Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң


Slide 1

Омарова Гүлшат Амангелдиевна Тарих пәні мұғалімі Қарағанды қаласы №18 орта мектебі Тақырыбы: ” Халық қаһарманы-Бауыржан Момышұлы”

Slide 2 Slide 3

(4. 12. 1910, қазіргі Жамбыл обл., Жуалы ауд., Көлбастау аулы, -10. 6. 1982, Алматы) - қазақ совет жазушысы. 1942 жылдан КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Панфиловшы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі. Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірген (1928 ж. ) соң, бастауыш мектеп мұғалімі, ауаткомның хатшысы, милиция бастығы болды. 1932 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қызметін өтеп қайтқаннан кейін, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. 1936 ж. Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота, командирі, полк штабы бастығының көмекшісі.

Slide 4

Соғыс жылдарында

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 ретқоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін

әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды

Slide 5

Соғыстан кейінгі жылдар

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

Slide 6

Бауыржан шығармашылығы

«Офицердің күнделігі» (1952), «Бір түннің тарихы» (1954, орыс тілінде), «Біздің семья» (1956, орыс тілінде) атты алғашқы кітаптары сол тұста жарық көрді. Момышұлы еңбектері орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазды. Негізінен әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті ту еткен шығармалар берді. Солардың бірі «Москва үшін айқас» (1959, орыс тілінде - 1958) - халқымыздың қаһармандығын, бірлігі мен туысқандығын, совет жауынгерлерінің сом тұлғасын бейнелеген. Отан үшін ұлы шайқастың үлкен бір шежіресі іспеттес күрделі шығарма. Мұнымен қатар «Жауынгердің тұлғасы» (1958), «Майдан» (1961), «Майдандағы кездесулер» (1962, орыс тілінде), «Генерал Панфилов» (1963, қазақ тілінде - 1966), «Төлеген Тоқтаров» (1965), «Куба әсерлері» (1965), «Ел басына күн-туса» (1970), «Ұшқан ұя» (1975), «Адам қайраты» (1981) т. б. кітаптар берді. Шығармалары көптеген СССР халықтары және бірнеше шетел халықтарының тілдерінде басылып шықты.

Slide 7

Жарық көрген кітаптары

Slide 8 Slide 9

ҚазССР Мемл. сыйл. лауреаты (1975), Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен наградталған.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістің 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды.

Авторлар ұжымы: мүсіншілер: М. Рүстемов, Д. Әлдеков.

Сәулетшілер: С. Дамбай, Н. Баекеев.

Биік ірге тасты қолында қылышы бар ұлғы тұлға айбынды жауынгер, философ интернационалист, жазушы. Екінші шешуші дүние жүзілік соғыстың батырының ескерткішінен халық көптеген ұрпақтың айбынды батырларының бейнесін көреді. Ол каһарлы соғыс мектебінен өткен ажал көзіне бірнеше рет қараған, әр ұлттың жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген. Ол үнемі үкімет оппозиясында болып, өзінің тәуелсіз мінезімен, әділетсіздікті сынап отырған

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

- Ердің туы - намыс.

- Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

- Ердің Еділ тобығынан келмейді.

- Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың.

- Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.

- Жауды өлтірсең - өлімнен қүтылдың, өлтірмесең - өлімге тұтылдың.

- Атақ - ерге сауға, олжа - елге сауға, олжа - елдікі, оған тимегін.

- Қорқақ қаққа шөгіп өледі.

- Белдескеннің белін сындыр,

Тірескеннің тізесін бүктір.

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

- Әдіссіздік - әлсіздік,

Ептілік те - ерлік.


Ұқсас жұмыстар
Отан соғысы
Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1904 жылғы лауреаты
Кеңес жауынгерлері
Қазақстан республикасының халық жазушысы
Қарақалпақ әдебиеті
Олег Николаевич Щербаков
Өтпелі қалыптың символы
Тимур Асқ арұ лы Құ лыбаев
Тимур Асқарұлы Құлыбаев
Ерліктің өшпес ізін қалдырған қазақстандық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz