Сынақ мерзімі



Сабақтың тақырыбы:
Еңбек шарты

Білімділік: Оқушыларға еңбек шарты, еңбек шартының мерзімі туралы түсінік беру, оқушылардың құқық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Еңбекке деген жауапкершілікке тәрбиелеу, нарық заманында еңбек қатынасының сауаттылығына, өз құқығының сақталуына, өзгенің құқықтарын құрметтеуге үйрету.
Сабақтың мақсаты:

Сабақтың әдісі: рөлдік ойындар арқылы ізденіс жұмысын жүргізу, оқулықпен жұмыс, аралас сабақ.
Тірек ұғым: Еңбек шарты, сынақ мерзімі, еңбек шартының тоқтатылуы.
Көрнекілік құрал: Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Еңбек туралы заң, слайдтар.
Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру
Ә) Үй жұмысын сұрау
Б) Жаңа сабақ

Қазақстан Республикасының президенті - Нұрсұлтан Назарбаев!

Жаңа сабақтың жоспары:
Еңбек шарты
Еңбек шартының мерзімі
Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі.

ЕҢБЕК ШАРТЫ
Еңбек шарты 15. 05. 2007 ж. Қазақстан Республикасының №251-ІІІ Еңбек кодексіне сәйкес 01. 07. 2007 ж. бастап жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін ресми құжат және Еңбек кодексінің 28-бабы мен ісқағаздарын жүргізудің жалпы қабылданған ережелеріне сәйкес рәсімделеді.

Рөлдік ойынның мазмұны
Оқушылар (жұмыс беруші мен жұмысқа орналасушы) еңбек шартының мазмұны көрсетілген құдатты дайындайды;
Еңбек шартының қолданылу мерзімін анықтайды;
Еңбек шартын бұзу немесе тоқтатужағдайларын көрсетеді.
Осы аталған тапсырмаларды орындаудың үлгілері (үлгі қағаздардың алдын ала әр оқушыға дайындалғаны дұрыс) .

Еңбек шартының үлгісі
Жұмыс беруші туралы мәліметтер: (кәсіпорын, өндірістік коорператив, кәсіпкер, мемлекеттік мекеме, т. б. атап көрсетеді) .
Жұмысқа алынушының аты - жөні ,
туған жылы , мамандығы , білімі , еңбек өтілі ,
қосымша мамандығы ,
мекен - жайы ;
3. Жұмыс орны , еңбек жағдайы (зияндылығы, қауіптілігі) ;
4. Қызметкердің атқаратын жұмыстары, қосымша атқаратын жұмыстары ;
5. Жұмыс берушінің міндеттері ;
6. Жұмысқа кіріскен мерзімі ;
7. Еңбек шартының жасалған мерзімі ;
8. Еңбекақы мөлшері ;
9. Жеңілдіктер мен артықшылықтар.
Жұмыс берушінің қолы ;
Жұмысқа алынушының қолы ;

Еңбек шарты 2 дана етіп жасалады. Еңбек шартын толтырмастан бұрын алдын ала әңгімелесу жүргізіледі. Жұмыс беруші жұмысқа орналасушы адамнан еңбек іс - әрекеті туралы құжатты талап етуге құқылы (еңбек кітапшасы, оқу орнын ьітіргені туралы дипломы) .
Мұғалім еңбек шартының мерзімі туралы түсіндіреді.
Еңбек шартының іске асу мерзімі көрсетілуі тиіс (6 ай, 1 жыл, 5 жыл, т. б. ) . Мерзімі аяқталған соң қайтадан еңбек шарты жасалады.
Егер нақты жұмыстың орындалуына қарай мерзімі белгісіз болса, (мысалы, құрылыс жұмыстары) жұмыс аяқталған соң еңбек шарты тоқтатылады.
Егер біреудің орнына уақытша жұмысқа алынса, сол мерзім аралығы көрсетіліп, бұрынғы қызметкер келгенде орынды босату керектігі туралы жаңа қызметкерге ескертіледі.
Сынақ мерзімі - 3 айдан аспау керек.
Егер еңбек шарты жасалса жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа алу туралы бұйрық шығарып, оны жұмысқа алынушыға ескертуге міндетті.

Еңбек шартын бұзу немесе тоқтату жағдайлары:
Жұмысқа тұрушы әскер қатарына шақырылса;
Қылмысына байланысты жазаланғанда бұрынғы жұмысын жалғастыру мүмкіндігінен айырылғанда;
Қызметкер қайтыс болғанда;
Әрекетке қабілетсіздікті сот танығанда;
Қызметкердің өз ұсынысы бойынша (бұл туралы қызметкер 1 ай бұрын ескерту тиісті) ;
Денсаулығына, зейнеткерлік жасқа жетуіне, басқа жерлерге мекен - жайын ауыстырғанына, т. б. байланысты жұмысын жалғастыра алмайтын жағдайда және еңбекақысын өз уақытында ала алмаған жағдайда қызметкердің өз бастамасымен еңбек шартын бұзады немесе тоқтатады;
Жұмыс берушінің бастамасымен: а) егер кәсіпорын жұмысы (немесе жеке тұлға) тоқтатылса; ә) жұмыскерлердің саны немесе жұмыс орны қысқартылса еңбек шарты тоқтатылады немесе бұзылады.
Оқушылардың тапсырмаларын осы үлгілерді қарай отырып тексересіз, бағалайсыз. Оқушылар мұғалімнің көмегімен тақырыптың мазмұнын меңгереді.

Жұмысты ұзақ сарсылып көп іздеген азамат Ә. ақырында бір фирмамен еңбек
шартын жасауға келісті. Азамат Ә. бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертті. Онда жалақыға қосымша кесімі төлем қойылады. Азамат Ә. заңгерге келіп, әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме деп сұрап, кеңес алды. Заңгер қазір бәрі де солай істейді, - деп жауап берді. Азамат Ә. оған келісуі керек пе, заңгер дұрыс жауап берді ма?

Азаматша Қ. мекемеде 10 жыл істеген. Жаңа басшылық келгеннен кейін ол қызметкерлерге қойылатын талаптарын өзгертті. Жұмыс істейтіндердің бәрімен
бір жылға шарт жасай бастады. Азаматша Қ. онымен келіспейтінін білдіреді. Еңбек шартының ережелерін ол ешқашан да бұзған емес. Сондықтан, басшылықтың (әкімшіліктің) талабы заңсыз. Азаматша Қ. дұрыс (дәлелде) қарсылық білдіріп отыр ма?

“Сәйкестендіру тесті”
Сұрақтар
Жауаптар
Еңбекке орналасу үшін не істелінеді?
Еңбек шарты жазба түрде жасалады
Еңбек шартының азаматтық құқық шартынан айырмашылығы неде?
Белгілі мерзімге жасалған шарт
ҚР “Еңбек кодексінің” 12 бабында не туралы айтылған?
Еңбек шартының міндеті, қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді
Контракт деген не?
Сынақ мерзімі
Қызметкер жұмысқа қабылданғанда не ескеріледі?
Еңбек шартын түзеді

“Сәйкестендіру тесті”
Сұрақтар
Жауаптар
Сынақ мерзімі қанша уақытқа созылады?
3 күн
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz