Киіз үйдің атаулары
Презентация қосу
Киіз үй
Пәні: Қазақ тілі
Дайындаған:10«Г» сынып оқушысы Ануарова А,
Құмарова А
Тексерген: Қобланова Л.К
Киіз үй туралы
Киіз үйдің атаулары
Киіз үйдің сүйектері
Киіз үйдің ішкі баулары
Киіз үйдің шилері
Үй жиһаздары
Киіз үй туралы
Көшпенділер өмір бойы жыл
мезгілдеріне сәйкес көшіп-қонып
жүруге мәжбүр болды. Негізгі
тұрғын үй қыстауда болған.
Олар жылдың жылы мезгілдерін
көктеу мен жайлауда өткізіп, күн
салқындаған кезде күздеуге көшті.
Осы жерде көктемде егіп кеткен
егінін жинап, қыстауға қайта
оралды. Көшпенділердің осындай
өмір салтына ыңғайлы тұрғын үй-
киіз үй болып табылды
Киіз үй көптеген көшпелі
халықтардың негізгі баспанасы
болған. Қазақ халқы да киіз үйді
сан мыңдаған жылдар бойы өзінің
төл баспанасы етіп келді.
Киіз үй туралы
"Киіз үйдің көшпелі тұрмысқа бейімділігі жайлы" қазақ
жерінде болған жат жұрттық саяхатшылар көп жазған еді.
XYIII ғ. екінші жартысында әскери құрылысшы, капитан И.Г.
Андреев "қазақ қолөнерінің басты саласы - киіз үй жасау" - деп
жазған еді.
Ресей және Рим Ғылым Академиялары мен Корольдік
ағылшын ғылыми жиналысының мүшесі П.С.Паллас 1766 және
1769 ж.ж. Батыс Қазақстанда болып, Жайықтың шығыс жағына
көшіп бара жатқан қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне
байланысты "қазақтар киіз үйлерде тұрады, оған жиырма адам
еркін сиып отырады", - деп атап өткен еді.
Санкт - Петербургтегі американ дипломатиялық миссиясының
хатшысы 1873 жылы Самарадан Орта Азияға барар жолда
қазақ жерінде болып, кейіннен "қазақ киіз үйі жайлы әсерін"
тәпіштеп жазып, баспасөз бетінде жариялаған болатын киіз үй
жайлы, көптеген авторлар түрлі жазбалар, мақалалар,
зерттеулер жазып, киіз үйдің құрылысына таңданыс білдірген
еді .
Киіз үй туралы
Киіз үйді жасауда әр түрлі шеберлер тартылды. Ағаш
шеберлері үйдің сүйегін жасаса, әйелдер киіз бастырды.
Ал үй іші жиһаздарынсыз киіз үйді көз алдымызға
елестету қиын . Киіз үйдің жиһаздарына қажетті ілінетін
түрлі заттарды тоқымашылар, киіз басушылар, тері
өңдеуші шеберлер дайындады
Киіз үй атаулары
Абылайша – керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй.
Ақ шаңқан үй – сүттей ақ, аппақ киіз үй.
Ақтағыр – екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын
киіз үй.
Жаппа – керегесіз, киізбен жабылған баспана.
Жолым үй – уыққа киіз жауып, уақытша тігілген
шошақ үй.
Қара құрым үй – киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
Қара үй – киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды.
Қараша үй – қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.
Орда – еңселі, салтанатты киіз үй.
Отау – ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.
Төңқайма – бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.
Ұраңқай – уық тәрізді сидам ағаштардан басын
түйістіріп тігілген киіз үй.
Киіз үйдің сүйегі
1 – кереге, 2 – уық, 3 – шаңырақ, 4 – сықырлауық
Шаңырақ
Шаңырақ – киіз үйдің ең
жоғарғы бөлігі. Оның
пішіні күмбез тәріздес, ол
уықтардың ұштарын
біріктіріп ұстап тұрады.
1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып,
өрнектеледі.
2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3
күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.
3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін
орнатылады, өрнектеледі.
4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады.
Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Шаңырақ
•Киiз үй - ғаламның моделi.
Бүкiл ғалам мен адам арасын
байланыстырушы.
•Шаңырақ - күннiң символы.
•Шаңырақ көтерiлiп жатқанда
ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы
iс атқарылып жатқанда үнсiздiк
орнауы тиiс.
Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi - төрт тарапты бiлдiредi.
Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе
шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi,
кұт құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ
орналасады. Ошақ - адамның оты. Шаңырақтың үстiнде
Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.
Кереге
Керегені құрайтын әрбір
ағашты «желі» дейді.
Желінің ең ұзынын
керегенің «ерісі» (3) деп,
одан қысқалауын
«балашық» (2), ең кішісін
«сағанақ» (1) деп атайды.
Сонда бір қанат кереге 14
ерістен, 9 балашықтан, 9
сағанақтан құралады.
Желілердің
қиылысқанынан пайда
болған торды «көз» деп
атайды. Ал оны көлеміне
қарай «желкөз», «торкөз»
деп екі түрге бөледі.
Уық
•Иілген уықтың бойында бірнеше
атаулы бөліктер бар. Уықтың
керегеге байланатын ұшын
«доғалай» (1) дейді. Доғалайды
тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады.
•Уық кереге мен шаңырақты
Уықтың иілген жерін иығы (2)
дейді. Шаңырақ пен иықтың жалғастырып тұрады. Киіз үйдің
арасын уықтың қары (3) деп кеңдігі керегесіне, ал биіктігі
атайды. Ал шаңырақтың көзіне уықтың ұзындығы мен
қадайтын ұшын қаламы (4) деп қысқалығына байланысты болады.
•Уық саны үйге жайылатын кереге
атайды, оны төрт қырлы етіп
ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау басының санына тең. Оған
жіптен есіледі. Уықтың иінінің қосымша сықырлауық есіктің
ішкі бетін шеберлер бедерлеп үстіне байланатын қысқалау
өрнек салады немесе арнайы келген 4-5 маңдай уық болады.
өрнектелген сүйек жапсырады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне
байланысты.
Киіз үй есігі
1. маңдайша
2. босаға
3. сықырлауық
4. жақтау
5. табалдырық.
•Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне
қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар:
маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау
•Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді
сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен
жапсырмалап әшекейлейді.
Киіз үйді тігу үшін ең алдымен ауыл азаматы
сықырлауықты құрып ұстап тұрады. Одан соң оң
босаға жақтан бастап кереге керіліп байланады.
Кереге құрып болған соң ауыл азаматының бірі (ер
адам болу керек) бақанмен шаңырақты ортаға көтеріп
ұстайды. Осы кезде қыз, келіншектер уық шаншып
байлай бастайды. Киіз үйді тігуге ауылдағы бар
жастар ұйымдасқан түрде қатысады.
Киіз үйдің ішкі баулары
Киізүйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру
мақсатында бау-құрлар қолданылады.
Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын
өрнекті жіңішке құр.
Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап
таңатын қыл – арқан.
Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап
байлайтын құр.
Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш
жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік
жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл
кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.
Киіз үйдің ішкі баулары
Басқұр– киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр
туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін
уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан
бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.
Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш
жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын
жалпақ терме бау.
Бел-бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы
және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан
бастырып буатын қыл арқан.
Киіз үйдің шилері
Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер
туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт
пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау
арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ
қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.
Киіз үйдің сыртқы жабдықтары – күн сәулесін және тамшы
өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірген ақ
шаңқан киізден пішіп, ою - өрнектермен безендіреді.
Туырлық – керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі
жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі
аралықты жауып тұрады.
Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп
байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы ши, астары жарғақ
теріден жасалады.
Түндік – шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра
жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады.
Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп,
желпіп кетуі мүмкін.
Үй жиһаздары
Киіз үйдің маңызды көрсеткіштерінің бірі ішкі көрінісі.
Ішкі жиһаздары:
Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен
түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.
Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан
жасап, өрнектеген үй жиһазы.
Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты
қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.
Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.
Асадал-тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже.
Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын
ағаш тиянақ.
Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы.
Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.
Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.
Киіз үйдің ішкі жасауы
Киіз үйдің ішкі жасауында тоқыма
бұйымдар ерекше орын алады.
Кереге мен уықтың қиысатын тұсына
ені 30-50 см-лік термебасқұр
тартылады. Одан бөлек, қанаттардың
аралығын байланыстыратын таңғыш,
уыққа байланатын жүннен тоқылған
уықбау, сәндікке ілінетін
шаңырақбау, желбау салпыншақтары,
туырлық, үзік жолақтары - қолдан
тоқылған бұйымдар болып
табылады.
Алайда тоқыма бұйымдары арасында тықыр және түкті кілемдер,
алаша, қоржындар ерекше орын алады. Әсіресе көшпелі тұрмыста
қоржындардың орны ерекше болды.
Қазақтың дәстүрлі өнерінің көне нұсқаларының бірі - түскиіз, төсек
жапқыш. Түскиіз де әдемілік үшін киіз үйдің керегесін айналдыра
ілінеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz