Күкірт және оның қосылыстары


Slide 1

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Махамбет ауылы Махамбет ЖОББМ Химия пәнінің мұғалімі Лекерова Эльмира Қайратқызы

Slide 2

Күкірт және оның қосылыстары

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды күкірт және оның қосылыстарымен, химиялық қасиеттерімен таныстыру

2. Жоспарды пайдалана отырып, өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру, негізгі ойды бөліп қорытындылап, салыстыра білуге үйрету

3. Уақытты бағалауға, өз бетінше жұмыс істеп, қорытындылай білуге үйрету

Slide 4

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. (тест)

ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІV. Топқа бөлу

Слайдпен жұмысты қорғау

VІ. Өздік жұмыс

VІІ. Қорытындылау

Slide 5

Сұрақтар

А

Ә

Б

1

1. Таза оттекті бірінші рет алған ғалым

М. В. Ломоносов.

Б. Ә Бектұрұлы

К. Шелле

2.

ҮІ топтың негізгі топша элементтеріқандай жалпы атаумен біріктіріледі?

Халькогендер

Галогендер

Сілтілік элементтер

3

ОҒ2-дегі оттектің тотығу дәрежесі

-2

+2

-1

4

Адам организмінде оттек дене массасының қанша % құрайды?

61%

21%

80%

5

ҮІ А топ элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейінде қанша электрон бар?

3

5

6

6

Фосфордың металдармен қосылысы қалай аталады?

Фосфин

фосфидтер

фосфаттар

7

Озон мен оттектің ұқсастығы

Агрегаттық күйінде

Молекула құрамында

Химиялық белсенділігі

8

Оттек және күкірт атомдары бір-бірімен . . . . . ұқсас

Ядро зарядтары бойынша

Энергетикалық деңгей саны бойынша

Сыртқы деңгейдегі электрон саны бойынша

9

Оттек мынадай тотығу дәрежесін көрсетеді

0, -2, +2, -1

0, -2, +4, +6

-2, +2, +6

10

Қандай суды кермек су деп атайды?

Дистилденген суды

Кальций мен магнийдің еріген тұздары болса

Кристалдық суды

Тест

Slide 6

Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасаң алтынға ұқсайды

бұл не деп ойлайсыңдар, балалар?

Иә, бұл күкірт.

Ендеше бүгінгі сабағымызда «Күкірт және оның қосылыстары»

туралы әңгімелейтін боламыз.

Сыныпты 4 топқа бөлу.

«Күкірт және оның қосылыстары» тақырыбы бойынша оқушылардың

слайд бойынша жұмыстарын қорғауы.

І топ «Күкірт»

ІІ топ «Күкіртсутек»

ІІІ топ «Күкірттің (ІV, VІ ) оксидтері

ІҮ топ « Күкірт қышқылы»

Slide 7

Күкірт және оның қосылыстары

Күкіртсутек

Күкірт қышқылы

Күкірт

Күкірт оксиді

Slide 8

Күкіртсутек

Н2S

Slide 9

Табиғатта таралуы және физикалық қасиеттері

Күкіртсутек -шіріген жұмыртқа йісті, түссіз газ.

-60°с-та сұйық күйге ауысады. ал -86° с-та қатады.

Күкіртсутек табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында, емдік қасиеті бар минерал суларда кездеседі(Алма-Арасан т. б)

Күкіртсутек өте улы, оның өте аз мөлшерімен тыныс алғанда адам есінен танып, тіпті өліп те кетуі мүмкін.

Күкіртсутек тыныс алғанда гемоглобинмен байланысып, сал ауруын туғызады.

Күкіртсутекпен уланған адамды тез арада таза ауаға шығару керек.

Slide 10

Химиялық қасиеттері

Күкіртсутеке тотықсыздандырғыш қасиет тән.

2Н2S +O2→2S+2H2O S- тот-с-ш, O2- т-т-ш

Металдармен әрекеттесіп сутек бөледі, активтік қатарында сутекке дейін тұрған металдармен:

Н2S+Mg → Mg S+ Н2↑

Галогендермен әрекеттескенде сәйкес галогенсутек қышқылдарын түзеді: Br2 + Н2S →2HBr+S

Күкіртсутек екі негізді қышқыл болғандықтан, орта(сульфидтер) және қышқыл тұздар(гидросульфаттар) түзеді. Н2S+КОН →КНS+H2O

Slide 11

Алынуы:

Зертханада:

Н2S Кипп аппаратында алынады:

ҒеS+ 2HCI → Н2S↑ + ҒеCI2

Slide 12

Қолданылуы:

Күкіртсутек емдік қасиеті бар, буын ауруларын емдеуде күкіртті сутек ванналарында қолданылады

Күкірттісутектің тұздарымен түсі әр түрлі тұнба түзуі аналитикалық химияда ерітіндіден сәйкес металл катиондарын бөлуде және анықтауда қолданылады

Slide 13

SO2

SO3

Slide 14

Физикалық қасиеттері

Күкірт екі түрлі оксид түзеді:S(ІҮ) оксиді-SO2(күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл-өткір тұншықтырғыш иісі бар, түссіз газ

S(ҮІ) оксиді-күкірт ангидриді- SO3, ұшқыш, түссіз сұйықтық; олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкіртті қышқыл Н2SO3 және күкірт қышқылы Н2SO4 түзіледі, олай болса бұлар қышқылдық оксидтер

Slide 15

Алынуы

Зертханада: Күкіртті ауада жағу арқылы 2S+O2→ SO2

Өндірісте: 2ZnS+3O2 → 2ZnO+ 2SO2

2SO2+O2 → 2SO3

Slide 16

Химиялық қасиеттері

Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:

SO2+Na2O→Na2SO3

Негізбен әрекеттескенде тұз және су түзе жүреді

SO2+2 NaOH →Na2SO3+H2O

Slide 17

Қолданылуы

SO2-қантты, маталарды, сабынды ағарту үшін, қоймаларды аластау үшін қолданылады.

Slide 18

КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ

Н2SO4

Slide 19

Физикалық қасиеттері

Күкірт қышқылы-түссіз, ұшқыштығы төмен, тығыздығы 1, 84г\мл майлы сұйықтық

Кейде оны “купорос майы” деп атайды.

Ылғал тартқыш

Күкірт қышқылы суда жақсы ериді. Еру кезінде көп мөлшерде жылу бөлінеді

Ауадан және басқа газдардан су буын жақсы тартады

Slide 20

Химиялық қасиеттері

Күкірт қышқылы күшті және белгілі минералды қышқылдар ішіндегі тұрақтысы

Сұйылтылған күкірт қышқылына күшті қышқылдың барлық қасиеттері тән. Олар негіздік оксидтермен, негіздермен және тұздармен әрекеттеседі.

Кернеу қатарындағы сутектің оң жағындағы металдар сұйылтылған күкірт қышқылында ерімейді.

Slide 21

Сульфат иондарына сапалық реакция

Күкірт қышқылына және оның тұздарына барий тұздарының ерітіндісі реактив болып табылады. Ва2 катионы SО4 анионымен іс жүзінде ерімейтін ақ тұнба түзеді:

Ba2 + SO4 = BaSO4

Slide 22

Қолданылуы

Күкірт қышқылымен тікелей немесе жанама байланыспаған химиялық өндіріс салаларын айту қиын. Күкірт қышқылы жан-жақты қолданылуы бойынша бірінші орында тұр. Оны химия өнеркәсібінің “наны” деп санайды, себебі басқа қышқылдарды алуда, мұнай өнімдерін тазалауда, қант өндірісінде, өсімдік майын тазалауда, газдарды құрғатуда, сода, бояу, жасанды талшық өндірісінде, органикалық синтез және т. б. қолданылады

Негізгі химиялық өнеркәсіпте күкірт қышқылы тыңайтқыштар алуда қолданылады

Slide 23

Сульфаттар

Күкірт қышқылының тұздарын сульфаттар деп атайды. Күкірт қышқылы екінегізді болғандықтан, ол тұздарды екі қатарына түзеді: орта-сульфаттар және қышқыл-гидросульфаттар

Күкірт қышқылының тұздары да өте көп қолданылады. Күкірт қышқылы тұздарының ішіндегі тұздарына маңыздыларына мыналар жатады:

Кальций сульфатыCASO4 кристалгидрат түрінде кездеседі:гипс, алебастр. Гипсті кыздырганда ол алебастрга айналады. Алебастрды медицинада сынақтың сыртынан орап таңуда және тіс протезін дайындауда қоолданады

Slide 24

Күкірт

S

Slide 25

Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы

Slide 26

Физикалық қасиеттері

Күкірт -сары түсті, қатты кристалды зат

Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, пластикалық

Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түріндетұйықталған сегіз атомнан тұрады

Суда күкірт ерімейді, спирт пен эфирде нашар ериді; бензолда, күкіртті көміртекте және т. б. жақсы ериді

Slide 27

Химиялық қасиеттері

Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады

күкірттің жай заттармен әрекеттесуі

күкірт жоғары температурада сутекпен әрекеттеседі

Жоғары температурада күкірт фтормен және оттекпен әрекеттеседі(жанады)

Slide 28

Табиғатта таралуы

Күкірттің табиғи қосылыстары

Балқаш, Шығыс Қазақстан облысында сульфидтер( ZnS, PbS, FeS, т. б) күйінде болса, сульфаттары

(СаSO4. 2 H2 O, Na2 SO4 . 10H2 O, MgSO4 . 7H2 O) т. б болады

Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі

Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады

Slide 29

ҮІ. Өздік жұмыс.

І топ

1. Күкірттің химиялық таңбасы


Ұқсас жұмыстар
Вулкандық күкірт кендері
Қаланың атмосфералық ауасының экологиясы
Химиялық қасиеті
VIA топ элементтері
Күкірттің қолданылуы
ХИМИЯЛЫҚ ШИКІЗАТ ӨНДІРІСІ
Куміс айна реакциясы
Күкіртсутекті толық утилизациялауды шешу жолдары
Электролиттік әдіс
Күкірт қышқылы. 9 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz