Командаларды таныстыру


Slide 1

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

1. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің мән-маңызы жайлы әңгіме жүргізе отырып, қазақ тілінің қоғамдағы атқаратын рөлі, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін арттыру.

2. Қазіргі замандағы өзекті мәселелерді оқушыларға өз бетімен шешуге дағдыландыру, туған елін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге шақыру.

3. Оқушылардың сөздік қорын дамыту, оларды өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Slide 2

Қолданылған әдістер:

Сұрақ-жауап, ой шақыру,

пікірсайыс, талдау, түсіндіру.

Көрнекілік құралдар:

Мақал-мәтелдер, ұран сөздер,

интерактивті тақта, эмблемалар.

Slide 3

Кіріспе:

Бүгін, балалар, біз сендермен пікірсайыс

сабақ өтеміз. Сабақта мынадай 3 тақырып

төңірегінде әңгіме жүргізбекпіз:

“Жаңа жылды қашан тойлаған жөн?”

“Қазіргі таңда қазақ тілін білу маңызды ма?”

“Бүгінде білім бізге қажет пе?”

“Сыпайы сызып айтады,

Шешен қызып айтады,

Шорқақ үзіп айтады,

Шалағай бұзып айтады”, - дегендей, командаларымыз сайысты бастайды. Кімнің сызып, кімнің бұзып, кімнің қызып айтатынын байқалық.

Slide 4

Командаларды таныстыру

1 команда - “Жалын”

Ұраны:

Біз жалынды жастармыз,

Көп білуге құштармыз.

Slide 5

Командаларды таныстыру

2 команда - “Ұшқын”

Ұраны:

Білім қуған жандармыз,

Ұшқыннан от боп жанамыз.

Slide 6

Командаларды таныстыру

3 команда - “Ғалым”

Ұраны:

Білім алмай ғылым жоқ,

Шығамыз біз ғалым боп.

Slide 7

Командалардың сайысы

Жеребе алып, екі команда “Жаңа жылды қашан тойлаған жөн?” деген тақырыпта сайысады.

1- команда: “Жаңа жылды

1-қаңтарда тойлаған жөн”.

2-команда: “Жаңа жылды

22-наурызда тойлаған жөн. ”

Slide 8

Наурыз

. . . Көк Наурыз, көктем Наурыз, есіл Наурыз,

Мейрам боп келдің екен, көсіл Наурыз!

Ақ үйді қуанышқа толтырып бір,

Ән айтқан бозбалаға қосылды-ау қыз. . .

. . . Әр үйге кіріп-шығып жүрсің, Наурыз,

Солмайтын жұрт қолында гүлсің, Наурыз!

Мен қалай мәзболайын, кең өлкеме,

Көктемді ертіп келіп жүрсің, Наурыз!

Сәкен Сейфуллин.

Slide 9

Жаңа жыл

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан.

С. Оңғарбаев.

Slide 10

Наурыз

Бұта біткен бүрленіп,

Дала әсем түрленіп.

Масайрады бар әлем,

Құтты Жаңа жыл келіп.

Басы барлық ырыстың,

Басы барлық ұлы істің.

Құтты болсын Наурыз -

Ұлы күні Ұлыстың.

Slide 11

Мақал-мәтелдер:

Мың шыбық шаншып өсірсең,

Халқыңа орман салғаның.

Халқыңа орман салғаның,

Өзіңе қорған салғаның.

Көктемеде жерге түскен бір дән,

Күздемеде мың дән болады.

Көктемнің бір күні

Қыстың мың күнін асырар.

Жаңбыр жауса, жер тоқ,

Егін ексе, ел тоқ.

Бұлақ ақса, көл тоқ,

Еңбек етсе, ер тоқ.

Slide 12

Командалардың сайысы

Жеребе алып, екі команда “Қазіргі

таңда қазақ тілін білу маңызды ма?” деген тақырыпта сайысады.

1- команда: “Қазіргі таңда қазақ тілін білу аса маңызды ”.

2-команда: “Қазіргі таңда қазақ тілін білу аса маңызды емес”.

Slide 13

Қазақ тілі туралы:

Қазақ тілі - сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет берер ғажайып кемел тіл.

***

Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі,

Ұлттық салт-сана өзегі.

Бауыржан Момышұлы.

Slide 14

“ҚР Тілдер туралы” Заңының 4-бабы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Slide 15

Деген екен. . .

Тілі бар халық - халық,

Тілі жоқ халық - балық.

Шерхан Мұртаза.

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан Уәлиханов.

Тілім менің - байрағым.

***

Тілді тістеп жүру үшін бермеген.

***

Топтастыратын да тіл,

От бастыратын да тіл.

Қадыр Мырза Әлі.

Slide 16

Мақалдар:

Ең тәтті де тіл,

Ең ащы да тіл.

Ең жұмсақ та тіл,

Ең қатты да тіл.

Тіл жетпейтін түкпір жоқ.

Тұлпар қайыра алмағанды тіл қайырады.

Қызыл тіл - жанның мияты,

Абырой - ердің қуаты.

Тілменен түйілген тіспенен шешілмес.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Алгоритм әрекеттерін ретімен жаз
Артықшылық тары
Қиып алынған объектіні кірістіру
Операциялық жүйенің стандартты қосымшалары
Компьютерлі желілер
Paint редакторының терезесі
Дербес электрондық есептеуіш машинаның архитектурасы
Компьютерлік желілер
Жартылай өткізгішті жады құрылғылары
Интернетке кіру үшін дауыстық командаларды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz