9-сыныпқа арналған Паскаль программалау тілі бойынша сабақ жоспары


Slide 1

Паскаль-программалау

тілі

9-сынып

Slide 2

Мақсаты

Білімділік: Паскаль-программалу тілі, және оның негізгі элементтері туралы айту, түсіндіру. Паскаль программасында жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік. Оқушыларды компьютермен жұмыс жасата отырып, қауіпсіздік ережесін сақтауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Slide 3

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер және оның құрылғылары, интерактивті тақта, тірек-сызбалар.

Пән аралық байланыс: Физика, математика, ағылшын.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Slide 4

ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру

Алгоритмен программаның қандай

ұқсастықтары

мен айырмашылықтары бар?

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм-берілген есептің

шығару жолын реттелген амалдар

тізбегі түріне келтіру.

Программа-командалар тізбегі

Әрекеттердің тізбектей

орындалуын

сипайттынтын алгоритм

Құрама командалар құрылымдары?

Сызықтық, тармақталу, циклдік

Компьютерде есеп шығару кезеңдері?

Slide 5

А) берілген есепті математикалық

түрде өрнектеу;

Ә) есеп шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық

тәсілін анықтау;

Б) есеп шығару жолын алгоритм түрінде кескіндеу;

В) есепті компьютерде шығару программасын құру және

оның қатесін түзету.

Г) есепке керекті мәліметтер мен берілгендерін

жинақтау.

Д) компьютерде есеп шығару және

шыққан нәтижені

іс жүзінде қолдану.

Slide 6

ІІІ. Жаңа түсінік беру

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық

ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі

ретінде ұсынған болатын.

Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол

кездерде кең таралған

АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда

жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды.

Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын

компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.

Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі

есептерді шығара алатын,

кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

Slide 7

Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады:

тақырып

Сипаттау бөлімі

Операторлар бөлімі

Slide 8

Кез келген программаның алғашқы жолы

PROGRAM сөзінен басталатын оның

тақырыбынан тұрады.

Одан кейін программаның ішкі объектілерінің

Сипатталу бөлімі жазылады.

Slide 9

Программаның соңғы және негізгі бөлімі

операторлар бөлімі болып табылады. .

Орындалатын іс-әрекеттер, командалар, осы

бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен

басталып end сөзімен аяқталады.

Slide 10

PROGRAM BASTAU:

СИПАТТАУ БӨЛІМІ

begin

ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ

Паскаль тіліндегі программа құрылымы

end

Slide 11

Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттер:

Деректер - сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән ретінде

қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар, т. б. Осы тәрізді

құрылымдар, немесе солардың адрестері.

Дерек енгізу - бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе

енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндерді меншіктеу,

соларды өңдеу, салыстыру амалдарын орындайды.

Нәтиже алу (шығару) - аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға,

дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.

Цикл- белгілі бір шарттар орындалған (кейде орындалмаған) жағдайда көрсетілген

командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін

санмен беріледі.

Slide 12

ІҮ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық

жұмыстар, зертханалық жұмыстар, тесттік бақылаулар)

"Ойлан, тап"

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық

ғалым . . . қолайлы программалау тілі

ретінде ұсынған болатын.

Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: . . . ,

. . . , . . .

Кез келген программаның алғашқы жолы . . . сөзінен

басталатын оның тақырыбынан тұрады.

Одан кейін программаның ішкі объектілерінің . . . жазылады

Никлаус Вирт

Тақырып,

Сипаттау бөлімі

Операторлар бөлімі

PROGRAM

Сипаттау бөлімі

Slide 13

"Кім жылдам?"

Бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе

енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы

жүзеге асырылады.

Деректер

Дерек енгізу

Нәтиже

алу

Цикл

Slide 14

Берілген және есептелген мәндерді меншіктеу,

соларды өңдеу, салыстыру амалдарын

орындайды.

Операциялар

немесе

амалдар

Деректер

Нәтиже

алу

Цикл

Slide 15

Ү. Оқушылар еңбегін бағалау

ҮІ. Үй тапсырмасы.

Паскаль - программалау тілі. Паскаль тіліндегі программа құрылымын жазып келу.

Slide 16

Назар

аударғандарыңызға

рахмет


Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған Паскаль тілінде сызықты алгоритмдерді программалау сабақ жоспары
Паскаль тілінде графикалық объектілерді программалау: 9-сыныпқа арналған практикалық сабақ
9-А сыныбына арналған Паскаль тіліндегі басқару операторлары бойынша сабақ жоспары
9-сыныптарға арналған Паскаль бағдарламалау тілі бойынша Көңілді тапқырлар сайыс сабағы
Сызықтық алгоритмдерді Паскаль тілінде бағдарламалау: 9-сыныпқа арналған ашық сабақ
9-сыныпқа арналған ашық сабақ: Турбо Паскаль ортасында қарапайым программалар құру
9-сыныпқа арналған шешендік өнер мен антонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған Паскаль тіліндегі шартты және шартсыз көшу операторлары
Паскаль тіліндегі басқару операторлары: 9 «А» сыныбына арналған сабақ жоспары және әдістемелік нұсқау
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz