Махамбет Өтемісұлы және Ереуіл атқа ер салмай: өмірі, шығармашылығы және көтерілістік жырлары


Slide 1

Бастаңғы

Slide 2

Сабақтың тақырыбы:

“Ереуіл атқа ер салмай”

Slide 3

Махамбет жырлары халқымыздың мәдени мұрасының, рухани қазынасының ең асылынан саналады. Б. Аманшин

Slide 4

Үй тапсырмасын сұрау I топ: Махамбеттің балалық шағы II топ: Көтерілістің шығу себептері, XIX ғасырдың жағдайы

Slide 5

Махамбет Өтемісұлы - 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. - 20. 10. 1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан. Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді.

Slide 6

Жаңа тақырыпты меңгеру. Өткен тақырып пен жаңа тақырыптың байланысын ашу. Жаңа тақырыпты баяндау

Slide 7

Бүгінгі өмірімізде Махамбеттер бар ма?

Slide 8

“Ереуіл атқа ер салмай” романтизм бағытындағы өлең. Жәңгірдің немересі Шәңгерей Бөкеевтің көмегімен Ғұмыр Қараш 1908-1910 жылдары Махамбеттің “Ереуіл атқа ер салмай” өлеңін алғаш рет “Шайыр” жинағында жариялады.

Slide 9

Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т. б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады

Slide 10

Екі түрлі түсініктеме күнделігі

Махамбет өлеңінен үзінді жаз:

Неліктен бұл үзіндіні алдың? Себебі:

Slide 11

Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т. б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

Slide 12

1. Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары? 2. 1845 жылы ол баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен қайда болды? 3. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы? 4. Ақынның патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлары? 5. Оның 11 күйі 1982 жылы қандай атпен жарық көрді? 6. Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы? 7. Ол кімдердің мұраларын көкірегіне тоқып өсті? 8. Өмірінің соңғы жылдарын ақын қайда өткізеді?

Slide 13

Фотосуреттер

Slide 14

Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді. Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы - теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дәстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады. Махамбет ақын - ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.

Slide 15

Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

Дауылды жылдардың жалынды жыршысы кім?

Шаруалар көтерілісінің тууына не себеп болды, көтерілісті кімдер басқарды?

Романтизм дегеніміз не?

Slide 16

Уйге тапсырма:

“Ереуіл атқа ер салмай” өлеңін жаттау

“Махамбет өлеңдері жайында ой” эссе жазу.


Ұқсас жұмыстар
Махамбет Өтемісұлының Ереуіл атқа ер салмай өлеңінің құрылымдық және стилистикалық талдауы
Махамбет Өтемісұлы: өмірі, шығармашылығы және Исатай-Махамбет көтерілісінің поэтикалық көрінісі
Махамбет Өтемісұлы: өмірі, шығармашылығы және 1836-1837 жылғы көтерілістегі рөлі
Махамбет Өтемісұлы: өмірбаяны, шығармашылығы мен Исатай-Махамбет көтерілісіндегі рөлі
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846): өмірі, шығармашылығы және көтерілістегі рөлі
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846): өмірі, шығармашылығы және Исатай Тайманұлы көтерілісіндегі рөлі
Махамбет Өтемісұлы: өмірбаяны, көтерілістері және поэзиялық мұрасы
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846): өмірбаян, шығармашылығы және 1836-1838 жылдардағы көтерілістегі рөлі
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен жорықтық поэзиясының теориялық-стилистикалық талдауы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы: Исатай-Тайманов көтерілісіндегі рөлі, поэзиясы және мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz