Өлеңді жаттау


Slide 1

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Бағалау.

Slide 2

І. Үй тапсырмасын сұрау

Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы

«Екі шыбын» жатқа айту

Slide 3

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (1873-1938)

Ақын,

аудармашы

ғалым

Slide 4

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады.

Slide 5

Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И. Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті.

Slide 6

Оқүға Шақыру Балалар! Оқүға бар! Жатпа қарап! Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! Шақырды тауық мана әлдеқашан, Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Адам да, үшқан құс та, жүрген аң да, Жүмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да: Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, Барады аралар да ұшып балға.

Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман, Оянып жан-мақүлық түнде қонған, Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы; Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.

Өзенде балықшылар ау қарап жүр, Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған. «Аллалап», ал кітапты қолдарыңа! Кұлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

Тарту Балалар, бұл жол басы даналыққа, Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па?! Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

Slide 7

Ақынның алғашқы өлендері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт Петербургте жарық көрде. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой санасын оятуға бар жігер қайратын, білімін жұмсайды

Байтұрсыновтың екінші кітабы «Маса» (1911) . Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады.

Slide 8

Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.

Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А. Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А. Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді.

Slide 9

Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе - ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.

Ахмет Байтұрсынұлы

Slide 10

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Slide 11

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.

Дамытушылық: әдеби-теориялық білімдерін тереңдету, сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, шапшаңдыққа, тез ойлауға машықтандыру.

Тәрбиелік: оқушыларды білімге, адалдыққа, адамгершілікке баулу.

Slide 12

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты түсіндіріледі

Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.

Оқушыларға мәнерлеп оқытады.

Өлеңде ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарында ирониялық сарын басым.

Өлеңді болымсыз түрде оқу.

Сұрақ-жауап

Slide 13

Сұрақ-жауап

Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?

Одан қандай жақсы қасиеттерді уағыздайтынын байқауға болады?Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы, міндеті қандай болу керек екенін Ахан қалай аңғартуға тырысады?

Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?

Slide 14

IV. Сабақты бекіту.

Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу

Slide 15

Ақын ініме

Slide 16

1. Авторы-

Slide 17

А. Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист, аудармашы, мысалшы, саясаткер.

Slide 18

2. Тақырыбы-

Slide 19

Тақырып -бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл өлеңнің тақырыбы- атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу.

Slide 20

3. Жанр түрі-

Slide 21

поэзия (өлең) Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

Slide 22

4. Идеясы-

Slide 23

атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын, қиялын білдіреді.

Slide 24

5. Шумақ-

Slide 25

аяқталған синтаксистік біртұтас ой. 8 шумақты

Slide 26

6. Тармақ-

Slide 27

өлеңнің әр жолы. 30 тармақты

Slide 28

7. Бунақ-

Slide 29

белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты

Slide 30

8. Буын саны-

Slide 31

дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды.

Slide 32

9. Ұйқас түрі-

Slide 33

қара өлең ұйқасы (а-а-б-а) Ұйқас-өлең мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз, әуен беретін өле тармақтарындағы сөздер үндестігі.

Slide 34

10. Әдеби-теориялық ұғымдар.

10. 1. Троп

10. 2. Фигура-айшықтау.

Slide 35
Ұқсас жұмыстар
Өлең жаттау ережесі
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Қызғыш құстың тапсырмасы
Қазақ әдебиетінің бес арысы
Өлеңнен үзіндіні жатқа оқу
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру
Жамбыл Жабаев Алғадай туралы әрбір ой өлеңі
С.Сейфуллин "Аққудың айырылуы"
Ескендір поэмасын оқу
Мағжан Жұмабаев туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz