Су еріткіш: 2-сынып дүниетану пәні бойынша сарамандық сабақ жоспары


Slide 1

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл орта жалпы білім

беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кеерева Бақтылы

Дүниетану (2 сынып)

Тақырыбы: Су еріткіш.

Сабақтың мақсаты:

- Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру;

- Табиғаттағы су айналымы, судың қандай күйде болатынын тәжірибелік жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және оларға қорытынды шығара білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сарамандық жұмыс, салыстыру, талдау, миға

шабуыл.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, слайдтар, тәжірибе жасау үшін (стақан, құм, саз, т. б. ) СТО стратегиясы.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу өнері.

Күтілетін нәтиже:

* Судың қасиеті, оның пайдасы.

* Өзен, көл суларын қажеттілікке жарату, оларды қорғау.

* Бақылайды, тәжірибе жасайды, ойлауға белсенділіктері артады.

*Ізденеді, ойын еркін айтады.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, балаларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, қызығушылықты ояту.

І. Қызығушылыққты ояту.

А) “Ширату кезеңі”. “Сен білесің бе?”

1. Жер шарында ең көп тараған сұйық зат.

2. “Су-тіршілік көзі” дегенді қалай түсінесің?

3. Судың қандай пайдасы бар?

4. Табиғатта су қандай күйде кездеседі?

5. Судың қандай қасиеттерін білесің?

Тәжірибе арқылы оқушылар бақылау, талдау жасайды. Талдау арқылы қорытынды шығарып береді.

Slide 2

Ә) Тәжірибе арқылы оқушылар бақылап, талдау арқылы қорытынды шығарып береді.

1-тәжірибе: Судың пішіні болмайды.

2-тәжірибе: Судың түсі болмайды.

3-тәжірибе: Су - мөлдір.

4-тәжірибе: Судың дәмі болмайды.

5-тәжірибе: Судың иісі болмайды.

6- тәжірибе: Су ағады.

Осы қорытындыны сызбаға түсіріп, дәптерлеріне жазу.

мөлдір

ағады

Су иісі жоқ

дәмі жоқ

түсі жоқ

Slide 3

Сергіту жаттығуы:

Қане, орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Ашамыз да жұмамыз,

Жұмамыз да ашамыз,

Күн көзіне тосамыз.

ІІ. Мағынаны тану.

1. Оқушылар алдымен оқулықтағы мәтінді оқып шығады.

2. Оқулықтағы берілген тәжірибелерді жасау.

3. Тәжірибенің қорытындысын шығару.

1 тәжірибе: Судың еріткіш екендігін көрсетеді.

Қант пен тұз - ерігіш заттар.

2 тәжірибе: Құм, саз ерімеді.

Табиғатта суда еритін және ерімейтін заттар бар екенін байқадық.

Логикалық тапсырма.

Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын.

Алдарында өзен ағып жатты. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өттіде, судан әрең өтіп келе

жатқан екінші түйеге қулана қарады. Неге? Қандай жағдай болды?

Slide 4

ІІІ. Толғаныс бөлімі. Кесте толтырып, пысықтау.

Жақсы ериді

Нашар ериді

Ерімейді

Сабақты қорытындылау, бағалау.

Қазақ халқы суды қорғап, қадір тұтумен қатар, оны жалпы халыққа, жануарлар дүниесіне, өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған.

Мөлдір тамшылар

*Судай таза бол.

*Мінезің судай жұмсақ болсын.

*Дауысың судың сылдырындай әдемі болсын.

Үйге тапсырма:

Мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап беру.

Су туралы тыйым сөздер жазу.

Қаратөбе ауданы,

Егіндікөл ауылы


Ұқсас жұмыстар
2-сынып дүниетану пәні: Жануарлардың жем аулау тәсілдері сабақ жоспары
2-сынып Дүниетану: жануарларды жүйелеу және хайуанаттар бағы бойынша экскурсия
2-сынып қазақ тілі: Жұрнақ тақырыбы бойынша сабақ жоспары
3-сынып дүниетану пәні: Жануарлар әлемінің сан алуандығы (панорамалық сабақ)
Егіншілік пен мал шаруашылығы: дүниетану пәні сабақ жоспары
4-сынып дүниетану: Су қасиеттері, су айналымы және қорғау
10-сынып информатика пәні: Microsoft Office бағдарламасы бойынша сабақ жоспары
Жолтай Әлмашевтің Адамның досы мәтіні бойынша 2-сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары
Дүниетану (2-сынып): Дұрыс тамақтану және дәрумендердің рөлі
5-сынып жаратылыстану сабағы: гидросфера (су) бойынша сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz