Әдемі болу өнері
Презентация қосу
kyzdaralemi.kz
Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!
Қолда өсір-ұстай көрме алыста жат
Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
Баланың еркін өсер тәртібі-есі
Ж.Баласағұни
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың бойына тән тәлімдік қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылық:Оқушылардың бойына ақылдылық пен әдептілік
қасиеттерді дарыту, талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын
арттыру.
Тәрбиелік: Күнделікті қарым-қатынаста әдептілік пен әдемілік
қағидаларын ұстана және өзге құрбыларынан да оны талап етуге үйрету
Күтілетін нәтижелері:
– Қазақ қызының бойына тән ішкі және сыртқы сұлулықтаың, тәлімдік
қасиеттердің ұлттық сана, салт-дәстүрмен байланыстылығы туралы
түсінік алады.
– Оқушылардың инабаттылығы мен әдемілігін қатар ұстаудың маңызы
туралы ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі жағдайлармен
салыстыра бағалай алады.
– Күнделікті қарым-қатынаста әдептілік пен әдемілік қағидаларын
ұстана және өзге құрбыларынан да оны талап етуге үйрене бастайды
I Сабақтың кіріспе бөлімі. Оқушылардың қызығушылығын ояту
Мақсаты:
Қазақ халқы ұғымындағы әдептілік пен әдемілік туралы естігендерін
талдау, ой – пікірлерін білу;
Әдемілік пен ақылдылықты қатар ұстану туралы ой салу, осы
тақырыпта әңгімелесуге даярлау.
- 1. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Шығыс
халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел
затын еркше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін
халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ».
Осының дәлелі ретінде мысалдар келтіре аласыз ба?
2. Төмендегі сын есімдермен берілген оқушылардың сипатын
түсіндіріп көріңізші:
Әдемі қыз –
Көрікті қыз –
Әсем қыз –
Ажарлы қыз –
Шырайлы қыз –
Ару қыз –
Осындай сипатты оқушыларға ақылды болу неге қажет екен?
II Сабақтың негізгі бөлімі. Жаңа ақпаратпен танысу
Мәтіндермен жұмыс
Тапсырма:
Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулықты қалай түсінесіңіз? Оларды жетілдіруге
бола ма? Қалай? Бұл тапсырманы орындау үшін мәтінді оқымастан бұрын
дәптеріңізді екі бөлікке бөліп, сол жағына өз ойыңыздағы жауаптарыңызды
жазасыз. Мәтінді оқу барысында екінші бөлікке өз ойыңызбен сәйкес
келген және сәйкес келмеген жерлерін жазып отырасыз. Содан соң
салыстырасыз.
Мәтіннен қазіргі оқушылар үшін маңызды(!) және маңызсыз (?) деген
жерлерін белгілеп қойыңыз және оны түсіндіріңіз.
Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық
Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты.
Ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп оспадарсыз сөйлесең,
сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым
таппайды. «Киіміне қарай қарсы алып, Ақылына қарай шығырып
салады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-
қатынасың сөз ғой, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы,
жанға жағымды сөзбен дауысыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп,
жақсылықты бойыңа жина. Рухани байлығың – білім мен тәрбие. Киім
киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып
жүретін, оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады.
Теледидардан көргеннің бәріне еліктеуге, үйренуге болмайды.
«Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» дегендей жақсы мен жаманның
арасын ажырата білу керек. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған
бой алдырып, еліріп қисаңдаған оқушылардан не күтесің, қазақтың
әсем сазын, асқабақ әуенін бағалап тыңдай білген жөн болар.
басты бақталастықты туғызады. Бақталастық та – адам өмірі тек
бәсекемен өтіп, көрсеқызар болып, қызғанышпен, көреалмаушылықпен
жалғаса береді. Бұл жағымсыз қырлар арқылы оқушылар көп қалта
шығынына ұшырайды. Шығын- үстіндегі киіммен, түрлі әдемі, қымбат
бұйымдарымен, косметика, сұлулық салонымен тізбектеліп кетеді.
Өте әдемі қыз мен-мен келеді. Өзін өзгелерден артық санап, биіктен
қарап, тәкәппарлық сезімі ұялайды. Соның арқасында “өзіне лайықты”
санайтын жар табалмай “ана болу” бақытынан айырылып қалуы да
ықтимал. Ғалымдардың пікірінше жоғарыда айтылған мысалдардан басқа
да түйткілді мәселелерге ұрындырады.
Мұндай жайттар орын алмау үшін көптеген факторларға назар аудару
керек. Алдымен қыз өте қарапайым болу керек. Ешкімді ренжітпей,
кемсітпей өзінің әдемілігін тек іштей сезініп, жария қылмауы дұрыс
болады. Ақшаны үнемді пайдалануы шарт. Оңды, солды шашпай керекті
кәдеге жаратып, өзіне ұнайтын қажетті жұмыспен айналысса. Ал қыздың
ең басты өмірдегі міндеті, мақсаты “ана атану”, “ана бақытын” сезіну.
Сондықтан ер-азаматтарға мейлінше қарапайым болып, көп көңіл бөлгені
жөн.
Сұлу болу мәселесі түйіткілді болғанымен, оны еңсерудің көптеген
мәселелері бар. Менің ойымша әдемілікті сезініп, өр көкірек болған
оқушыларымыз өмірде өте жалғыз, бақытсыз. Бұл өмірдегі ең қиыны-
жалғыздық. Әдемі оқушылар жалғыздық сезіміне беріліп, өмірлеріңіз
қорқынышта өтпесін!!!
Әдемі болу өнері
Сұлулықтың бірден бір сыры – іштегі сезімдерде жатыр. Неғұрлым өзіңізді әдемімін
деп сезінсеңіз, соғұрлым айналаңызға тартымды болып көрінесіз. Кино, музыка
әлеміндегі танымал адамдарға қарайықшы, бәрін бірдей әдемі деп айта алмаймыз.
Көбіне, олар жинақы, күтімді көрінеді. Оның бір құпиясы, олар өздерін тартымды
сезінеді, және де өзіне тамасануға жол ашады.
Әр әйел таңертең тұрып, боянып, киініп, айнаға қарап – бейнесінің
тартымдылығына көз жеткізеді. Осы мезетті есіңізде сақтап, қалаған уақытта
шақыра білуге дағдыланыңыз.
Адам өзінің тартымдылығына сеніп тұрса, оның жүріс-тұрысы да, қимылы да
өзгереді. Ең басты өзгеретіні – сіздің көзқарасыңыз. Көз – жанымыздың айнасы.
Өзіне сенімді, әдемілігіне сенімді әйелдің бейнесін көзіңізден оқуға болатындай
болсын. Ең тартатын да осы энергетика.
Тағы бір ескеретін жәйт – бәріне ұнауға тырыспаңыз. Біреуге ұнау үшін тырысқан
сайын, сіздің ұнау мүмкіншілігіңіз де бәсеңдейді. Өйткені мұның бәрі сырт көзге
айқын көрініп тұрады. Одан да өзіңізді еркін ұстап, шынайы қалпыңыздан таймаңыз.
Бұл өте жақсы әсер етеді. Көпшілікке әсер қалдыруға тырыспайтын адамдар
ұнайды.
Бәрінен бұрын идеал адамдар болмайтынын ескеріңіз. Өзіңізді қалай бар, солай
жақсы көріңіз. Бұл өте маңызды – өзіңді жақсы көру, тартымды екеніңді сезіну.
Адам қаншалықты көрікті болса, соншалық ақылды болады
Ажарлы адамның ой-өресі де биік болады. Ғалымдар «ақылына көркі сай» деген
теңеудің ғылыми негізі бар екенін айтып отыр. Лондондағы экономика мектебі
мамандары¬ның зерттеуінше, әдемі адамдардың IQ деңгейі орташа көрсеткіштен
14 тармақ бойынша жоғары болады екен. Ақылды да әдемі адамдар ежелден ұрпақ
жалғастыру үшін әлеуеті зор үміткерлер саналған. Бұл екі қасиет өзара бірлікте
бола отырып, тұқым қуалайды. Физик Брайан Кокстың айтуынша, зерттеу әдемі
әйелдерге қарағанда, көбіне көрікті ер адамдардың ақылды келетінін көрсеткен. Өңі
сұлу ерлерде IQ көрсеткіші 13,6 тармақ бойынша, әйел адамдарда 11,4 тармақ
бойынша жоғары болып шыққан. Естеріңізде болса, мұның алдында Аризона
университетінің ғалымдары өресі биік адамдардың ұзақ өмір сүретінін дәлелдеген
болатын.
Тағы бір ескеретін жәйт – бәріне ұнауға тырыспаңыз. Біреуге ұнау үшін тырысқан
сайын, сіздің ұнау мүмкіншілігіңіз де бәсеңдейді. Өйткені мұның бәрі сырт көзге
айқын көрініп тұрады. Одан да өзіңізді еркін ұстап, шынайы қалпыңыздан
таймаңыз. Бұл өте жақсы әсер етеді. Көпшілікке әсер қалдыруға тырыспайтын
адамдар ұнайды.
Бәрінен бұрын идеал адамдар болмайтынын ескеріңіз. Өзіңізді қалай бар, солай
жақсы көріңіз. Бұл өте маңызды – өзіңді жақсы көру, тартымды екеніңді сезіну.
Адам қаншалықты көрікті болса, соншалық ақылды болады
Ажарлы адамның ой-өресі де биік болады. Ғалымдар «ақылына көркі сай» деген
теңеудің ғылыми негізі бар екенін айтып отыр. Лондондағы экономика мектебі
мамандары¬ның зерттеуінше, әдемі адамдардың IQ деңгейі орташа
көрсеткіштен 14 тармақ бойынша жоғары болады екен. Ақылды да әдемі
адамдар ежелден ұрпақ жалғастыру үшін әлеуеті зор үміткерлер саналған. Бұл
екі қасиет өзара бірлікте бола отырып, тұқым қуалайды. Физик Брайан Кокстың
айтуынша, зерттеу әдемі әйелдерге қарағанда, көбіне көрікті ер адамдардың
ақылды келетінін көрсеткен. Өңі сұлу ерлерде IQ көрсеткіші 13,6 тармақ
бойынша, әйел адамдарда 11,4 тармақ бойынша жоғары болып шыққан.
Естеріңізде болса, мұның алдында Аризона университетінің ғалымдары өресі
биік адамдардың ұзақ өмір сүретінін дәлелдеген болатын.
Бір хатқа шолу
Қыз балаға “әдемі емессің” деген сөзден ауыр сөз жоқ. Ақымақсың, тамақ пісіріп
те білмейсің, кесте тоқып та үйренбегенсің, оқымысты емессің, талантсызсың
десе де, сұлу еместігі туралы естіген аруға өмір қиындап кетеді. Жасқа
байланысты емес, бес жасар болсын, қырық бес жасар болсын. Кез келген біреу
айтса да, жанына батады. Көңіл бөлмеймін десе де, кей уақыт айнаға қарап,
өткендегі адам шын айтыпты, мен әдемі емеспін деп шешеді де, соған сенімін
арттыра береді. Алма әдемі, Әсия да әдемі, ал мен әдемі емеспін деп ішінен
ойлап, түңіле түседі. Осындайда жақсы сөз емші рөлін керемет атқарады. Сөз
сүйектен өтетінін ескерсек, жақсы сөз, жылы сөз жүрекке жететіні рас.
Өткенде өлердей түңіліп жүргенімде. Өзіме деген сенім “плинтустан” төмен түсіп,
көңіл күй құрып, жүрек ауырып кеткен сәтте Құдай маған жақсы адамды алдыма
алып келді. Анығы ол менің досым, бірақ көп араласпаймыз. Айда жылда бір
хабарласып, амандық сұрасып дегендей. Дәл сол күні хат жіберген екен. Таң
қалдым. Сондағы оның екі ауыз сөзі бәрін де ұмыттырды. Жұбатам деп
айтпадым, рас айтам деп сендіргісі келіп, күлдіртіп те алды.
Айтпағым не? Айтпағым, жақындарыңызға жақсы сөз аямаңыз. Әсіресе
құрбыларға, оқушылар жағына. Аууу, жігіттер, сендерге айтам))))
Әр бір қыз сұлу, әр бір қыз қайталанбас тұлға. Соны есте сақтайық)))
Сен қандайсың?
Қойылған сұрақтарға «+» немесе «-» қою арқылы жауап бер.
1. Егер сен мектептен, көшедегі серуеннен кешігетін болсаң немесе аяқ
астынан үйден шығып бір жерге бару керек болғанда ата-анаңа ескертесің бе?
(телефонмен, хат немесе достарың арқылы)
2. Компьютерді (кітапты, музыка тыңдауды) бір минутқа қоя тұрып үйдің ішіне
өзіңнің емес анаңның көзімен қарап көр. Шашылып жатқан нәрселер жоқ па
екен?
3. Ешқандай жазбаға қарамастан ата-анаңның, ата-әжеңнің, аға-апа, іні-
сіңлілеріңнің туған күндерін атай аласың ба? Әрине, өзіңе не керек екенін өте
жақсы білесің. Ал сен анаңа, әкеңе не қажет екенін немесе оны қашан сатып
алмақ екенін білесің бе?
4. Анаңның тапсырмасынан басқа қандай да бір жұмысты өзің біліп істейсің бе
(мысалы, саған кіреберістің еденін сүртіп ал десе, оған қоса барлық аяқ
киімдерді сүртіп тазарту сияқты)?
5. Анаң саған апельсин, торт, балмұздақ, т.б. тәттілер алып келеді. Ал өзің осы
тәттілердің үлкендерге де қалуына мән бересің бе? (әлде сен үлкендер тәттіні
жаратпайды дегенге шынымен сенесің бе)
6. Ата-анаңның қолы бос кеште қонаққа немесе киноға баруына тура келіп, ал
саған үйде қалу керек болса, жалғыз қалғың келмейтінін айтып, бұған наразылық
білдіресің бе (әлде сені де ала кетулерін сұрайсың немесе тымырайып үндемей
отырасың ба)?
7. Ата-анаңа қонақтар келгенде, сенен үлкендердің әңгімесіне араласпай тыныш
отыруды немесе тыныш қана өз ісіңмен айналысуды ескерту керек пе?
Жеті жетекшіні ұстануға тырыс
Ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар, осыны бойына сіңіре білген,
қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам.
• Адамның басшысы – ақылы,
• Жетекшісі – талап,
• Жолаушысы ой,
• Жолдасы – кәсіп,
• Қорғаны – сабыр,
• Қорғаушысы – мінез,
• Сынаушысы – халық.
Бейнефильм бойынша
тапсырмалар
• І топқа:- Мына бейнекөріністен не
көрдік? Не ұқтық?
ІІ топқа:-Ананың пікірі?
Сенің анаң қалай ойлайды?
ІІІ топқа:-Сен қандай шешім қабылдар
едің?
- Сұлулық байқала ма?
Ақыл-парасатты болу
у
олу
ол
б
б
ді
ты
рім
М у
ей л
т
бо
ші
а
ір
с
-ш
ке
ты
ара
ап т
ра
іл
ағ
п
ұ
ей
ат
-
м
ыл
ты т
ңп
а
бо қс
Ақ
Ке
лу а
М
Шапағаттылық Сабырлы-салмақты болу
Қазақ халқы ұрпағының
жазылмас дертке лу
Ад
ұшырамауы үшін, бо
ал
жаза қадам баспауы л
,
ы
ақ
үшін мынадай он ат Әдепті
жа
түрлі талап қойған: т б
рқ
же
ы
Ө
н
бо
лу
Инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерді де пайдаланған қызға 40 үйден тыйым
болған: 1. Жарыса сөйлеуге, 2. Жалғыз қыдыруға, 3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап
сөйлеуге, 4. Орынсыз ұрынуға, 5. Басқаларға қол тигізуге, 6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа, 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге, 9. Талтайып отыруға,
10. Шалқайып жатуға,
11. Тамақты обырлана асауға, 12. Ұрлық қарлыққа, 13. Ұятты мүшелерін ашып
жүруге, 14. Бұраңдап қылмысуға, 15. Қызыл іңірде жатуға 16. Түске дейін ұйықтауға,
17. Кісі алдында киім ауыстыруға, 18. Салт-дәстүрден аттауға, 19. Елді ғайбаттауға,
20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға, 21. Ішімдік пен шегімдікке, 22. Ұрыс-
керіске, 23. Беттен алып, бет жыртысуға, 24. Қараулыққа, ысырапқа, 25.
Рахымсыздық пен қатыгездікке, 26. Түнде суға жалғыз баруға, 27. Жат
жыныстылармен арласып жатуға, 28. Айқайлап сөйлеуге, 29. Әдепсіз сөзге, 30. Тарс-
тұрс етуге, 31. Адам мен жануарларды тебуге, 32. Кісіні қорлап жәбірлеуге, 33.
Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға, 34. Айғай сүреңге, 35. Шектен тыс сыланып
жасануға, 36. Қызғаншақтық пен күншілдікке, 37. ,Менмендік пен өзімшілдікке, 38.
Алдап-арбауға, 39. Көрсеқызарлыққа, 40. Нәпсі құмарлыққа
• Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір
жағдайларды ашық айтып пікірлесу де
адамдықтың белгісі.Ұстаз-ақылшың,
оқытушың, шын досың. Әр уақытта
пікірлесіп ішкі жан дүниеңді ашуда ата-
анңмен бірдей адам. Ата-ана мен ұстаздың
арсына қаяу түсірме. Сыйла, айтқанын
тыңда. Олар сендерді қорғайды, қолдайды.
Сабақтың басында жазған жауаптарыңызды тексеріңіз:
– Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның
жөнін біліп тұратын.
– Көрікті қыз – көрген жанды үйіріп, сөйлесе баурап алатын,
бірден көзге түсе қоймайтын.
– Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.
– Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі салмақты, ісі
тиянақты.
– Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл
жанған, тәні шымыр.
– Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі
Үйге тапсырма:
•
– Топ болып оқушылар үшін қырық ереже
ойлап табыңыз. Оны да қойын дәптерге
жазып қойыңыз. Қаласаңыз оқып беруге
болады.
– Ақылдылыққа бастайтын жеті жетекші
адамның өз бойында, соларды атап көріңіз
– Осы жазғандарыңыздың құпия
еместерімен бөлісуге болады.
• Киіне білеміз бе?
• Үй киімі
• Үйге киетін киімді бәріміз бірдей арнайы тіктіреміз бе (халаттан басқасын)?
Көпшілігіміз мұның артық шығын екеніне сенімдіміз. Осылайша сәннен шыққан ескі
киімдерімізді үйге киеміз. Бұл мүлде дұрыс емес. Үйде біз туыстарымыз бен
кішкентай бауырларымыздың ортасында тек жүріс-тұрысымызбен ғана емес
киімізбен де үлгі бола білуіміз керек. Әдетте біз ыңғайлы әдемі киімнің көңіл
күйімізді көтеріп, ең іш пыстырарлық деген шаруаның өзін жылдам бітіруге әсер
ететінін ұмытып кетіп жатамыз.
Үйге киетін киімнің шыттан, сатиннен т.б. табиғи матадан тігілгені жөн. Үй киімі
жиі жуылатындықтан, аталған маталар судан да, үтіктен де қорықпайды. Үй
киімінің кең таралған түстері – жіңішке сызық, майда және орташа шатыраш, ала
және бір түсті маталар.
Үй киімінің ішіндегі ең жеңіл әрі ыңғайлысы үй шаруасын жасауға қолайлы
көйлектер мен көйлек-халаттар, қарапайым үлгідегі белдемшелер мен қысқа
немесе жартылай қысқа жеңді кеудешелер. Дене бітімі сымбатты жастардың
үйге қыста – ұзын, ал жазда – тізеден төмен шалбар киюіне болады.
Сонымен қатар киімді шаң мен ластан қорғайтын алшапқыштар мен ас үйде және
тазалық жұмыстарын жасағанда қиық орамал тартқан дұрыс. Егер бұлар көйлек
немесе кеудешеңізбен бірдей матадан тігілсе, ерекше үйлесіп тұрары сөзсіз. Үй
киімінің қалтамен болғаны жөн.
• Егер үй қоңыр салқын болса, өте үлкен емес жапсырмалы қалтасы бар, желбірлі
сырылған халат, ал шаруа жасауға етек жағы кең мақтаматадан тігілген
белдемше, кеудешені жұқа мақтамата трикотаждан киюге болады. Ал жылдың
жылы мезгілінде тегіс боялған кеудеше мен шотлан мақтамасынан тігілген кең
белдемше немесе кішкентай ғана қарапайым жағалы, қысқа жеңді табиғи матадан
тігілген сызықты көйлек киген әдемі көрінеді.
Үйде биік өкшелі ескі аяқ киіміңізді киіп жүрмеңіз. Бұл сәнсіз, ірі ыңғайсыз. Керісінше
жасанды теріден немесе арнайы матадан тігілген, өкшесі төмен туфли, болмаса
үйге арналған түрлі сүйретпелерді кию керек.
• Жұмыс киімі
• Өз уақытымыздың біраз бөлігін жұмыста өткізетіндіктен, қызметтік киіміміз де маңызы зор.
Олар әр түрлі: кеудеше мен белдемшелер, сарафан, көйлек, жакетті көйлек пен үнемі
ыңғайлы, барлығына жарасатын костюмдер.
Жұмыс киімін жиі ауыстырудың қажеті жоқ. Ал үнемі бір киімді киіп жүруге де болмайды
(гигиенаны айтпағанның өзінде).
Егер сіздің түсі мен матасы үйлесетін екі костюміңіз болса, оларды жеке киюмен қатар
араластырып та кие аласыз, айталық басқа костюмнің жакеті мен белдемшесін екінші
костюмнің кеудешесімен. Сонда сіздің екі костюміңіз төрт костюмге айналады. Бір
белдемше мен түрлі үлгідегі екі-үш кеудеше де түрлі мүмкіндік береді.
Ең дұрысы классикалық үлгідегі іскери костюм. Костюм сіздің бітіміңізге қонымды болып,
сәл кеңдеу болғаны жөн, ал аксессуарлардың әр түрлі болуы мүмкін.
Классикалық үлгідегі біршене белдемше алып, оны костюмдеріңіздің бешпентімен киюіңізге
болады. Белдемшелер тіке, қиық немесе қырлы болуы мүмкін.
Костюм барлық жағдайға бірдей қажет те бола бермес, кейде классикалық үлгідегі көйлекті
үйлесімді бешпентпен кисеңіз ресми болып көрінері сөзсіз.
Көйлекті костюмнің бешпентімен киюге болатына жоғарыда тоқталдық, бірақ олардың түсі,
стилі мен матасы үйлесім табуы керек. Көйлектің түсі бешпенттен ашық болуы да мүмкін.
• Белдемшемен киетін кеудешенің бір түсті немесе түрлі түсті болуы немесе
мойын орамалмен, я қарапайым алқамен үйлестіруге болады. кеудешенің
иығының жиырылған үлгіден гөрі тегіс пішілгенін киген дұрыс. Жиырылған иықты
кеудешелер бешпентсіз киюге арналған, әрі сәнді көрінеді. Іскери киімге жеңсіз
кеудешелер киген жараспайды. Алайда қысқа жеңді немесе жартылай қысқа
жеңді кеудешелер іскери үлгіде кең таралған.
Ер адамдар үшін қолайлы болып табылатын свитерлерді оқушылар мен
әйелдердің де киюіне болады. Ең тиімдісі бір түсті свитер, бірақ оның кең
болмағаны жөн. Бірақ свитердің кеудешеге қарағанда жеңіл-желпі көрінетінін
естен шығармаңыз.
Ақ киімнің сіздің гардеробыңыздың басым түстеріне қарай қара, қара көк, қоңыр,
қара сұр болғаны дұрыс. Аяқ киіміңіздің түсі өзге киіміңізбен реңдес немесе оған
қарағанда қоңырлау болуы керек. Табиғи былғарыдан тігілген аяқ киім сапалы
әрі қолайлы. Ақ немесе сәнді түсті аяқ киімнен аулақ болыңыз. Олар сіздің
аяғыңызға назар аудартады әрі жеңілтектік болып саналуы да мүмкін. Ең тиімдісі
аса биік емес өкшелі туфлилар (биіктігі 3-5 см., аласа бойлылар үшін 6 см).
Сандал, сүйрепелер киген дұрыс емес. Бейтарап түсті шұлықтар таңдағаныңыз
дұрыс.
Бір киер киім (сәнді киім)
• Бір киер киімдер жұқа жүн, креп, табиғи жібек, шілтерлі, жұқа
синтетикалық матадан тігіледі. Үлкен декольте, ашық иық пен
арқа, күрделі жағалар, өте кең немесе өте тар белдемшелер
киімнің бұл түріне тән болып келеді.
Мұндай киімдер табиғи немесе жасанды терімен, жасанды
гүлдер, жұқа шілтермен, үлкен банттармен әшекейленеді.
Сәнді киімге аяқ киім сәйкес келуі тиіс. Кешік қонаққа, мерекелік
балға, театрға табиғи былғарыдан, замштан немесе қолтырауын,
жылан терісі түстес жасанды былғарыдан тігілген, алтын, күміс
түсті ашық аяқ киімдерді кие аласыз (әрине, үстіңіздегі киіміңізге
үйлессе ғана). Егер жүрісіңіз орнықты болса, биік тақалы,
тартпалардан ғана тұратын өте ашық аяқ киімді батыл кие
беруіңізге болады.
Ал қол сөмкеңіздің мүмкіндігінше ықшам болғаны дұрыс. Ал
үлгісі әртүрлі бола беруі мүмкін. Оған тек аса қажетті опа, далап,
қол орамал, тарақ, ұялы телефон сияқты заттар ғана салынады.
Егер аяқ киіміңіз бен сөмкеңіз бірдей материалдан болса, ол
сіздің киіміңзге ерекше сән беріп тұрады
Ер адамдардың киіну мәнері
• Ер адамдардың сәні әйел адамдарға қарағанда консервативті болып келеді.
Алайда ер адамның киімі сәннен жұрдай деп айтуға болмайды. Соңғы жылдары
ер адамдарға арналған сән үлгісінің өскені байқалады.
Ер адамның гардеро-бында мына киімдердің болғаны дұрыс:
• жіңішке жолақ сызықты немесе тор көзді түсі ашық емес – күнделікті костюм;
• мүмкіндігінше қатаңдау, сұр, қара көк немесе т.б. қоңыр түсті - күнделікті костюм;
• Түсі, матасының сапасы жағынан шебер таңдалған осындай екі костюмді бір-
бірімен үйлестіріп киюге де болады. Бұл жағдайда бір түсті бешпентке тор көзді
немесе жолақ сызықты шалбар, ал керісінше тор көзді не жолақ сызықты
бешпенке бір түсті шалбар үйлеседі.
• салтанатты жағдайға арналған, қара, қара көк немесе қара сұр түсті – қатаң
костюмдер;
• Мерекеге киетін қоңыр түсті костюмдермен міндетті түрде ақ жейде, қара
бәтеңке, қара шұлық киіледі. Мұндай костюмнің төс қалтасынан ақ түсті бет
орамалдың шеті көрініп тұруы керек.
• спорттық үлгіде тігілген шалбары мен бешпенті түсі, матасының сапасы жағынан
бір-біріне ұқсамайтын, бірақ өзара үйлесетін - аралас костюм;
• жылдың жылы мезгілінде киюге арналған мақта-мата немесе жасанды матадан
тігілген – жеңіл костюм;
• Киетін жейдеңіз, жемпіріңіз бен бәтеңкеңіздің жиынтығына қарай мұндай костюм
бір түсті немесе суретті, ашық немесе қоңыр болуы мүмкін.
• аса салтанатты жағдайлар мен қабылдауларға арналған - смокинг, фрак, сако.
• Смокингпен ақ түсті жейде, қара жилет, қара жібек белбеу, «көбелек» галстук,
қара бәтеңке мен қоңыр түсті шұлық киеді. Смокингті жұқа беті тегіс жүн матадан
немесе мақта матадан, қара атлас жағалы қылып тігеді, шалбарының
жанындағы сыртқы тігісімен атлас тесма жүргізіледі. Оны галун деп атайды.
•
Фракпен крахмалданған маниш, ақ түсті «көбелек» галстук, ақ жилет, ал
салтанатты жағдайларда (тіпті қазаға да) лактелген қара бәтеңке, қара шұлық
киіледі. Фрактың ішінен киетін жилеттің барлық түймелері салулы болуы керек.
Төс қалтасына ақ түсті бет орамал салынады. Фракты кешкі алтыдан кейін
салтанатты банкеттер мен ресми қабылдауларға киеді. Егер фракты кешке
киетін болсаңыз ақ түсті жилетпен, ал салтанатты жағдайларда күндіздің өзінде
қара жилет киіледі. Смокинг сияқты фрактың да жағасының қайырылған беті
қара жібектен тігіледі, ал шалбарында бір жібек галунның орнына екеуі
жүргізіледі.
маништер
• Сако – қара шалбар мен қара-сұр жолағы бар бешпенттен тұратын костюм.
Сакомен ақ түсті фракпен киетін жейде, жалпақ немесе қалыпты жылтыр-сұр
галстук тағып, сұр немесе қара жилет, қара бәтеңке кию керек.
Шалбар сатып алғанда өз гардеробыңыздағы барлық киімдеріңіз-бен
үйлесетіндей болуына назар аударыңыз.
Поплин матадан тігілген шалбарға спорттық жейделер үйлеседі.
Ши барқыт шалбар (вельвет) әдетте жіңішке кісілерге ғана жарасады да, оны
жүннен жасалған киімдермен үйлестіріп киеді.
Спорттық костюмге «көбелек» галстук пен лактелген бәтеңке үйлеспейді.
Бешпенттің үлгісі маңызды болып саналады, өйткені киім үлгісінің жалпы стилі
соған байланысты. Егер өз бейнеңізге қатаңдық пен байсалдылық енгізгіңіз келсе
классикалық үлгідегі бешпент таңдаңыз. Ал спорттық үлгідегі бешпент, күрте-
бешпент сіздің киіміңізге тәуелсіздік, кейде тіпті ұшқалақтықтың жеңіл реңкін
береді.
Бешпенттің түсі сіз туралы көп нәрсе айта алады, сондықтан түсін дұрыс таңдай
біліңіз. Әдетте классикалық бешпент дәстүрлі түстерден, ал еркін стиль
мейлінше ашық түсті болады. дей тұрғанмен соңғы уақытта дизайнерлер жаңа
қызықты шешімдер тауып жүр. Олар түрлі түстер мен үлгілерді араластырып
«ойнайды», классикалық үлгідегі бешпентті ашық түсті, керісінше спорттық
бешпентті ұстамды сұр түсті етіп те шығарады.
• Галстук
Галстук әрқашан да өз иесінің талғамын көрсетіп тұрады. Галстукты дұрыс
байласаңыз ғана ол сізге көрік беріп жақсы пікір қалыптастырады, ал егер дұрыс
байламасаңыз сіздің мінсіз кейпіңізге нұсқан келді дей беріңіз.
Галстуктың негізгі 3 түрі бар.
Байланбалы - өзіңіз байлайтын галстук,
регат - өзі байлаулы дайын күйінде болатын галстук, «көбелек» - көбелек пішінді
жіпке бекітілген галстук.
Қолданылу мақсатына қарай галстуктер:
• реңі костюміңізбен үйлесіп таңдалатын әр түрлі түсті күнделікті галстук, мұндай
галстукты жейдемен, бешпентпен тағады;
• классикалық суреті бар матадан тігілген, қатаң түстерден тұратын (қара, сұр,
қоңыр, қара көк) дәстүрлі ресми галстуктер;
• ашық түсті, суретті жазғы галстуктер.
• Әдеттегі жібек немесе жасанды матадан тігілген галстуктермен бірге бірнеше бір
түсті жүннен жасалған матадан тігілген галстуктер де алып қойғаныңыз жөн.
Оларды спорттық үлгідегі немесе аралас костюмдермен тағуыңызға болады.
Галстукты костюміңіздің түсі мен матасының суретіне, үлгісіне қарап таңдау керек.
Қатаң костюммен табиғи жібек немесе жасанды жібектен жасалған галстук тағуға
болады.
«Көбелекті» тек ресми жағдайларда ғана тағады. Олардың түсі ерекше болғаны
жөн.
Галстук мұқият байланып, оның түйіні жейде жағасының ортасында тұруы керек.
Бір жағына қисайып кеткен немесе түйіні босап кеткен галстук өз иесінің
ұқыпсыздығын көрсетіп тұрады. Галстукты оның жиегін реттеп тұратын арнайы
қыстырғыш-түйреуішпен таққан дұрыс.
• Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын,
тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін
немесе ой-қиялдың жемісі. Солардың ішіндегі ең кереметі қоғам мен
табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы.
• Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал
ішкі жан сұлулығы өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі. Басқа адамдарға
деген байланысы арқылы қалыптасады. Әдетте, біз қыздың немесе
жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда оның бойының
сымбаттылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын,
қалың шашының толқындай төгілгендігіне қарап баға береміз. Бұл –
адамның сыртқы сұлулығы. Ал, адамдағы басты сұлулық – ішкі жан
дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі.
• Абайдың да айтар ойы осымен ұласады. «Шу дегенде көрінер
сұлу артық», - деп сақтандыра келе «Әйел жақсы болмайды
көркіменен, мінезіне көз жетпей баға берме» - дейді.
• Адамның сыртқы сұлулығы ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе
нағыз сұлулық сол болмақ.
Жүректен
қозғайын,
Әдептен о
зба
Өзі де білм йын.
ей ме,
Көп сөйле
п соз байы
н.
Тереңдеп
қарайсың,
Телміріп т
ұрмайсың
Бейхабар .
жүргенсіп,
Бек қатты
сынайсың
.
Кең маңда
й, қолаң ш
Я бір кез, аш,
я бір құла
Ақ тамақ, ш.
қызыл жүз
,
Қарағым б
етіңді аш.
Абай
«Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу»,
«Сөзі райлының – жүзі
шырайлы», «Жаманның сөзі –
түйеден түскендей»,
«Жылтырағанның бәрі – алтын
емес», «Адамның жылтыраған
сыртына емес, сұлу ішіне
қызық».
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz