Жан қазынасы - адамгершілік




Презентация қосу
Сынып жетекші туралы мәлімет
Аты – жөні: Бекбауов Нұрбек
Сембайұлы
Мамандығы: Дене тәрбиесі пәні
мұғалімі
Жұмыс орны: Қызылқоға ауданы
№9 орта мектеп
Санаты: ІІ
Еңбек өтілі: 6 жыл
Мақсатым: Бәсекеге қабілетті жеке
тұлға қалыптастыру
Жан
қазынасы-
адамгершілік
Шараның ұйымдастырлу
мазмұны:
Мен бұл шараны, яғни
«Жан қазынасы - адамгершілік негізі»
атты тақырыпта өткізе отырып,
негізінен бала мен ата – ананың
арасындағы қарым – қатынасқа
арнаймын. Өйткені қазіргі таңда бұл
мәселе күн тәртібіндегі маңызды
мәселелердің бірі болып отыр.
Мақсаты:
Оқушылардың білімдік дағдысын
қалыптастыра отырып, адамгершілік тәрбиесі
бағытындағы сауаттылығын жетілдіру арқылы
сөйлеу мәнерін
қалыптастыру. Әр түрлі ортада өздерін жеке
тұлға ретінде ұстай білуге, толеранттылыққа
баулу.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,
рухани дүниесін жетілдіру.
Жас өспірімдердің ой-санасын оята отырып,
өзін- өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке,
бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Міндеті:

1.Бәсекеге қабілетті дені сау, жан -жақты,
білімді, сауаттылығы жетілген жеке тұлға даярлау.

2.Оқушылардың өз ойларын ортаға салып,ашып айта
білуге дағдыландыру.

Түрі: пікір алысу

Әдісі: Парламенттік шоу желісінде (миға шабуыл
жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету)

Көрнекілігі:Мультимедиялық жылжымалы тақта,
бейнетаспалар, нақыл сөздер,мақал-мәтелдер т.б.
Тәрбиелік бағыты:Ақыл-ой.Рух.Адамгершілік.
І. Ұйымдастыру бөлімі «Балам анау не?»
атты жағдаятты шешу
...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы
келіп:
Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып
емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты.
Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны
көрсетіп әкесі:
«Балам, анау не? » деп сұрапты.
«Ол-түйе»-деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған
нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын
қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда
баласы:
«Ол-түйе,түйе !»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?-
деп ренжіпті. Сонда әкесі:
«Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп
отырсамда, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет
сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі
жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек
бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше,
үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір»
депті.
(Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата-ананың ақысы дегенді қалай
түсінетідіктері сұралады.)
Шараның бағдарламасы:
1.”Шындық пен сұмдық” (ата-ананың ақысы
туралы бейнетүсірілім)
2.Адамның жан қазынасын қалай түсінеміз?
(көрермендер мен қонақтарға сұрақ)
3.Ата-ананың қадірін,адами қасиетін,жан
қазынасын түсіну (халық,заңгер,ғалым
пікірлері)
4.Рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
5.Алтынбек Қоразбаевтың “Әке мұңы”термесі
тыңдатылады.
6.Шағын логикалық толғаныс сұрақтары.
Қорытынды:
1.”Білгенге маржан” (әр оқушының
бір сөзбен өз ойларын қорытуы)

2.”Мен”топтастыру рефлекциясы,
”Не білдік?”,”Нені қасиет қылдық?”
Бағдарламаның І бөлімі бойынша «Шындық пен
сұмдық» атты бейнетаспаға назар аударылады.
Кейіннен оқушылар өз ойларын айтуға көшеді.
Бейнетаспадағы көріністің мазмұны «Ата – ананың
ақысы дегенді қалай түсінеміз?» - деп алынған.
Оқушылар жан - жақты пікірлерін ашық жеткізеді.
Шарамыздың ІІ бөлімі «Адамның жан қазынасын
қалай түсінеміз?».Бұл бөлімнің діни бағытқа
арналуына байланысты ауыл мешітінің имамы
Амантұрлы Бисенғали ағамыздың пікірі қысқаша
тыңдалып, оқушылар да өз ойларын білдірді.
Шарамыздың ІІІ бөлімі «Адам қасиетін,
жан қазынасын түсіну». Бұл бөлімде өз
ойларын айтқан халық пікірі мен заңгер
ғалым ағаларымыздың пікірлеріне назар
аударылады. Арнайы дайындалған
бейнетаспа көрсетіледі.
Шараның келесі бөлімі «Жан қазынасын ұғыну
жолдарының бірі және рухани бастауымыз ислам
дінінде емес пе?» деп аталады.
Бұл бөлімнің мазмұны адами - рухани тәрбиенің
бастауы жан қазынасынан басталатындығын
ұғындыру. Бейнетаспа көрсетіледі. Кейіннен
арнайы шақырылған қонақтарымыз бен ата –
аналар, оқушылар ортаға өз ойларын айтады.
«Өткенім бүгінгінің баспалдағы,
Бүгінгім ертеңіме бастар тағы» - дегендей
шарамыздың келесі бөлімінде А.Қоразбаевтың
«Әке мұңы» термесі тыңдалады.
Шарамыздың келесі бөлімі логикалық сұрақтарға
жауап беруге беріледі.

1.Бүгінгі таңда әлемде күрделі мәселе болып отырған
діни экстремизм Қазақстан үшін қаншалықты
қауіпті?

2.Адамның жан қазынасына сырттан келген әр-түрлі
діндердің әсері қандай ? Жан қазынамызды қалай
қорғаймыз?

3.Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және
толеранттылықты қалай сақтаймыз?

4.Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан,
адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар
туралы не айтуға болады?

Тағы да басқа түрлі пікірлерге байлансты сұрақтар
қойылып талқыланады.
Қорытынды бөлім
Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген
адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз
ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге
қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-
пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан
қазынасына үңілуін таразыладық .
«Білгенге маржан»
Оқушыларға ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін
арнайы сөздер беріледі. Оқушылар сол сөзге орай өз
ойларын қысқаша білдіреді:
Берілетін сөздер:
Ақиқат
Мәдениет
Руханият
Ақыл
Парасат
Жүрек тәрбиесі
Имани сезім
Жан дүние
Қасиет
Халық көзқарасы
Бүгінгі шарадан
оқушы бойына
нені қасиет
қылды?
Жүректілікті Сезімді
Иманды

Ортаның Бәсекеге
болмысын қабілеттілікті

Мен
Сыртқы
сезінуді Ұлттық
болмысты

Адами,рухани Жеке
болмысты Шынайылықты
ойлауды
Ойы

Жаны
Нәтижесінде Жеке тұлға
қалыптасады
Тәні

Ісі
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.

Абай.
“...Ал ,қазақ,мешел
болып қалам демесең,
тағылымың мен
бесігіңді түзе...”
Мұхтар Әуезов
“Ұл-қызыңа әдеп үйрет,білім бер,
қос жалғанды бірдей көріп күлімдер”

Ж.Баласағұн
“Ең бастысы
адамдарды- ой
сараптауға үйрету”
Брехт
“Қалайда ақылға
азықты көбірек
беруге тырысқан
жөн.”
Л.Толстой
“Жаңа туған ақиқат
үшін,ескі адасудан
қауіпті еш нәрсе жоқ”
Гете

Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
Тәрбие сағаты
Математика сабағында оқушыларды ұлттық рухта адамгершілікке тәрбиелеу
Балалардың жас
ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ДАМЫТУ
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын
ПСИХОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ІЛІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Ұлттық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту
Педагогтың кәсіби өзін өзі тануы мен дамуы
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар
Пәндер