Өзін - өзі тану өмірді тану


Slide 1

Өзін-өзі тану өмірді тану.

Slide 2

Өзін-өзі тану өмірді тану.

Мақсаты: Оқушыларға рухани адамгершілік тәрбие мен білім беру арқылы өзін, өзі арқылы өзгені тануға мейірімді, қайырымды, кешірімді, ақылды, ата-анасын қадірлеу, адамдарды қадірлеу, отанға, табиғатқа сүйіспеншілік таныту. Өзіне өзі сенімді болу, өз ісіне баға бере алатын жақсы азамат, жеке тұлға тәрбиелеу.

Slide 3

Міндеттері:

Жалпы адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Өз өмірінің мәнін түсінуге, рухани өсуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету.

Өзін бірегей тұлға екенін сезінуін, ойлауын дамыту.

Slide 4

Күтілетін нәтижелер: Өз өмірінің жарқын болашағын көре білу қабілеті. Өмірлік ұстанымдарын айқындамаларын белгілеу оларды өзгертуден, жіберген қателерін түзеуден қаймықпайтын еркін бірегей тұлға екенін сезінуі.

Slide 5

Рухани байлық - игіліктің көзі.

Slide 6

Адам өміріндегі ең қажетті білім өзін-өзі тану.

Б. Фантенель.

Slide 7

Өзін-өзі тану өмірдің мәнін түсінуге, қарым қатынас жасау кезінде жақсы мен жаманды ажыратуға көмектеседі. Өзін-өзі тануды үйрене отырып, адам өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді жарастықта өмір сүруге талпынады. Ол адамдардың өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға, өз қабілеттерін шыңдауға көмектеседі.

Slide 8

Жақсы болу өзіңнен, Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңмен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің ақыл айнасы,

Тиеді соған мәні бар, Өзіңді тану пайдасы

Slide 9

Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі, заттық нәрсе емес рухани дүние.

Платон

Slide 10

Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам ешқашан сол қалпында қала алмайды.

Томас Мон.

Slide 11

Рух адам бойындағы бір қуат. Ол адам бойындағы кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істердің қайнар көзі.

Slide 12

Рухани байлық адамның белгілі бір қажеттерін ол үнемі игілікке бастайды. Бабалардан қалған қасиетпен құрмет тілмен діл, елмен жер бәріде біздің рухани байлығымыз.

Slide 13

Жаратылыстың барлығы екі қарама қарсы нәрседен тұрады. Ақ- қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы- жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды. Ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болады.

Slide 14

Терме.

Атадан қалған өсиет. М. Бесбаев.

Slide 15 Slide 16

Дүниедегі ең оңай нәрсе-біреуге ақыл айту, Ең қиын нәрсе- өзіңді өзің түсіну .

Халық нақылы.

2

Slide 17

Адам өмірінің мәні неде?

Slide 18

Адам өз өмірінің мәні туралы ойлана келіп, өмірден өз жолын табуға ұмтылады. Әр адам өз өмірін ақ ниетпен адал істерге бағыттап, рухани адамгершілік құндылқтарды өзіне мұрат еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге ие болады.

Slide 19

Өзіңе сен өзіңнің күшіңе сен,

Қос қолыңмен істеген ісіңе сен.

Алысың да силайды, жақының да,

Өзіңді өзің төменге түсірмесең.

Өз қайығың бар болса өз ескегің,

Өмірде мен сені осал демес едім.

Қимылдай бер, тарта берескегіңді,

Шығады алдан жап-жарық

келешегің.

Slide 20

Өзіммен-өзім

Slide 21

Бәрінің бастауы- махаббат.

Slide 22

Бәрінің бастауы-Махаббат!

Жаныңа нұр сепкен шапағат.

Еңбектің рахатын сездірген,

Гүлдерге құлпыртып түр берген,

Сәбидің шырағын жандырған,

Бұлағы мейірін қандырған,

Шуағы жылытқан жүректі,

Жаңғыртып айтамын қайталап,

Бәрінің бастауы-Махаббат!

Slide 23

Әрбір адам өзіне ата- анасына, отанына, туған жеріне сүйіспеншілікпен қарайды. Ыстық ықылас, шынайы сүйіспеншілік махаббат сезімін тудырады. Әлемдегі бар жақсылқ махаббат арқылы келеді.

Slide 24

О, ата-анам,

Таянышым тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Бізді жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Slide 25

Ата-анаға деген махаббат.

Фариза Оңғарсынова «Әке»

Slide 26

Алдымен сүй ардақты ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімімен ананың жасалады.

Slide 27

Әкеден асқар жоқ екен,

Әкенің сөзі оқ екен.

Қарайып жүрсе қасыңда,

Уайым, қайғы жоқ екен.

Slide 28

Әке-асқар тау,

Ана бауырындағы бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Slide 29

Жырақ жүрген ата-анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы, тілегі,

Әрқашанда бір арнадан табылған.

Slide 30

Ана туралы жыр.

Slide 31

Оқушылар шығармашылығы.

Slide 32

Адамшылықтың алды-махаббат, ғаділет, сезім.

Абай.

Slide 33

Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай.

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Міржақып Дулат.

Slide 34

Табиғат -тал бесігің, аялай біл!

Slide 35

Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.

Шоқан Уәлиханов.

Slide 36

Адам табиғаттың бір бөлшегі. Жарқырап шыққан күн, таза ауа, мөлдір су, ну орман адамға қуат беріп, оның жан дүниесін мейірлендіре түседі.

Slide 37

Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. Адам табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, көңіліне шуақ алып, аса зор іңкәрлік сезімге бөленеді.

Slide 38

Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігімен сұлулығына тәнті болудан басталады. Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтып, шабытының қайнар көзін ашады.

Slide 39

Оқушылар шығармашылығы.

Slide 40

Саржайлау.

Slide 41 Slide 42 Slide 43 Slide 44

Іздегенде табылатын қасыңнан.

Slide 45

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдасада өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

Әл-Фараби.

Slide 46

Адамдардың бір-біріне деген адал сенімі, өзара тілеулес ортақ көз қарасы достыққа ұластырады. Достық дегеніміз адамадардың өзара жауапкершілігі сыйластығы рухани жақындығы.

Slide 47

Адамдардың білместігіне түсіністікпен қарап, кешіре білмеген адам нағыз доста бола алмайды. Адал дос әрқашан адамдарға сеніммен қарайды, қатесін кемшілігін кешіре біледі ондай адам жан дүниеңді түсініп әрдайым қасыңнан табылып көмектесуге дайын тұрады бұл нағыз достық.

Slide 48

Оқушылар шығармашылығы.

Slide 49

Достарым.

Slide 50
Ұқсас жұмыстар
Ар-намыс керек адамға
Ар-намыс ,ұят беттің пердесі
Өзін - өзі тану пәнін оқытудың шарттары
Өмірді тану - өзіңді танудан басталады. Тренинг ережесі
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты
Сүйіспеншілік энергиясы
ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ АДАМ ТАНУ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕ
Жылы жүрек Нұрлы Ыстық қайрат ақыл
Адам өміріндегі құндылықтар
Өзін-өзі тану пәнін білім үздіксіз ұйымдарының оқу- тәрбие үдерісіне енгізілуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz