауапты әрекет қалыптасады. Ал мұғалім талқылау, қорытынды шешім шығару көмекші міндетін
атқарады. Сонда «Дамыта оқыту» бағдарламасы негізінде қалыптасқан пікірталастың ерекшелігі екі одан
көп топтың бір-бірімен ізденіске негізделген сайысқа түсуі.
Қорыта айтқанда, ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын «Дамыта оқыту» технологиясы
екендігіне көзім жетті.
Түпкі мақсатым:
Егеменді Қазақстан мемлекетін қорғайтын адал, іскер белсенді жеке тұлға етіп шығару.
ІІ. Жаңа буын оқулықтары нені үйретеді? «Атамұра» баспасынан шыққан оқулықтардың көздейтіні
дамыта оқыту. Халықтың тәлім тәрбие үлгілерін өнеге ету.
ІІІ. Тәжірибемді қалай қолданамын?
Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестіру, этикалық,
эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту, өзіндік
белсенділігін қалыптастыруға машақтандыру.
ә) Оқу барысында білім беруді қалыптастыруды дағдыға жеткізу.
б) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстарға мән беру
в) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстарға аса көңіл бөлу
г) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту
д) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту
ІV. Қалай берем?
Дамыта оқытудан мұғалімнің басты міндеті оқу материалын оқушыға дайын күйінде
көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді
түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру.
Сіздерге көрсететін сабағым «Кіріктірілген сабақ». (Қазақ тілі, математика, дүниетану, ана
тілі).
Қазақ тілі сабағында «Дамыта оқыту» адамның түсіну қабілеттілігін, өзінің білетіні мен
ойын саралай білуді талап етеді.
Сын тұрғысынан ойлау үшін уақыт, зейін және мақсат керек.
Мұғалімнің негізгі міндеті: өз ойын, пікірін айтқысы келген оқушыны тыңдау, оның
логикасын түсіну, қате пікірді бірден жоққа шығармай, өзара пікір алысу барысында елеусіз түзету.
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ
Білімдік:
Сөз таптарын пысықтау
Сөз таптарына талдау жасауға, мәтін құрай білуге, мәтінді ажыратуға және сөйлемдегі сөздердің байланысып
анықтауға үйрету
Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, ойын арқылы оқушылардың қабілетін дамыту, білімін тексеру
Сурет бойынша сөйлем құрайға дағдыландыру
Дамыту:
Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін
арттыру
Топпен шығармашылық жұмыс істеуге ізденуге үйрету
Сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуге үйрету және оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік маңызы:
Отанын, халқын, жерін, тілін сүйюге тәрбиелеу
Оқушыларға адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Көрнекілік: үлестірмелі карточкалар, плакат, перфокарталар, суреттер, тірек-схемалар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушының сабаққа психологиялық дайындыған жасау
Ән тыңдату «Менің елім» сөзі Н.Ә. Назарбаевтікі
Бұл әнді бұрын естідіңдер ме?
Ұнады ма?
Бұл әннің сөзін жазған Н.Ә. Назарбаев
Осы жерде Н.Ә. Назарбаев қоғамда саяси қайраткер екенін ұғындыру. Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу:
мемлекеттік тіл туралы айту.
Сөз таптарын пысықтау
а) Топқа бөлу:
Әр топ тірек-сызба арқылы жұмыс істейді

зат

аты сын саны қимылы

кім? не? қандай? қанша? не қылды?
неше? не істеді?
ағаш биік біреу өсті

(Бұл жерде сөз таптарын пысықтайды. Зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
3. Мұғалім сөздерді айтып отырады, балалар үш қатарға ажыратып жазады.

Зат есім Сын Етістік
мектеп ыстық жүгірді
алма ұзын отырды
ағаш қызыл ән салды
сиыр ащы жазды
4. Ассоциация құру
Әр топ тақтада берілген сөздермен сөйлем құрастырады.
Мысалы: а) сиыр әдемі
жазды
Сөздер бір-бірімен байланыспаған. (Осы сөздерді байланыстырып сөйлем құру)

Балалар сиыр туралы әңгіме жазды. Бахытгүл сиыр сөзін әдемі жазды. Осы
жерде тақырыпқа байланысты өз ойын сын тұрғысынан қарай отырып, ой толғау
жасайды.
б) Сөйлем мүшесіне талдау
в) Септеу
5. Ендігі тапсырма балалардың шығармашылық ой қабілеттерін арттыруға
байланысты
Мысалы: а) 3 бағанға бөлінген сөздерден, 3 жолын аламыз
ағаш қызыл ән салады
Осы жерде балаларға өлең немесе әңгіме құрастыру керек
Мысалы: Алма ағашы гүлдені,
Құстар әсем ән салды.
Туған жерім ыстық қой
Сағынып мені қарсы алды.
6. Ендігі // - Тірек-сызбаға көңіл аударыңдар.
Тақырыбын оқындар Қандай пәннен?
Табиғаттағы судың қасиеті
Су қоймасы Су қасиеттері

Еріткіш, түссіз,
4 мұхит, теңіз, көл,
мөлдір
өзен, бастау
Иіссіз аққыш
Сын есім
Зат есім
Зат есім

Сөз
таптары

Су пайдасы Табиғаттағы
судың
айналымы

Сөз таптарына
Етістік
талдау
Тірек сызба арқылы балалардың Дүниетану пәніндегі алған білімдерін пысықтау.
Тірек – сызба арқылы, шағын әңгіме құрастыру.
V. Тірек – сызбаға көңіл аударыңдар.
Тірек – сызбада өрнектер берілген. Осы өрнектердің ішінен балалар мақал-мәтелді
құрастырап шығады.
10-1 / 9-1 / 60-1 / 10-2 50-1 / 60-2 / Д 8-4 / 1000-3 /6-1/90-6/60-1/80-1/9-4/
о т а н е л д і ң а н а
5-2 / 50-2 / /70-2/11-5/ Д 7-4/ 1000-3/ /60-1/80-6/20-6/8-1/30-3
е л е р д і ң а н а с ы
Шешуі:
Отан елдің анасы, ел – ердің анасы.
Шешуі тәсілі: /10-1/ онның бірінші әріпі – О
/9-1/ тоғыздың бірінші әріпі – Т
/60-1/ алпыстың бірінші әріпі – А
/10-2/ онның екінші әріпі – Н
Қорытынды.
Осы технология нені дамытады?
А) Ойлау болған жерде тіл дамиды
Ә) Естуі, көруі, жазуы, айтуы, оқуы

Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқытудың маңыздылығы
Дамыта оқытудың тиімділігі
Дамыта оқыту технологияиясы
Өзін –өзі танупәнінің маңызы
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Ата - аналарға арналған психологиялық кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру
Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны - сабақ
Сатылай кешенді талдау технологиясы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Тәрбие ұғымы
Пәндер