Тәуелсіздік шежіресі
Презентация қосу
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН
Директордың тәрбие
жөніндегі орынбасары
_______Якенова Қ. Ж.
«__»_________ 2011ж.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: “Көркейген Қазақстан халқының бақыты- 20 жыл
бейбітшіліктегі, келісімдегі, өркендеудегі тәуелсіз Қазақстан!”
Орындаған: П2Д топ
жетекшісі Қыдырбаева Т.А.
Алматы 2011 ж.
Тәрбие сағатының тақырыбы: “Көркейген Қазақстан
халқының бақыты- 20 жыл бейбітшіліктегі, келісімдегі,
өркендеудегі тәуелсіз Қазақстан!”
Тәрбие сағатының мақсаты
Білімділік: Тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін
ұғындыра отырып, білім алушыларды отансүйгіштікке,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Білім алушыларды тәуелсіздік алғаннан
кейінгі Жетістіктерімен таныстыру, білімдерін
кеңейтеу.
Тәрбиелік: Елін, жерін қорғап, Отанын құрметтей білетін,
болашақта Қазақстанның өркендеуіне өз үлесітерін
қосатын азаматтарды тәрбиелеу.
“Еліңнің ұлы болсаң,
еліңе жаның ашыса,
азаматтық намысың
болса, қазақтың
ұлттық жалғыз
мемлекетінің
нығайып- көркеюі
жолында жан
теріңді сығып жүріп
еңбек ет. Жердің де,
елдің иесі өзің
екеніңді ұмытпа!”
Н.Ә. Назарбаев
Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере
дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа
мұра болып келе жатқан салт- дәстүріңді,
әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің
өзгелермен тең екендігін сезіну және ана
тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп білемін.
Тәуелсіздіктің мағынасы зор, тамыры
терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарды
құрбандыққа шала отырып, қол жеткізеді.
Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол
жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.
1723-1727 ж. Бұл кезең қазақ тарихында «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ
халқына тигізген зардабы, қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық
халге душар етуі өте ауыр болды. Қазақтардың көбі Орта Азия
мемелекеттерінің аумағына қарай ауысты.
Қаратаудың басынан көш келеді.
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел жұртынан айрылған жаман екен
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман бағы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман
Қарындас пен қара орман қалғаннан соң
Көздің жасын көл ғылып ағызамын.
1730 ж. Қазақ
халқының жоңғарларға
азаттық күресі
барысындағы өте елеулі
оқиға- Аңырақай
шайқасы. Бұл шайқас
көктемде Балқаш көлінің
оңтүстік- батыс
жағалауындағы Алакөл
деген жерде болды.
Шайқаста кіші жүздің
ханы Әбілқайыр тікелей
басшылық етті. Оған
қазақтың үш жүзінің
жасақтары қатысты.
1836ж. Бөкей хандығында аса ірі халық- азаттық
көтерілістердің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі
жердің жетіспеушілігі еді. Халық көтерілісін елге белгілі батырлар
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басқарып, 200-ден артық
сарбаздармен жасақталды.
1837-18747 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған
ірі ұлт- азаттық көтеріліс. Оған үш жүздің
қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих
сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның
ісін жалғастырып, басқарушы ретінде 20 мың
сарбаздан тұратын жасақ құрды.
1916 ж. Ұлт– Азаттық
көтеріліс кезінде 3 мың қазақ
құрбан болды. Бұл қозғалыстың
ең ірі оқиғаларының бірі Торғай
облысында болды. Көтерілісшілер
жасағын құрған сардарбасы
Амангелді Иманов.
1917-1920 ж. Алаш қозғалысы 20 ғ. алғашқы ширегінде Ресей
империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық
көтеріліс. «Алаш партиясының» өмірге келуі Ресей империясының
Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа
ұшырағандығын көрсетті. Алаш партиясының басшылары А. Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, М.Дулатов. Биыл алаш қозғалысына 20 жыл.
1931-1933 ж. Өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді.
Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 % қырылды. Ашаршылықтан 6,2 млн
халықтың 2,1 млн опат болды. 1 млн 578 мың халық Атамекенін тастап кетті.
40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді.
1937-1938ж. Лаңкестік жаппай сипат алды. Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату
мен нығай туға қатысқан көрнекті қайраткерлер жазаға тартылды. Олар:
С.Сейфуллин, Б.Майлин, А.Байтұрсынов. 101 мың қазақтар «ГУЛАГ» азабынан
өтті, 27 мыңнан астамы атылды.
1941-1945ж. Ұлы Отан соғысы жылдары. Қиын да ұзақ 4 жыл. 1418
күнде 20 млн адам қаза тапты. Қазақстандықтар Москва, Ленинград түбіндегі
шайқастарда және Украин, Белорусь, Молдаваны азат ету жолындағы
ұрыстарда болды. Ерекше табандылықпен қаһармандық көрсеткен Б.
Момышұлы, Қ.Қайсенов, Т.Бегилдинов, Н.Әбдіров, С.Нұрмағамбетов, жас офицер
Р.Қошқарбаев және т.б. ержүрек батырлар халақ қаһарманы атағын алды.
Шығыс әйелдері арсынан 1-ші болып «Алтын жұлдыз» медалімен
марапатталған қазақ қыздары Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың еңбектері
орасан зор.
Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге,
Соғыс елді түсірді-ау ауыр күйге.
Жұрт күйзелді, төгілді қанша көз жас,
Түнерді қайғы бұлты талай үйде.
Сұм фашист бейбіт елді болса құртпақ,
Алды-арты құрыш қамал тұрды құрсап.
Жау жеңілді, сол жеңіс арқасында,
Өсті, ер жетті бүгінгі ұрпақ.
1986 ж. Желтоқсанда отты оқиға болды. Тәуелсіздік аңсаған
жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл
оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова,
С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын
қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула,лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.
1991ж. 1 желтоқсанда тұңғыш рет Қазақстан Республикасы
Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске
жетті.
1991 ж 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз, дербес мемлекет
екендігін дүние жүзіне әйгілі еткен аса қасиетті құжат.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді айта бергім.
Тәуелсіздік шежіресі.
1991ж. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік
туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.
1992ж. Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. Қазан айында тұңғыш
ғарышкер Т. Әубакіров ғарышқа самғады.
1993ж. Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл
теңге дүниеге келді.
1994ж. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары
дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне
көтерілді.
1995ж. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды.
1996 ж. Мемілекеттің жаңа әнұраны, елтаңбасы, туы қабылданды.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
. Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарас қан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
1996ж. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
1997ж. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030
жолдауының шығуы. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-
сүргіндерді еске алу жылы.
1998ж. Халықтар тұтастығы мен тарих жылы.
1999ж. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2000ж. Мәдениетті қолдау жылы.
2001ж. Қазақстандағы Ресей жылы.
2002ж. Денсаулық жылы.
2003-2005ж. Ауыл жылдары.
2003-2005ж. Ауыл жылдары.
2006ж. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда
жаңа әнұран қабылданды.
2007ж. Қазақ тілін қолдау жылы.
2008ж. Астанаға 10 жыл.
2009ж. Қазақстанның Украинадағы жылы.
2010ж. ЕҚЫҰ самммиті.
Тәрбие сағатын қорытындылау.
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың
салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-
жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап,
жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын
жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз
Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына
жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа
толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа
серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің
экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп
сенемін.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz