Сабақтың дамытушылығы




Презентация қосу
№ 5 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:Ағаш ою
технологиясы

Орындаған: Құдабаева А.

2010-2011 ж.
1.Сабақтың тақырыбы: Ағаш ою технологиясы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты ою
технологиясы туралы түсінік
беру

Сабақтың дамытушылығы: Оқушыларды
икемділікке, іскерлікке,
ұқыптылыққа шеберлік-
ке баулу.

Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларға эстетикалық
тәрбие беру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, өз бетімен
жұмыс істеуге икемдеу.

Көрнекілігі: домбыра, қобыз, ер тоқым, келі-
келсап, астау, т.б.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру . Өткен тақырыптар бойынша
сұрақ-жауап арқылы тексеру.
1.Ою-өрнектің түрлерін ата?
2. Ою-өрнектің қолданылатын орны?
3. Ағаштың түрлерін ата?

4.ІІ. Жаңа сабақ
5.Ағаш ою технологиясы.
6.Мұғалімнің кіріспе сөзі
7. —Балалар біз бүгінгі сабағымызда ағаш ою
технологиясымен ағаштан жасалған бұйымдарға ою салу
технологиясымен танысып жасаймыз. Өздеріңіз өмірден
көріп жүргендей әр мамандықтың өзінің қыры мен сыры,
технологиясы болады. Әрбір кәсіп иесі өзі таңдаған
мамандығын меңгеріп алып өмірде кәсіпке айналдырады.
Сол сияқты ағаш ұсталары да ағаштан түйін түйіп түрлі
бұйымдар жасайды.
8.Мысалы, ағаштан жасалынатын, домбыра, қобыз,
қазақтың келі-келсап, қасық, астау т.б. Бұл бұйымдарды
өңдеуді өзі аса шеберлікке келеді. Бұл оюларды ойған
кезде көп қателіктер кетіп жатады. Мысалы, қасық тігінен
ойылмайды, оның басы қайқы келеді.
Бүгін біздер қасықты ермексаздан,
саз балшықтан жапсырмалаудан
бастаймыз. Алдымен кішкентай
қасықты ермексаздан нақтылы
бейнесін жапсырмалап келтіріп
аламыз. Қасықтың жалпы
құрылысы, ойылу қалыңдығы
әзірленгеннен кейін тексертеміз.
Өлшемі темір шай қасығымен
бірдей болу керек. Айырмашылығы
тереңдеу болады.

Жапсырмалау кезінде ойылатын қасықтың құрылымы,
өлшемі анықталады, қателері түзетіледі. Түзетуден
өткеннен кейін, ағаш ойылады. Балалар, күнделікті
өмірде біз қасықты жиі пайдаланамыз. Енді қасықты
ағаштан ойып аламыз.
Кішкентай шай қасық диаметрі 30-35 мм қатты ағаш
бұтағынан ойып аламыз. Жұмыс жасаған қауіпсіздік
ережесін сақтаймыз. Егер ағаш кепкен болса ол оюға
жеңіл болады. Таңдаған бұтақ кесіндісі сыртқы
қабығынан тазартылады, қарындашпен қасық бейнесі
сызылады. Оның кескіні арнаулы қысқышта өңделеді.
Қасықтың жоба сызығына дейін арамен араланып өткір
пышақпен шекара сызыққа дейін алынады. Жобасы
келтірілгеннен кейін, қасықтың іші науаша ыңғырумен
ойылады, содан кейін сырты өңделеді. Қасықтың басы
дәлірек өлшеммен дайын болған соң, оның сабы
өңделеді.
Егер қасық бұйымы жаңа кесілген су ағаштан жасалса,
өңделген бұйымның пішінін бормен тұлшалап жағып
қою керек.
Бор бұйымға ауа өткізбейтіндей етіп, қою жағылуы тиіс.
Ол көлеңке жерде 3-4 күн кептіріледі. Егер ағаш толық
кепсе оның жаңқасы тез алып тасталынады. Сабақты
қорытындылау:

1)Балалар біз бүгін ағаш ою, оның ішінде ағаштан қасық
ою технологиясымен танысып бірлесіп жұмыс жасадық.
Оны біз тұрмыста көп пайдаланамыз.

2) Жұмыс барысында қандай әдіс тәсілдерді, құрал-
саймандандарды пайдаланғанын айту, әрбір оқушы
өзінің жұмысын қорғайды.

3) Бағалау.

4)Үйге тапсырма.

Ұқсас жұмыстар
Еліміздің мемлекеттік рәміздері
Күз кереметі
Иранның жағдайы
Қ дыбысы және әрпі
Өмір - қымбатсың маған!
О дыбысы мен әрпі
Екі таңбалы санды қосу және азайту
Microsoft Excel программасында диаграмма құру
Наурыз көже
Е дыбысы мен әрпі
Пәндер