PAINT графикалық редакторы туралы түсінік


Slide 1

Петроглифтер дегеніміз не?

Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген?

Қандай суреттер салған?

Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған?

Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін?

Slide 2

Сабақтың жоспары:

PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

PAINT графикалық редакторының құралдары

Редактордың командалары

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

Суретті қағазға басып шығару

Slide 3

PAINT графикалық редакторы

Slide 4

1. PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді.

Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым

суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows -тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

Slide 5

2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT

Осы әрекеттер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.

Slide 6

PAINT терезесімен таныстыру

Slide 7

Сурет салу кезеңдері

Құралды таңдап алу

PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау

Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап, бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

Кескіннің түсін таңдау

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шерту керек

Фонның түсін таңдау

Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш)

Slide 8

3. PAINT графикалық редакторының құралдары

-Линия (сызық) -түзу сызық сызу үшін керек

-Тік төртбұрыш -боялмаған және боялған тік

төртбұрыштар салуға болады

-Дөңгеленген тік төртбұрыш-бұрыштары

дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады

-Эллипс -іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады

Қисық сызық-қисық сызықтар сызу үшін керек

Slide 9

-Көпбұрыш-көпбұрыш салу үшін керек

-Құю-оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады

-Бүріккіш-бояуды бүрку эффектісін жасау

үшін қолданылады.

-Қылқалам-тұйық емес контурды бояуға арналған

-Өшіргіш- қате жерлерді кетіру үшін

пайдаланылады

Slide 10

Редакторда салынған суретін ойдағыдай болмаса, соңғы үш әрекет арқылы түзетуге болады. Ол үшін Правка Отменить(орындатпау) командасын орындау қажет. Түзеткен қателеріңізді қайтадан қалпына келтіргіңіз келсе, Правка- Повторить командасы арқылы тек соңғы үш әрекетті бастапқы қалпына келтіруге болады.

4. Редактордың командалары

Slide 11

Суретті қалай сақтайды?

Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн.

PAINT программасының құжатын бірінші

рет сақтап қою үшін

«Файл-сохранить как» командасын орындау керек.

Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады

Slide 12

Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.

PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі -. bmp

Slide 13

Мәтіні бар сурет салу

Суреттің үстіне мәтін жазу, қосу үшін мынадай

құрал пайдаланылады

-Надпись(жазу) -мәтін жазуға арналған

Slide 14

Қазақша мәтін жазғыларыңыз келсе қаріптің типін «Times New Roman» типіне қоямыз. Жазылған мәтінді курсив, жартылай қалың немесе астын сызып жазуға да болады. Ол үшін мына қаріп тақтасын пайдаланамыз.

Қаріп (Шрифты) тақтасы

Slide 15

5. Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады. Үзінді мынадай құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді:

Белгілеу(бөліп алу) батырмасы төртбұрышты үзіндіні таңдайды.

Кез-келген үзіндіні бөліп алу

Батырмасы ерікті пішіндегі аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

Slide 16

Үзіндіні жылжыту және көшіру

Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен «правка» менюінің «вырезать» немесе «копировать» командаларының бірін пайдалануға болады.

«Вырезать» командасын таңдағанда программа үзіндіні суреттен алып алмасу буферіне орналасады.

«Копировать» командасын таңдағанда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады.

Slide 17

Үзіндіні көбейту

Үзіндіні көбейту дегеніміз-экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелеренің тізбегін жасау.

Үзіндіні көбейту үшін оны белгілеп барлығы басталатын жерге апарып қойып, Shift батырмасын басып отырып, үзіндіні салу аймағына жылжыту керек.

Slide 18 Slide 19

Үзіндіні өшіру


Ұқсас жұмыстар
Көктем тақырыбына сурет салу
Paint графикалық редакторында
Қарапайым графикалық редакторы
Paint редакторының терезесі
Paint графиктік редакторының құралдары
Блокнот программасының Word Pad программасынан кемшілігі
Ақпарат және компьютер
Редактордың командалары
Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері
МӘТІНДІК ПРОГРАММА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz